«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет198/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Ұстаздық мамандандыру
– ұстаздық мамандық шеңберіндегі нақты қызмет түрі. Ол 
нақты еңбек заттарымен және нақты маман қызметімен байланысты. 
Ұстаздық біліктілік
– белгіленген тапсырманы шешуде маманның мүмкіндігін 
сипаттайтын кәсіптік ұстаздық дайындық түрі және деңгейі. 
Ұстаздық мамандықтар «Білім» кәсіптік тобына біріктірілген. Мамандықтардың негізгі 
дифференциация болып табылады: 
а) білімнің пәндік саласы (әдебиет, химия, математика және т.б.); 
б) тұлғаның дамуының жастық кезеңдері (мектепке дейінгі, бастауыш оқушысы, 
жасөспірім және т.б.); 
в) психофизиологиялық және әлеуметтік факторлармен байланысты тұлғаның даму 
ерекшеліктері (есту қабілетінің, көзінің, ойлау қабілетінің дамуы, дивиантты тәртіптің 
нашарлауы). 
Көріп отырғанымыздай, тәрбиеші – бұл жеке кәсіп емес. «Тәрбиеші» мамандық та, 
мамандандыру да бола алады. Ұстаздық кәсіптік арасында мамандандыру тәрбиелік 
жұмыстар бағыттары бойынша ұстаздық қызмет түрлерін бөлуге әкелді (еңбектік, 
эстетикалық, құқықтық және т.б.), ол әр түрлі ұстаздар қызметінде интеграцияны тиімді 
қолдануға мүмкіндік береді. 
1.4. Тәрбиешідегі «Мен-тұжырымдамасының» қалыптасуы 
Шетел зерттеушілерінің сонымен қатар отандық зерттеушілердің кәсіби карьераны құру 
туралы мәселені түсінудің көптеген жақтары бар. 1993 жылы РАО жастар Институтында 
құрылған кәсіби тұжырымдаманы өзіндік анықтаудың соңғы нұсқаларының бірі 1986 
жылдан бастап белгілі болған жеке тұлғаның дамуы «Менің тұжырымдамам» Р.Бернсоммен 
негізде құрылды. Кәсіби үрдісті өзіндік анықтау (карьераны құру) – бұл әр түрлі нұсқалардың 
ретімен тұрақты таңдалуы. «Мен - тұжырымдамасы» адамның есею шамасы бойынша 
тұрақты өзгеріп тұратын тұтас білімге қатысты ретіндегі негізге байланысты. 
«Мен - тұжырымдамасы» оң қалыптастыру бағдарламасы педагогика кәсібін дайындау 
үшін арнайы тағайындалған, ол мынадай қалыптасудалардан тұрады: 

жеке біліктілік – жетістік түсінігін кеңейту; өзіндік құрметтеу және 
басқаларды құрметтеу; өзін білу; өзіне сенімді болу; өзінінің бойындағы 


440 
440 
қаситеттерді көрсете білу, байланысты беру және қайтару, нәтижелерді 
бақылау және белгілеп отыру; 

топтық біліктілік – топтың жұмыс істеуін түсіну; бірлесіп жұмыс істеу 
қабілеттілігі; бір-біріне шыдамды қарау; оларды қолдау; олардың күшті 
жақтарын іздестіру, көшбасшылықтың әр түрлі стилдерін анықтау; ақпарат алу 
қабілеттілігі және онымен бөлісу; 

басқару біліктілігі – күнделікті мақсаттармен жұмыс істеу қабілеттілігі, 
приоритеттерді орнату; өз уақытын бақылау; мақсаттарды шешу және шешім 
қабылдау; келісім сөздер жүргізу қабілеттілігі. 

жеке тұлғаның өзін жүзеге асырумен байланысты біліктіліктер – нақты 
өзіндік презентация, өзіндік бағалау, сындық және талдамалық ойлау, жеке 
алған мақсатқа жету, жеке бақылауды дамыту

басқа адамдармен тиімді өзара байланысты қамтамасыз ететін 
біліктіліктер – коммуникация, эмпатия, кооперация, қолдау-көмек, достық, 
көшбасшылық, топта позитивті өзара әрекет ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет