Еліктеу сөз, Одағай». [1] Қазақ тілін ұтымды үйрету жолдардың бірі тірек-сызбаларды қолдану. Оның негізгі
мақсаты: тірек-сызбалар арқылы сөздік қорын молайту, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Сондықтан сабақ барысында мен көптеген тірек-сызбаларды жиі қолданамын.Күтілетін
нәтижесі: оқушы жаңа сөздерді тез меңгере алады, мемлекеттік тілге қызығушылығы артады,
әрбір баланы жан-жақты тани аламын. Мысалы: 5-сыныптағы «Достар» мәтіні бойынша
оқушыларға төмендегі берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің мазмұнына сай екендігін
айтқызамын.
1.Адам досымен, ағаш тамырымен мықты. 2.Досыңның көзінде болғанша, көңілінде
бол. 3.Жолдасы көптің-олжасы көп.
І. Мысалы: Әсия қандай дос екендігін кесте арқылы сипатта. Мейрімді Адал
Әсия Ашық Ықыласты [3]
ІІ. Кестені толтыр Досыңның мінезі Досың қандай болу керек? Досым сабырлы, салмақты, үлкенді
сыйлай біледі, үнемі көмек қолын созады,
досын ұятқа қалдырмайды. Т.б.
Мейрімді, адал, ашық, әділ, шыншыл,
батыл, ержүрек, әдемі, сыпай, сабырлы,
ақылды болу керек. т.б.
Мен өз сабақ жоспарын құруда бірнеше технологиялардың элементтерін қолдана
білемін.Солардың бірі деңгейлік оқыту. Деңгейлік тапсырмаларды жеңілден қиынға,
қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатындай етіп құрамын.Кейбір
оқушылар оқу жылының ортасына қарай міндетті деңгейден күрделі тапсырмалар орындауға
көше бастаса, кейбірі қарапайымнан міндетті деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшеді.
462
462
Тапсырмаларды орындау барысында байқағаным – оқушылар төмендегідей тапсырмаларды
орындауға құмар.
қарапайым тапсырмалар міндетті деңгейдегі тапсырмалар