«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет323/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
Әдебиеттер:
1.Қазенова Г Ойын арқылы оқыту. //Бастауыш метеп, 2001, №4 12-13б. 
2.Подласый И.П. Педагогика. Москва, 2002. 
3. Қайыпова Ш. Танымдық белсенділік тәсілдері. // Қазақстан мектебі, 2005, №2, 32-34бет. 
4.Исаев С., Мұқышева М. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. , Алматы, Атамұра, 2002, 
112бет. 
5.Жұмабаева А.Е.Әбдрахманова Ж.Қ. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім 


723 
723 
беретін 3-сыныбына арналған. – Алматы, Атамұра, 1999, 88 бет. 
 
ОЙЫН – ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ 
ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ 
 
ҚМҚК «Алпамыс» балабақшасы 
Тәрбиешісі Абильжанова А.С. 
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт 
Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде 
баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен 
түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру 
ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп 
жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау 
үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-
әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында 
адамгершілік сапаларды қалыптастырады. 
Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін 
жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды 
қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген 
қызығушылығын арттырады. Сондықтан қазіргі педагогика ғылымы – баланың тұлғалық 
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуда. 
Сол технологиялардың бірі – ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар 
технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері 
мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген 
жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Баланы 
тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін – өзі 
басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады. 
Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол 
ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен 
байланысты.Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік 
дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. 
Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту 
ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, 
заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын 
ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және 
сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, 
балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны 
танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті 
меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай 
білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың 
атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, 
қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен 
қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-
тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген 
жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп 
өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану 
арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай 
ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті 
ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», 
«Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», 


724 
724 
«Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта». Ал сөздік ойын 
арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды 
сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», 
«Жалғастыр», «Үш сөз ата». Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына 
ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», 
«Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды 
да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың 
сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. 
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау 
сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге 
әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып 
табылады. 
Мектепалды даярлық сыныптарында сабақтың өн бойы ойын әрекерін ұйымдастыру 
арқылы жүзеге асады. Себебі, 5 – 6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды 
қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шуғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. 
Ойында баланың қарым – қатынасы кеңейіп,таным қабілеті өседі, мінез – құлық 
қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, 
мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Көп ойнаған 
адамның дүниетанымы кең, жаны таза,жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ. 
В.А.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы 
мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың 
рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын 
дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген. 
Ойындарды әрбір сабақта түрлендіріп қолдануға болады, көрнекіліктер тартымды 
болса балалар қызыға қатысады. Оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын 
арттырады, сабақ қызықты өтеді. Ойын белгілі бір қабілеттерінің қосындысы, оны былай 
көрсетуге болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + қиял. 
Зейін 
Қажетті ақпаратты алу және артығын ығыстыру үдерісін сипаттайтын маңызды қасиет. 
Ол нақты қасиеттерге ие: көлемі, тұрақтылығы, шоғырлануы, таңдамалылығы, бөлінуі, 
алмасуы және ырықтылығы. Айтылған қасиеттердің әрбіреуі бұзылса, баланың мінез – құлқы 
мен іс – әрекетіне ауытқушылықтар болады. Зейін бөлу қабілеті нашар дамыған, бала бір 
уақытта бірнеше жұмысты қатесіз орындай алмайды. Зейін ырықтылығы жеткіліксіз, тағы 
басқа ауытқулар. 
Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыстар қажет. 
Мұндай жұмыс екі бағыт бойынша жүруі тиіс: 
Зейіннің негізгі қасиеттерін жаттықтыратын арнайы жаттығуларды қолдану. 
Жеке тұлға қасиеті ретінде зейінділікті қалыптастыру жаттығуларын қолдану. 
Қабылдау 
Қоршаған әлем туралы ақпараттың шамамен 80%-н бала көру арқылы қабылдайды. 
Мектепалды даярлық жастағы балаларда көріп түсіну және қабылдаудың рөлі зор. Балаларда 
барлық талдағыштардың түрлері едәуір қалыптасқан, олардың негізінде сезімталдық түрлері 
дами түседі. Қабылдаудың дамуы мектепалды даярлық жасына дейінгі балаларға объектінің 
қасиеттерін тануға, бір затты екіншісінен ажыратуға, олардың арасындағы байланыс және 
арақатынастың бар екенін анықтауға мүмкіндік береді. 
Ес 
Мектепалды даярлы кезең есте сақтау және қайта жаңғырту қабілеттерін дамытуды 
күшейтумен сипатталады. Ес мектепалды даярлық жастағы балаларда ырықты сипат түрінде 
болады. Балалар өз алдарына есте сақтау міндетін қоя алмайды және ересектер мұндай 
тапсырманы қайта жаңғыртпайды. Сондықтан жаңа білім бала үшін қандай да бір маңызы 
болуы керек – осы ақпарат оның қызығушылығын қаншалықты оята алса, оны соншалықты 


725 
725 
жақсы есте сақтайды. Есті дамыту және ынталандыру арнайы жаттығулар мен ойындар 
ықпал етеді. 
Ойлау 
Баланың ойлауы – ересектердің ойлануынан ерекшеленетін басты күрделі процесс. 
Балалардың ойлауы белгілі кезеңдерде қалыптасады: 
1-Кезең. Көрнекілік – әрекетті ойлау. Бала өз іс – әрекетіне қарапайым тапсырмаларды 
орындайды – айналдырады, тартады, ашады, басады. Іс жүзінде ол себеп – салдар 
байланыстарды анықтайды, өзінше жасап көреді, қателеседі. 
2-Кезең. Көрнекілік – бейнелі (Нақты – заттық) ойлау. Бұл кезеңде балаға қолымен 
әрекет жасаудың қажеті жоқ, ол егер қандай да бір әрекет жасаса, не болатынын бейнелі 
(көрнекілі) елестетуге қабілетті. 
3-Кезең. Сөздік – логикалық (абстрактілі — логикалық)ойлау. Балалар үшін ең кұрделі 
– ойлау процесі. Мұнда бала нақты бейнелермен емес, керісінше, кұрделі анық 
түсініктермен, айтылған сөздермен әрекет жасайды. 
Қиял 
Мектепалды даярлық жастағы кезеңде қиял функциялары аса белсенді дамуымен 
ерекшеленеді. Ол балаларға ертегідегі бейнелер мен оқиғаларды шынайы қабылдауға 
мүмкіндік береді. Психикалық бейненің кез келген формасы сияқты фантазияны дамытудың 
позитивті бағыты болуы керек. Ол енжар арманшылдыққа ұласып кетпей, шындық өмірді 
қиялданумен ауыстырып алмай тұрғанда, қоршаған ортаны жақсы тануға, жеке тұлғаның 
өзіндік ашылуына және өзіндік жетілуіне көмектесуі керек. 
Қорытынды: 
Қорытындылай келе, балалардың белсенді іс – әрекеті дамытудағы ойындар, 
жаттығулар, еркін ойындар, танымдық тапсырмалар арқылы балалардың бастамашылығын, 
байқампаздығын, белсенділігін, даралығын, дарындылығын, қабілетін, шығармашылығын 
дамыта отырып бала бойына құзырлылықтарың қалыптасуында: мейірімділік, инабаттылық, 
сұлулық, жақсылық, еркіндікке дағдыларын таба білу. 
Балаларды бір – бірімен, үлкендермен жағымды қарым – қатынаста, ұйымдаса ойнауға, 
өзгенің пікірімен санасуға, тәртіпті болуға, жеке өз бетінше әрекет етуге, емін – еркін 
демалуға тәрбиеленеді. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
Тіл дамыту әдістемелік құрал. Алматы кітап 2008 
2. К.С.Құдайбергенова Құзырлылық білім сапасының критерийі:әдіснамасы және 
ғылыми теориялық негізі. А.,2008. 
3. Б.Р.Аймағанбетова, А.А.Бейсенбаева. Жеке адамның дамуы. Алматы 2010ж. 
Жас ерекшеліктеп педагогикасы. Қ.Р.Б.және ғылым министірлігі С.А. Мусаева, Т.Б. 
Бегалиев «Фолиант» баспасы Астана-2012 
Мектепалды даярлық №2 2011 
Қ.Р.Б.және ғылым министірлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық 
орталығы «Ойнайық та, ойлайық» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет