722
722
Саусақ ойыны
-ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар
мәдени шығармашылық. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар
мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді
бейнелей алады.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық
етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік
қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық
жетілдіру, түзету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Ұлттық ойындар
– ата-бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты өткен күн мен бүгінгіні
байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, өнеріміз. Сондықтан оны
үйренудің, күнделікті өмірде пайдаланудың пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан
өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өмірімен жалғаса береді.
Ойын сан ғасырлар өтсе де адамзат баласына ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір
тынысы болып қала береді.
Достарыңызбен бөлісу: