734
734
Here I am, here I am.
How do you do?
Mommy finger2
Where are you?
Here I am, here I am.
How do you do?
Sister, brother, baby finger2
Where are you?
Here I am, here I am.
How do you do? [3]
Eat – don’t eat
Мақсаты: Заттарды топтастыра білуге үйрету. Заттардың атауларын ағылшын
тілінде атауды бекіту. Белсенді сөздікті дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға заттардың атын атайды. Балалар сол заттарды
«жеуге болады-жеуге болмайды» деп топқа бөліп ажыратады. Ойынды бір-біріне допты
лақтырып ойнауға болады.
алма – an apple
нан – a break
қияр – a cucember
мәшине – a car
кітап - a book.[3]
“Let's fly” ойыны
“Parts of the body”
тақырыбын өткенде
балаларға жаңа сөздерді меңгерту үшін “Let’s fly”
ойынын ойнатуға болады. Бұл ойында оқушылар
орындарынан тұрып, қолдарын екі жаққа көтеріп құс
тәрізді ұшады, бірге let's fly, fly, fly деп айтады.
Мұғалім “nose” деген сөзді естігенде мұрындарын ұстау керек. Қателескен немесе сөзді
білмеген бала ойыннан шығады. Сол сияқты “face, head, hand…”. Ойын нәтижесінде
балалар жаңа сөздерді тез меңгереді.[3]
Бұл ойындарды ойнау барысындағы алдыма қойған мақсатым, балалардың ақыл-
ой белсенділігін қалыптастыруда алған білімдерін тереңдете түсу.
Бұл ойындар
балалардың оқу іс- әрекетінде, олардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын
оятып, ынта ықылас қоюына баулиды
және балалардың зейінін, ойлау қабілеттерін
дамытады.
Ойын ұғымына түсінік беретін болсам, бұл баланың мінез- құлқына, өзі басқарумен
қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір- біріне көмектесу, тез ойлау
қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан да, осы ойындарды күнделікті
балалармен бірге қайталап, ойнап отыруға тырысамын.
Балабақшада берілген барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі
негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз дамыту үшін
сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор.
Біз «Бәйтерек» балабақшасында оқу қызметтерінің барлығында ойын әрекетін
кеңінен қолданамыз. Себебі баланың басты әрекеті ойын. Ойын арқылы бала өседі,
дамиды. Балаларымыз ойындарды қызыға, белсенді ойнайды. Ойын барысында тілдері
дамиды, жаңа сөздер үйренеді т.б.
735
735
Мектепке дейінгі
балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға
үйрету. Ағылшын тілі сабағында балалардын коммуникативтік, танымдық және басқада
белсенділіктерін арттыру, баланың еркіндігімен, өзін-өзі
шығармашылық тұрғысына
көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту жолдарында баса назар аударуымыз қажет.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға үндеу салды, барлығы,
әсіресе жас ұрпақ өкілдерін ағылшын тілін үйренуге шақырды. Сол себепті, біз
педагогтар ағылшын тілін бала бойына сіңіруге көп көңіл бөлуіміз керек.
Армансыз адам, қанатсыз құспен тең,- демекші, менің педагог ретінде де, еліміздің
әрбір бүлдіршіні терең білімді, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, еліміздің
дамуына өз үлесін қоса алатын азамат пен азаматша болып өсуіне сенімдімін.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Құлжанова.Н. Ойын мақсатын талдау және ойын мәні// - 2001.
2.
Кадыргалиева С.И. Есбергенова Г. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын
тіліне оқыту. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. 2011 ж.
3.
Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағы. Әдістемелік құрал. Астана. 2013ж.
Достарыңызбен бөлісу: