ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Кульжанова А.Ж
КГКП № 16 д/с Алтынай
Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңде басталып, адаммен өмір бойы ілесіп жүретін
ерекше қызмет түрі. Қазақ халқында «баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Бала
ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады.
Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы танымы, түйсігі
қалыптасады. Ойын – баланың жан серігі. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай
қарағанда қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты
басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойынға зер салып, ой
жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінің
байқаймыз. Өйткені, ең алдымен не нәрсенің болсын жол бастар қайнар көзі болатыны
белгілі. Сон-дықтан да ойын – бала бойындағы қандай да болмасын бір өнердің бастауы деп
білеміз. Өйткені, болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлерінің нышаны
ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарының
шыңдай түседі. Жазушы Е.А. Аркин өз сөзінде былай деген екен: «Балаға қуаныш сыйлай
730
730
отырып, оқыта-тәрбиелеуге міндеттіміз».Балаға білім беруде ойын арқылы жан-жақты
дамыту жүйесін құру проблемасы туып отыр. Білім жүйесін жаңаша ұйымдасты- ру кезінде
баланы дамыту,қалыптастыру сапалы білім беру үрдісін дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі
тууда. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде оқу-тәрбие үрдісін іске асырудың бір жолы
балаларды ойын арқылы оқыта отырып дамыту. Біздің тобымызда ойын арқылы оқытуды
жаңаша ұйымдастыру дәл қазіргі уақытта қажет деп отырмыз. “Ой-ойыннан басталады ”
десек, баланың ойын жетілдіріп сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыру үшін тәрбиешілер
қолданатын басты әдісі ойын болуы керек. Ойын- бала үшін оқу да, еңбекте. Ойын-
айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды
жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. В.
Сухомлинский: “ Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес,
ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі
жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз –
ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жаңар оты” деген ой айтады. Ойын екі түрлі
уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Біржағынан бала бірден, осы мезетте
қуанышқа бөленеді; екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын
барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік
дағдылары қалыптасады.Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі
қалыптасады және көрінеді, ойынның негізгі, жалпы мәні де осында. Ойын жөнінде айтылған
философиялық көзқарастар әлем мәдениетімен тығыз байланысты. Сонау ерте замандағы
эллиндік және римдік халықтар өмір сүрген дәуірдің өзінде-ақ ойынды балаларды тәрбиелеу
құралына жатқызып, жауынгер ұландарды дайындау үрдісіне қосқан. Сондықтан да, қазіргі
заман талабына сай бала тәрбие- сінде, балалар ойындарына ерекше мән беріліп отыруы тиіс
деп, ойлаймыз. Егер, біз осы жобамызда жазғандай балалармен ойын арқылы жұмыс
жасайтын болсақ, онда біз баланың құндылығын, жан-жақты білімді болуын дамыта оты-
рып, мақсатқа жетер едік. Ойынмен ұйымдастырылған іс - әрекет балаларға көңілді, жеңіл
келеді. Сондықтан ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктерімен
жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.
Ойын – балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына
ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі,
мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-
бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.
Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған
қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек
ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың
өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.
Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі
жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған
білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу
өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын
құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың
өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.
Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі
үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды.
Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі
(кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық
танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетедіДидактикалық ойын барысында
есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен
әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне,
түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша
ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына
еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек
731
731
суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен
тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар
қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады,
кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық,
жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар
тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық
мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның
қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның
мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер
бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың
өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде
қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес,
философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін
зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының
психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені
де мәлім. Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың
негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп,ойын
ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған
қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде
қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу
түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы - балалардың бойында өнердің,
білімнің, тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.
Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады.
Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық
сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді
армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі
болып табылады. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып
өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені
жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!
Қорыта келгенде: дүниеге ұрпақ әкелген соң, оған дұрыс тәлім – тәрбие беру, әрбір ата –
ананың парызы. Бүгінгі бала ертеңгі ел болашағы. Оларға сапалы білім, тәлім – тәрбие беру
тек мұғаліммен ата – ананың еншісі. Мектеп жасындағы баланың адам болып қалыптасуы
үшін мектеп пен отбасының парызы басын тең ұстауы қажет. Ендеше, ата – ана мен ұстаз өз
перзентін мәдениетті адамгершілігі мол, білімді, құзіретті, ата салтын, ана тілін қастерлейтін
ұлтжанды туындап отырса, біздің жобамыз осы мәселені шешуге қызмет ететін құрал деп
санаймыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
«Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар Алма-Ата «Жалын» 1987 г.
«Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев
Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
«Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев.
Алматы «Балауса» 1992 ж.
1.Бала тәрбиесі, № 12, 2007ж.
2.Бала тәрбиесі, № 5, 2007ж.
3.Қазақстан мектебі, № 2, 2007ж.
4.Тәрбие құралы (мұғалімдер мен ата – аналар үшін), №4,
5.2007ж.
«Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 20
732
732
Достарыңызбен бөлісу: |