«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН АҒЫЛШЫН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ



Pdf көрінісі
бет328/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН АҒЫЛШЫН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ 
 
Тяжина Ж.Б 
КМҚК «Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі 
Қарағанды қ.
 
Казіргі таңда еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев алдымызға үш тұғырлы тіл; қазақ 
тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым - қатынас тіл, ағылшын тілі - халықаралық тілді 
меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. Осыған байланысты қай тілді меңгерсек те оны 
әдемі, таза, шебер сөйлей білуміз керек.
Көптілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, 
баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің 
ең басты талабы.Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет. 
Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым 
көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде 
дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек 
жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың 
дамуы ерте жаста бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған 
тиімді екені айтылуда. 
Мектепке дейінгі жас – шет тілін үйренуді бастау үшін ең тиімді жас: осы жастағы 
балалар тіл құбылыстарына ерекше зеректерімен ерекшеленеді, өздерінің сөйлеу 
тәжірибелерінің мағынасына, тілдің «құпияларына» қызығушылық пайда болады. Олар 
өткен мәліметтерді жеңіл және тез есте сақтайды. 
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы
балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске 
жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген 
сенімділігін арттырады.
Ойын – ұйымдастыру тәртібі мен оқу қызметін өткізудің әдістемесі болып 
саналады. Сол арқылы балалар белгілі бір ағылшын лексикасының қорын жинақтайды, 
көптеген тақпақтар, әндер мен санауларды жаттайды. 
Оқытудың ойын әдісі өте пайдалы болып келеді, өйткені балаларды ой еңбегіне 
бірте-бірте үйренуге мүмкіндік береді. Ойын әдісінің кеңінен қолданылуы ойынның бала 
қуанышының көзі ретінде ғана айқындалмайды, сонымен қатар ол оқыту міндеттерін 
шешудің ең негізгі жолы болып табылады.Ойындарды мектепке дейінгі балаларының 
оқу-іс-әрекеттеріде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет. Ойынның міндеті баланың 
қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты 
мазмұнымен 
анықталады.Ойындар 
жаңа 
тақырыптарды 
өткенде, 
сөздерді, 
грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтыруға арналған 
жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Тәрбиеші ойындарды сабақ кезінде 
қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. 
Таңдап алынған ойындар балалардың сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек. 
Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін тәрбиеші алдын ала жоспар құрып алуы қажет. 
Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет: 

Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі; 

Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі; 
Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. 
нақтылануы қажет; 
Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы; 


733 
733 
Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал- мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің 
таңдалынып алынуы; [2] 
Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, дидактикалық ойындар, 
бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде 
де 
ойналады.
Сонымен қатар мен өз тобымның балаларымен ағылшын тіліне деген 
қызығушылықтарын арттыру үшін ойын түрлерін, сергіту сәттерін, амандасу, қоштасу, 
санамақтарды балалармен бірлесе отырып жаттап және күнделікті іс- әрекетімде 
қолданамын.
Қызықты ойындардан кейін балалар тез серігіп, тапсырманы зор ықыласпен 
орындап, тәрбиешімен бірге қайталайды. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет