«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ



Pdf көрінісі
бет330/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ 
Китанова Т. К., Сарсекеева С. К.
№2 «Батыр» санаторлық балабақшасы 
Ерте кезде мақалсыз, мағынасыз сөйлеген қарияларымыздың сөзінің қадірі болмаған. 
Мақалдап, мәтелдеп маңызды сөйлеуді – борышым деп санаған. 
Мақал-мәтелді 
әуел баста жеке адамдар шығарған, біреуден-біреу жаттау, ауызекі айта 
жүріп, өзгеріп жалпы халықтық мұраға айналған, яғни өмірден көрген-білгендерінен 
жасаған ақыл-ой қорытындысы екені мәлім. Оны айтылған сөзді көркейту үшін ғана емес, 
көркем шығармаларда да көп қолданады. Ақын-жазушылар ғана өз шығармаларында 
қолданып коймайды, әрбір мәдениетті, сауатты адам өмір қайығында заманына қарай оны 
өңдейді, өз жанынан шығарады. 
Мысалы: 
«Оқу – өмір шырағы, кітап – білім бұлағы»
десе, оны 
«Жыланның күші – тілінде, ғалымның күші 

 білімде»
деген теңеулермен салыстыра 
қолданады. 
Мақал мен мәтелдер — 
халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан бері келе жатқан көркем 
жиынтық. Акылыңа ақыл, болашағыңа дұрыс бағыт сілтейтін, өмірдің жағымды-жағымсыз 
кезеңдерін танытатын өнегелі өсиет айтылған халықтың ұшан-теңіз даналығы сақталған сөз 
бен ой, тәжірибе елегі. Ал көркем әдебиетті өр сөздің бояуын шешетін, ойдың мағынасын 
толықтыратын, ұтымды да ықшамды қолданылатын әдемі тұлға. Сондықтан халқымыз 
«Сөздің көркі – мақал»
деп бағалаған. 
Мақал 
аяқталған бір тиянақты ойды білдіріп мағына берсе, керісінше, мәтел-жеке ойды 
бере алмайды, тек бір ойды, пікірді айқындау қызметін атқарады. Осындай әрқайсысының 
өз алдында ерекшеліктерін түсінуде этнограф, жазушы В. И. Даль: 
«Мақал – халық сөзімен 
айтқанда – дән, ал мәтел – гүл»
деген. Осылайша мақал мен мәтел халықтың тұрмысын, 
кәсібін, салтын, дүниеге көзқарасын білдіріп бейнелейтін жанр, яғни ауыз әдебиетінің бір 
саласы. Ауыз әдебиетінде мақал мен мәтелдің тақырыпқа байланысты араласпайтын жері 
жоқ. Мақал мен мәтелге жақын жанрлар –шешендік және нақыл сөздер. Шешендік пен 


736 
736 
нақыл сөздердің мазмұны мен мағынасы жағынан өзара ұқсастықтары көп, кейде мақалды 
мәтелден ажырату қиын.[1]
Мақал-мәтелдер дегеніміз сөз арқылы ықшамды, өтімді түрде айтылатын белгілі бір 
күрделі ойлардың қорытындысы қоғамдық өмірдегі тұрмыс-салттағы болып өткен елеулі 
оқиғалар, мақал-мәтелдердің шығуына негіз қалаған. Өйткені көпшілік назарын аударатын 
кейбір іс-әрекеттер белгілі бір тиянақты ұғым, тұжырымды ой тудырып, мақал-мәтелге 
айналып отырған. Мақал-мәтелдер ықшам, бірақ толық бір ой-пікірді білдіріп, барынша 
жинақталған, бейнелі тіл байлығы болып есептеледі. Мақал-мәтелдер әркімнің құрғақ 
қиялының туындысы болмастан, қайта тұрмыстағы алуан түрлі құбылыстардан нәр алған 
өмір тәжірибесінің қорытындысы. Онда халықтың данышпандығы, асыл тәжірибелері және 
өткір де шынайы талғамдары бейнеленген. Көшпелі ата-бабаларымыз сонау ерте дәуірден-
ақ мақал-мәтелге ерекше мән беріп, оларды ақылмен байыптай алатын адамды қастерлеген.
Көшпелі тұрмыс салтында мақал-мәтелдер мектеп пен мұғалімнің, кітап пен баспасөздің 
қызметін атқарды. Ол айнала дүние туралы білімнің сығынды жиынтығы, өзінше шағын 
ауызекі энциклопедия ғана болып қоймай, ұстаздық, тәлімгерлік міндетті де атқарды. Адам 
бойындағы барлық жақсылықты паш етіп, жамандық атаулыны жерлеп, күлкіге, әзіл-оспақ, 
келекеге айналдырды. Ал мұндай ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі иланымды болды. [2] 
Мақалдар сөз салмағын ойлана айтуға үйретеді. «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», 
«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» сияқты мақалдар 
ақыл-ой мен зерделіліктің сөйлеу мәдениетімен тығыз ұштасып отыратынын мегзейді.
Мақал-мәтелдер тілдің адам өміріндегі рөлі туралы аз айтпаған. Жалпы, бейнелі сөз, 
шешендік өнерге құрмет – о бастан-ақ қазақ психологиясына ерекше тән сипат. «Қазақ 
шешендікке құмар, ол сөз өнерін, әсіресе әзіл-оспақты қатты сүйеді» деп тегін айтпаған 
Ш.Уәлиханов.
Сөз – күшті, қуатты, құдіретті қару. Халқымыз ойға олақ, сөзге шорқақ жанды әжуалап, 
аз сөйлеп, көп ойлап, логикаға жүгініп отыру қажеттігін «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас 
жарады», «Сөз – сүйектен, таяқ еттен өтеді», «Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен 
шығады», «Жүйелі сөз жүйесін табар» сияқты мақалдармен ерекше ескерткен. Сөйтіп, 
шебер де шешен сөйлей білу мәдениетті адамның асыл қасиеті болып табылған. 
Мақал-мәтелдер өте терең мағыналы, бейнелі сөздер арқылы адамдарға ғибрат, 
сабақ, көптеген тәрбие береді. Адамдарды ар-намысты болуға, адамгершілікті қастерлеуге, 
еңбекшіл, ақыл-парасатты, төзімді, ынсапты, пәк, көркем де иманды болуға, шыншыл, 
өнерлі, білімді болуға тәрбиелейді. Мақал-мәтелдердің өсиеттік маңызы, иландыру қуаты 
өте күшті болады. Себебі мақал-мәтелдер халықтың ұзақ жылдық тұрмыс-тәжірибелерінің 
қорытындысы негізінде жинақталған ой-пікірлерінің гауһары болып саналады. Сондықтан 
мақал-мәтелдердің оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіруде рөлі өте зор. Мақал-
мәтелдердің көбі өлең формасында ұйқасып келетіндіктен оны есте сақтау оңай болады. 
Бастауыш мектеп ана тілі оқулығында мақал-мәтел өте көп. Бұлардың барлығы мәтіндердің 
ішінде кездеседі және көптеген мәтіндердің соңына, мәтін мазмұнына сәйкестендіріліп, 
арнаулы орналастырылған. Оқыту барысында бұлардан аттап өтіп кетуге мүлде болмайды. 
Мақал-мәтелдерді оқытуда мыналарға көңіл бөлу керек: 
1) Мәтіндердің соңына қосылып берілген мақал-мәтелдерді сол мәтіннің мазмұнымен 
бірлестіріп, түсіндіру керек. Түсіндіруде мазмұн көлемінен шығып кетуге болмайды.
2) Мақал-мәтелдер – тіл жетілдірудің ықшам бейнелі бейнелеудің тамаша құралы, ол 
оқушылар тілін дамыуға анық та бай мазмұн қосады. Мазмұндама жазғанда немесе 
сөйлегенде мақал-мәтелдерді лайықты пайдаланса, мазмұндама немесе сөздің тілі 
жанданып, логикалық қуаты күшейіп, жалпыға бірдей түсінікті болып шығады. Сондықтан 
мақал-мәтелдерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын көбейтуге болады. 
3)
Оқулықтағы мақал-мәтелдерді жаттап алу керек.
Мақал-мәтелдер өмірдің сан алуан құбылыстарын кеңінен қамтып, қоғамдық, 
әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, яғни адамгершілік, еркіндік, әділеттілік, денсаулық, 


737 
737 
өнер, білім, тіл, т.б. турасында ықшамды, мағыналы, көркем тілмен айтылған өмір 
тәжірибелері, ой қорытындылары мен тұжырымдарының тереңдігін айқындайды. Мысалы:
Жақсы ай мен күндей, 
Әлемге бірдей. 
Үлкенге құрмет-кішіге міндет. 
Еңбек етсең емерсің. 
Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас.
Ел үмітін ер ақтар, 
Ер атағын ел сақтар. 
Батыр туса – ел ырысы, 
- дейтін мақал-мәтелдердің балалар үшін танымдық, тәрбиелік 
мәні зор болмақ. [3] 
 
Балалардың тілі шебер, ойы орамды болуы үшін ана тілі, қазақ тілі 
оқулықтарындағы мақалдармен шебер жұмыс жасау қажет. Балаларға алдын-ала берген 
тапсырмаларды тексеріп, мақалдың мағынасын ашқызу үшін пікірлерін тыңдау қажет.
Оқулықта кездесетін мақалдарға сай келетін оқиға ойластыру арқылы оқушылардың 
шығармашылық қабілетін оятуға болады. Үйренген мақалдарды орынды қолдану керектігі 
түсіндіріліп, «Сөз тапқанға – қолқа жоқ» сайысын, «мақалдата» айтысу жұмысын және 
«Мың бір мақал» сияқты ойындар жүргізу оқушы тілін, ойын дамытудың ең шебер құралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет