«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет322/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Дидактикалық ойынның
негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты 
немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындар 
барысында балалардың есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, 
заттарды пішініне, көлеміне қарай іріктеуге әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. 
Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі-
дидактикалық ойындар .
Оқыту 
тәжірибесінде 
дидактикалық 
ойындардың 
бірнеше 
түрі 
қалыптасқан.Атап айтқанда, 
түзете-дамыта оқыту
төмендегі ойын түрлері жиі 
пайданылады. «Қай әріпті жоғалттым», «Қай буынды жоғалттым», «Бос торкөзді толтыр», 
«Қызықты торкөз», «Сөйлем қуаласпақ», «Тыныс белгісін тап», «Екі-екіден жұпта», «Кім 
тапқыр», «Сөз ойла-тез ойла», «Ойлан,тап», «Кім шапшаң?», «Қай дыбыстан басталады», 
«Қағып алып, жауабын айт», «Сиқырлы сандық». 
Сюжеттік-рөлдік ойын
- бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе 
эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы 
топтардың сахналап ойнауы. 
Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка 
арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды 
ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Тәрбиеші балалардың мінез-құлқын ескере 
отырып рөлді өздері бөледі.[5,6б] 
Түзете-дамыта оқыту сергіту ойындарын өткізудің маңызы зор. Олар -
оқушылардың шаршамауына,демалуына әсер етеді. 
Ойын-балалардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.Оларды жалықтырмай әр 
түрлі ойын ұйымдастыру арқылы біз қызықты өткізуге тырысамыз. 
Тәрбиеші балаларға түзете оқу-тәрбие үрдісінде түрлі ойындарды пайдаланып, 
олардың танымдық белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда 
балалардың ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиетттерін дамытып, 
психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейiне жеткiзуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет