96
96
Отансүйгіштікке тәрбиелеуде қойылған міндеттерді шешу мақсатында топта пәндік-
дамыту орта қалыптастырылған. Қалыптастырылған орта арқылы туған өлке тарихын және
дәстүрлерін тереңінен білуге жағдай жасалған. Мұнда балаларға аталған тақырыпта
жазылған әдебиеттер кітіпханасы, балалармен жұмыс істеуге арналған «Қарағанды қаласы
бойынша экскурсия», «Қарағанды қаласының тарихынан», «Қарағанды қаласының
қаһармандары» атты альбомдар. Ойын бұрыштарында аталмыш тақырыптарда рольдік
ойындарды ойнатуға қажетті кұралдар жиналған. Мысалы, ұл балалар үшін әскери ойын
құралдары, қыз балалар үшін әскери санитарлар құралдары.
Жалпы әр дамыту бағыты бойынша жұмыс мазмұнын ашатын перспективтік жоспар
құрастырылған.
Жұмыс мазмұнын жүзеге асыру түрлі нысандар бойынша өтеді: балалармен әңгіме
құрастыруда, кітаптарды оқып, талқылау, Ұлы Отан соғысы туралы әңгіме құрастыру,
қаланың көріністеріне жаяу экскурсия жасау, әскери- патриоттық ойындарды ұйымдастыру.
Сонымен қатар жоспарға Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен кездесулердің, тақырыптық
көрмелердің, мерекелік шаралардың ұйымдастырылуы енгізілген. Мысалы, 7 мамыр —
Халық қаһармандарының күні. Осындай түрлі жұмыстарды қолдану арқылы балаларға білім
беру үрдісінің тиімділігіне әсер етіп, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеуге жағымды әсер
етіледі.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу отбасынан басталады. Бүлдіршін өз отбасының да
тарихын білу керек. Бала өз отбасын мақтан тұтса, өзін де сыйлай бастайды, жоғары
бағалайды. Арнайы отансүйгіштікке мәжбүрлеуге болмайды, нәтиже болмайды.
Сондықтан бүлдіршіндерді туған өлкесімен таныстыруда ата-аналармен тығыз
қарым-қатынас арқылы жұмысты ұйымдастыру керек. Осы бағытга да перспективтік жоспар
құралған. Жоспарға ата-аналар жиналыстарының, әңгімелердін, кеңес берулердің, түрлі
шығармашылық сайыстардың және көрмелердің ұйымдастырылуы еңгізілген. Топта ата-
аналарға арналған әдістемелік кітапхана жиналған.
Жастайынан туған өлкесіне деген сүйіспеншілік сезімі адам есінде өмір бойы қала
береді.
Мектепке дейінгі білім мекемелерінде рет-ретімен, жүйелі түрде ұйымдастырылған
жұмыс нәтижесінде бүлдіршіндерді болашақта жауапкершілігі жоғары, белсенді азаматтық
ұстанымы бар, туған өлкесіне қатыстығын сезінетін, халқын, Отанын, отбасын, сүйетін, өз
азаматтық парызын әрдайым өтеуге дайын болатын тұлға ретінде тәрбиелеуге әкеледі [4].
Сонымен, қорытындылай келе, Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген
патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім
адамда өзінен өзі, не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ
мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы
тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі коғамдық ой-пікірлердің әсер
етуімен қалыптасады. «Патриотизм - дейді ұлтымыздың батыры Б.Момышұлы, - Отанға,
мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік
кауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау.
Демек патриотизм дегеніміз - мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан
өткені мен бүгінгі күні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді». Қазақ халқының
өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ,
жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті Отанның қадірін ұғындыру, ар, намыс,
ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы
болашаққа бағыт сілтеу - әрбір педагогтің міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: