«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет38/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
«Бала мен балабақша» журнал. Алматы - №,2015ж
2.
Заманауи әлеміндегі ғылым мен білім. 2014ж 
3.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқыту стандарты. – Астана, 2011. 


89 
89 
БАЛАБАҚШАДА ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ СӨЗДІК
ҚОРЫН ДАМЫТУ 

«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК балабақшасы, Қарағанды қаласы 
Тәрбиешілер: Ниязалина А.Н. Мусаханова А.У. 
 
 
«Ойын – балалар өмірінде өте зор маңызы бар нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, 
қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала 
қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ 
қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады. 
А. С. Макаренко
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің 
балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап 
анықтап әрі байытып отыру басты міндет саналады. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі 
жетекші бола отырап балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната 
отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, 
ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Егеменді еліміздің талабына сай 
мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу 
педагогтар еншісінде.Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын 
ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту,байланыстырып сөйлеу мәдениетін 
жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. 
Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем 
әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне 
айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға 
болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану 
арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік 
қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде 
еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге 
жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік 
жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз 
балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен 
таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, 
өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта 
отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. 
Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап 
алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына 
ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен 
өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге 
тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін 
білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын 
үстінде қалыптасады. 
Ойын – мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын 
барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ойын барысында 
балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік 
алады, адамдармен араласуға үйренеді. Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл - ойын 
парасаттылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін 
қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың 
танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін 


90 
90 
қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын 
тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен 
тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама 
талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін 
арттыруға жағдай жасау мектепке дейінгі мекеме педагогтарының негізгі міндеті. Бүгінгі 
күні мектепке дейінгі жастағы балалардың толық интеллектуалды даму мәселесі әлі де өзекті 
болып отыр. Интеллектуалды толық дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы 
оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, айналасындағылармен 
тез тіл табысады. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ұйымдастырылған оқу 
– тәрбие үрдісінде зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамытатын және 
жаттықтыратын жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арқылы 
балалардың ойлау қабілеттері дамиды, сабаққа деген қызығушылықтары артады. Ойын 
барысында балалар педагогпен бірлесіп ереже бойынша қызықты тапсырмалар 
орындап,жағымды қарым – қатынас жасауы балалардың эмоционалды көңіл – күйлерін 
көтереді, сондықтан да дидактикалық ойынға қажетті құрал – жабдықтар, атрибуттар 
айшықты, мазмұнды безендірілуі де өте маңызды. Балалардың интеллектуалдық дамуына 
әсер ететін жаңа ойын технологиялары да біздің балаларға танымал. Мысалы: Логикалық 
тізбек ойындары. Логикалық ойлау арқылы бала саралау, салыстыру, жинақтау сияқты өз 
бетімен іс – қимылдар жасауды үйренеді. Баланың логикалық ойлауы өздігінен 
қалыптаспайды, оның дамуына мақсатты түрде білім беру мамандарының, ата - аналардың, 
балалардың бірлескен жүйелі жұмысы қажет. Балалар ойыны заттық – қол қимылының 
(пирамида жинау,текшелерден үй құрау) даму жолынан бастап интеллектуалды даму 
ойынына дейін жетеді. Логикалық ойлауды дамытудың негізгі рөлі математикалық 
ойындарға жатады. Бұл ойындар арқылы баланың интеллектуалды дамуы тек белгілі бір 
білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, 
қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық 
қасиеттерінің дамуын қамтиды. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын 
сабағы негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу 
және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік 
қорларын дамытады. 
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, 
тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне 
қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес 
бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола 
отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, 
ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға 
қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: 
«Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім 
байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта». 
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз 
мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ 
ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата». Сонымен қатар балалардың сөздік 
қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті 
есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» 
тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған 
жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін 
және саусақ бұлшық етін дамытады. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды 
өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды 
талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекет 
болып табылады.


91 
91 
Балалар саусағын ойната отырып тілін дамыту. 
Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар 
мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын 
ертегіні немесе өлең- тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы 
баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық 
әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар мен 
құбылыстарды, жан – жануарларды, құстар және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың 
қозғалыс – қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі 
үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып есінде ақтайтын болады. 
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті-ОЙЫН,сондықтан да оның 
мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап,ән салмай,өсер 
бала бола ма? деп айтқандай,баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Жас баланың 
өмірді тануы,еңбекке қатынасы,психологиялық ерекшеліктері осы ойындар үстінде 
қалыптасады.Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-
жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді.
Әдебиеттер:
1.“Отбасы және балабақша” журналы ,2001.№11 
2) Журнал «Балабақша», №2-4, 2008 жыл 
3) 
2.Бүлдіршіндерге арналған тілашар. Әдістемелік нұсқау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет