Ббілім беру саласы: Қатынас Оқу іс — әрекет түрі: Сауат ашу Тақырыбы: «Мм» дыбысы мен әріпі» Мақсаты



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі34,97 Kb.
#97367
  1   2   3   4   5
Байланысты:
сауат м


ББілім беру саласы: Қатынас Оқу іс — әрекет түрі: Сауат ашу
Тақырыбы: «Мм» дыбысы мен әріпі»
Мақсаты:
М дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. М дыбысын сөз ішінен таба білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру М дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайты. Дидактикалық ойындарды ойнатып, баланың ойлау қабілетін, қиялдарын, зейіндерін дамыту. Әдемі — көркем жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, таяқшалар, суреттер, дыбыстық талдауға арналған дөңгелектер,
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекет барысы: Жылулық шеңбері:
— Сәлеметсіңдер ме балалар?
Қане, шеңбер бойына тұрып, бүгінгі күнмен сәлемдесейік.
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ шытқан не керек,
Көңілді боп жүрейік.
— Рахмет балалар. (Балалар шеңберге тұрып, өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасап айтады)
— Балалар, біз өткен оқу іс — әрекетінде қандай дыбыспен таныстық?
— Ы дыбысымен
— Ол қандай дыбыс?
— Дауысты дыбысты қандай белгімен белгілейді?
— Қандай сөздермен таныстық?.
Жарайсыңдар балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақтың шешуін табайық.
—Мұртын сипап тілімен, Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен, Көзі оттай жанады. (Мысық)
Бүгінгі сабағымызда «М»дыбысы мен әріпімен танысамыз. Мына суретте не көріп тұрсыңдар. Моншақ,мақта,мысық.машина
-Балалар машина қандай көлік түріне жатады?
-Жер көлігіне жатады
-Мысық қандай жануар.Жабайы ма,әлде үй жануары ма?
— Жарайсыңдар балалар, «мысық» сөзін буынға бөлейік. Мы — сық — Неше буын бар?
-«Мысық» деген сөзде «М» дыбысы сөздің қай жағында келіп тұр?
— «М» дыбысы қандай дыбыс? — «М» дыбысын атайықшы, қалай айтылып тұр?
1 — тапсырма: — «М» дыбысынан келетін қандай сөздер бар екен?
— Мұрат,Мадина, Мысық, маймыл, маса, мұз, машина, маска, мектеп
2 — тапсырма: «М»әріпін жазуды үйренейік»
Олар бас әріп және кіші әріпке бөлінеді. Балаларға «М» әріпінің жазылу жолдарын ауада жазып көрсету. «М» әріпін ауада жазу.
— Ал, енді балалар, «М» әріпін мына таяқшалардан құрастырайықшы. («М» әріпін таяқшалардан құрастырады)
М –әрпінен жаңа буынмен танысамыз.М әрпі кедергіге ұшырап қиналып айтылатын болғасын ол қасына а-әрпін шақырады. ма буын пайда болады.
Сергіту сәті.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Көркем етіп жазайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет