«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет98/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Әдебиеттер тізімі 
1.
Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч. Т 2 Алма-Ата 1985 б.102. 
2. Копеев М.Ж. Атасының аты білінбей өзі аты шыққан ерлер, б. 71. 
3. Копеев М.Ж. Атасының аты білінбей өзі аты шыққан ерлер, б. 78.


226 
226 
4. Ақселеу Сейдімбек: ғылыми мұрасы және тәуелсіздік. Халықаралық ғылыми-теориялық 
конференция. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы, 2012, б.105.
 
5. Сейдимбек А. Мир казахов. Этнокультурологическое переосмысление: Учебное пособие. 
– Алматы: Рауан. – 576 с.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Искакова Айжан Сериковна 
Абдильдина Мереке Кенесбековна 
№ 68 МИББ кешені 
Тәрбиешілері 
Денсаулық кепілі дене шынықтыру жаттығуларының жүйелі сабақтарымен ғана 
дамиды. Мектепке дейінгі жаста адамның денсаулығының өмір бойы қалыптасуы 
орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы 
дамуына әсерін тигізеді. Осы жас аралығында баланың өзіндік қасиеттері, сабаққа 
қызығушылығы және баланың қабілеттері ашыла бастайды.
Кіші мектепке дейінгі жас топтарында әртүрлі сауықтыру іс-шаралары 
ұйымдастырылу арқылы біз өзіміздің дене шынықтыру - сауықтыру және профилактикалық 
жұмыстар жүйелі түрде дамытып келеміз. Баланың денсаулығын нығайтуда біздің 
балабақшада: дене шынықтыру залы, дене шынықтыруға қажетті жабдықтар бар. Топтарда 
өзіндік массажға әртүрлі денсаулық жолдары, спорттық жабдықтар, ойынға арналған 
көрнекіліктер, жаттығу картотекасы және ойын массажының картотекасы бар. Денсаулықты 
нығайтуда жүйелі технологиялар баламен жұмыста дене шынықтыру-сауықтыру іс-
шараларымен болады. Ауруларды алдын-алу жұмыстарында біз ұйқыдан соң сауықтыру 
жаттығуларын, тыныс алу жаттығуларын өткіземіз. Жас ерекшелігіне байланысты жаттығу 
түрлерінің кешені ойластырылды және олар күрделі түрде топтастырылды. Шынықтыру 
жаттығуларын өткізбес бұрын, олардың жас ерекшеліктері мен дене дамуы ескеріледі. 
Сауықтыру іс-шараларында бір қалыпта сөйлеу ырғағы, мәнерлеп, дауыс ырғағын 
қойып оқу және дауыс аппаратын қабылдауды дамытуда жұмыс істелінеді. Сондықтан 
денсаулықты нығайту технологиясы жауапкершілікпен, жаттығулар мен денсаулық 
жолдарының жаттығулары (өлең шумақтарын, үзінділері, бала әндеріне) қаралды. 
Бұл ойын әдістер арқылы әр түрлі дыбыстарды қолданып жоғары дауыспен және 
төмен дауыспен баланың зейінін дамытуда қолданамыз. Баланың дыбыстық сөйлеу жағынын 
қалыптасуы, дауыс ырғағын дұрыс қоя білуіне, яғни лексика, грамматиканы игеруде үлкен 
маңызды рөл атқарады. 
Мектепке дейінгі балалардың жасында дене шынықтырудың қалыптасуы оқу-тәрбие 
үрдісінде қоршаған ортаны танып білуде, жолдастарына және өзіне деген оң көзқарастық 
орнатады. 
Дене шынықтыруды нығайтуды оқыту технологиясы баланың жинақтылығын, 
зейінін, ойлау белсенділігін және есте сақтау қабілетін қажет етеді. 
Дене шынықтыруды нығайту үрдісінде балалардың ойлау қабілеттерін , рухани 
эстетикалық талғамдарын, өз денсаулығын, алға қойған мақсаттарын, ұйымдастырушылық 
және ақкөңілдік қасиеттері қалыптасады. Балалардың барлығы тәрбие үрдісінде 
денсаулықтарын нығайтуға және жеке жан-жақты дамуына үлесін қосады.
Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен 
ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық 
мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң 
шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым 
екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие 


227 
227 
ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі 
тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын 
айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап 
отырған жағдайлардың бірі. 
Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжіриебиесі мол 
болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай 
баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. 
Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі 
міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек 
психологиялық жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы 
қолдап отыру қажет. 
Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі 
ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша 
жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан 
туындайды.[1] 
Осыған орай жұмыстың обьектісі – мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын 
қорғау болып саналады. 
Жұмыстың мақсаты - мектепке дейінгі ұйымда баланың денсаулығын сақтаудың, 
салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін 
қарастыру болып табылады. 
Міндеттер: 
- мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндіктерін 
анықтау;
- денсаулық сақтау технологиясына сипаттама бере отырып, мектепке дейінгі ұйымда 
денсаулық 
сақтау 
технологиясын 
пайдалану 
әдістемесін 
ұсыну; 
- білім берудің жаңа технологияларын қолдану (денсаулық сақтау, ақпараттық) ғылыми -
әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмдерін жетілдіру; 
- балалардың денсаулығын сақтау мақсатында инновациялық бағыттағы материалдық-
техникалық база қалыптастыру. 
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға 
қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуда мектепке дейінгі мекемеде 
денсаулықсақтау технологияларының түрлері: 
Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың 
денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және 
педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай 
мәселені шешу барысында біздің анықтағанымыз, баланың денсаулығын нығайтуда және 
аурудың алдын-алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар 
шынықтыру шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға 
дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің жүйесін тудыруы жөн. 
Мысалы, жалаң аяқ жүру табан мен буындарды бекіту әдісі болып табылғандықтан 
барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады. 
Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану: 

Тыныс алу жаттығулары 

Жалпақтабандылықтың алдын-алу жаттығулары 

Сымбатты түзету жаттығулары 

Созылу(стретчинг) жаттығалары 

Йога жаттығулары 

Көзге арналған жаттығулар 
Таңертеңгі жаттығудан кейін тыныс алу немесе тұзды жолмен жүру өте тиімді. 
Сонымен қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал-жабдықтарды қолданған жөн. 


228 
228 
Баланың дені сау, салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы 
толыққанды болып өсуі үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға балалық шақтан 
бастап ағзасын кез-келген ауруға қарсы тұруына маңызды. 
Себебі ағзада барлық өмірлік әрекеттер белгілі бір тәртіппен жүріп отырады. Жүрек 
ырғақты жұмыс жасайды, жиырылуы-босауы, тыныс алу, дем алумен -дем шығару 
кезектеседі, асқазандағы аста белгілі уақытта қортылып отырады.[2] 
Жалпы табиғатта барлық жағдайлар белгілі реттілікпен жүреді: жыл мезгілдерінің, күн 
мен түн ауысуы. 
Міне, сондықтан мектепке дейінгі мекемелерде күн тәртібі сақталуға қатаң көңіл 
бөлінген. Шынықтыру-сауықтырудыңда тәртібі болған жағдайда ғана баланың ағзасына 
тиімді болады. 
Мектепке дейінгі ұйымындағы денсаулық сақтау педагогикалық технологиялары 
Мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. 
Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, 
жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі.
Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере 
алатын болады.
Денсаулық сақтау технологияларының кешенді жүргізудің басты мақсаты 
Мектепке дейінгі балалардың қимыл-әрекеттерін жетілдіріп, оның ағзасын суыққа 
төзімді болуға жаттықтыру. 
Дені сау баланы өсіруде бірнеше бағыттар алынды. 
Балалар ауруларын төмендетуге мүмкіндіктер жасау үшін педагогтардың кәсіби-
шеберліктерін өрлету және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді 
ұйымдастыру 
Бұл іс-шаралар барлық білім салаларымен байланыстырып, әрекеттестіріп жалпы 
«Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады. 
Шынықтырудың негізгі міндеттері 
Баланың тұлғалық ерекшелігін ескере күш-қайраттарын қалыптастыру және 
денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын 
кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған 
бір күні - оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп асмәзірін түрлендіріп, оны балаға 
жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды, қимыл-әрекеті 
үйлесімді ұйымдастырылады. 
Баламен шынықтыру шараларын ұйымдастыру алдында бірнеше ережелерді сақтау 
керек: 
Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, 
мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қатаң 
қадағалауында болуы қажет. 
Оқу тәрбие үрдісін бала денсаулығына жүктеме болмайтындай, керісінше оны 
нығайтуға көмектесетіндей етіп ұйымдастыру керек. Балабақшаның жұмыс ерекшелігін 
ескере отырып, бала денсаулығын нығайту мәселелері, мектепалды балалардың физикалық 
дамуы – мектепке дейінгі мекеменің жұмысының негізгі бағыты болып табылады. 
Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуді қамтамасыз етудегі бағыттар. 

Баланың физиологиялық даму және балалардың ауруларының төмендету үшін 
жағдайлар жасау 

Балабақшадағы педагогтардың шеберліктерін және іскерлік біліктіліктерін жоғарлату 

Медициналық қызметкелермен байланысты шынықтыру-сауықтыру міндеттерін 
кешенді шешу 

Балабақша және жанұя жағдайларында бірігіп дені сау баланы тәрбиелеу 
Балалардың дене тәрбиесінің толыққанды дамуына, қимылдау талаптарын жүзеге 
асыру үшін балабақшада арнайы жағдайлар туғызу. 


229 
229 
Топтарда шынықтыруға арналған бұрыштар, спорт залда дене тәрбие сабағына 
арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және балабақша алаңында спорт алаң болу. 
Осының барлығы баланың дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын жоғарлатады, 
сабақтың тиімділігін арттырады, балалардың барлық негізгі қимыл түрлерін жасауға 
мүмкіндік береді. 
Құрметті әріптестер, тәрбиешілер мен педагогтар Қазақстанның болашақ 
ұрпақтарының денсаулығын нығайту мен сақтау сіздердің аяулы алақандарыңызда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет