«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет152/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
ҚР «Білім туралы» Заңы, 2007
2.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы
3.
Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008 
4.
Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007 
Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану 
мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.
 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ 
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
Станқұлова Айзат Амантайқызы 
№134 «Гауһар» балабақшасы 
Тәрбиеші. 
 
Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. 
Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі 
болып 
жетілуі 
екені 
белгілі. 
Балабақша– келешек ел басқарар, жер – суына иелік етер, ел – халқын гүлдентер, мерейін 
өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын 
қалайтын киелі ұя. «Аулына қарап, азаматын таны» дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың 
иманжүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын 
ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Балабақша - бұл бала тұлғасы мен санасының 
қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп 
қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. 


361 
361 
Президенттің жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім 
деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны 
дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен 
егіз. 
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық 
моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық 
педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы 
қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада 
арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға 
икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, 
технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің 
педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану педагогтан үлкен 
шеберлікті талап етеді. Сол себептен балабақша педагогтарының кәсіби дамып өсуі жаңа 
технологияны меңгеру-тәрбиешінің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да 
көптеген адами келбетінің қалыптасуы , өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді 
ұйымдастыруы басты мақсаттардың бірі болуы тиіс.
Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «Әр адам - өз заманының баласы», сәбиді есті, 
саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір 
парызы.Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-
мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы 
болып отыр. 
«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол — «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. 
Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр 
элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дегендi бiлдiрдi. Педагогикалық процесте инновация 
оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, педагог пен бала бірлескен 
қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. 
Қазіргі 
заман 
инновациялық 
қызметі- 
балабақша 
балалармен 
жұмыс 
істеуде инновациялық технологиялар ,әдістер, балалардың психологиясы мен 
педагогикасын терең білуі педагогтарға нақты бір жетістіктерге жетуге көмектеседі. 
Нақтылап айтқанда балаға білім мен тәрбие беруді саналы-сапалы етіп қызығушылықтары 
мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, 
технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің 
педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану педагогтан үлкен 
шеберлікті талап етеді. Сол себептен балабақша педагогтарының кәсіби дамып өсуі жаңа 
технологияны меңгеру-мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да 
көптеген адами келбетінің қалыптасуы , өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді 
ұйымдастыруы басты мақсаттардың бірі болуы тиіс.
Болашақ педагог-психологтардың кәсіби және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру 
Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған 
болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің 
кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ 
тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге 
бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді. Мазмұндық өлшемдеріне 
болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен пәндік әдіснамалық 
дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, 
біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық 
білім негіздерімен қарулануы кіреді. Бейімділік өлшемдеріне болашақ маманның барлық 
жағдайға бейімделе алу қабілеті жатады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта 
өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. 


362 
362 
Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне 
ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен, бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-
тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді. Танымдық өлшемдері болашақ маманның 
әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың 
нәтижелі әдіс-тәсілдерн пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға 
қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған 
ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз әжірибесінде қолдана білуі, инновациялық 
педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады. Іс-әрекеттік өлшемдері 
болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндетін анықтай алуы және 
педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған 
болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, 
педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен 
өлшенеді. Технологиялық өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның 
міндеттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық-
педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу-
тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым-
қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және 
сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы 
қажет. Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық 
белсенділікті, болашақ маманның шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді. Оған болашақ 
маманның ғылыми-зерртеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, 
жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік 
жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен 
сипатталады. Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, 
нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен 
ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу 
үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-
шаралар, дағдыдын туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет 
әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан 
соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.МДҰ-ның балалары – өз қажеттіліктері, қабілеттері 
және мүмкіндіктеріне сәйкес жеке дамуына, педагогтары – өз кәсіби және жеке тұлғалық 
қасиеттерін дамытуға мүмкіндіктері бар. МДҰ басшысы – балалар мен педагогтардың іс-
әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс тәртібінде жұмыс 
жасап келешек ұрпақты өмір талабына сай тәрбиелеп білім беру, ал ең бастысы дені сау, 
рухани азамат дайындау.
Пайдаланған әдебиеттер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет