«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет211/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
Пайдаланылған әдебиет тізімі: 
1. Ж.Аймауытовтың 5 томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1998 ж. 
2. Қ.Қадашева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». Алматы, 2002ж.
3. Н.Қ.Мухамадиева, Н.Ә.Үстемір «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». Алматы, 2002ж.
4. Фокина К.В., Тернова Л.Н., Костыгева Н.В. Методика преподавания иностранного языка. 
Москва, 2008. 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ӘДІСТЕР МЕН ЖАҢА ОҚЫТУ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
 
Исабай А.К. 
М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті,
Уфа қаласы, Башқұртстан Республикасы 
Жолкенова Г.Ж. 
ККАО «Болашақ» 


465 
465 
Білім беру үрдісін ақпараттандыру жаңа инновациялық әдістер мен оқыту 
технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын 
жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын 
жоғарылатуды көздейді. Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа технологиялар 
қолданудың маңызы зор.
Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының 
жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, 
оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу үдерісінің ғылыми теорияға және 
оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап 
етеді. Ондағы негізгі мақсат – оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас 
ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып 
табылады. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты дидактикалық мәселелер Ы. Алтынсарин
А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алып, онда тілді үйрету үйренушінің мүмкіндігі мен 
қабілетіне қарай бейімделе жүргізілуі керектігі негізделген [9, 21]. 
Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен 
қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік 
оқыту технологиясы» (М. Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж. Қараев), әсіресе, 
қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н. Оразақынова), 
т. б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістерінде кеңінен 
ендірілуде. Бірақ біз бұл жаңа әдістерден бұрын Б. Құлмағамбетова, И. Ұйықбаев, 
Х. Арғынов, А. Ошкаров, А. Ысқақов, М. Нұрғалиева, А. Исабаев секілді ғалымдар да орта 
мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосқандығын айта кеткеніміз жөн [5, 12]. 
Әдістеме (методика) бірнеше терминдік мәнді топтастырады; біріншіден, бұл – жоғары 
оқу орындарының оқу жоспарына енгізілетін оқу пәнінің атауы. Екіншіден, оқытушының өз 
жұмысында қолданатын әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, басқаша айтқанда, 
оқытушының кәсіби-практикалық қызметінің технологиясы. Үшіншіден, әдістеме атауының 
мағынасы оқытудың теориясын зерттейтін педагогикалық ғылым дегенді де білдіреді.
«Әдістеме әлемінде» деген ғылыми-әдістемелік жинақта Ақтөбе педагогикалық 
институтының оқытушысы Есенова Гүлшат Серікқызының «Қазақ тілі жаттығулары» атты 
мақаласында – қазіргі таңда білім беру жүйесінде жаңа заман талаптарына сай оқыту 
технологиясын жетілдіру талаптарына баса назар аударғанын байқаймыз. Соған орай педагог 
мамандар оқытудың әлемдік жетістіктеріне барлау жасап, оқытудың ең тиімді әдіс-
тәсілдерін зерттеп, оқу үрдісінде, тәжірибе жүзінде сынап келеді. Оқыту саласында әлемдік 
деңгейде танылған озат оқыту технологиялары қазіргі мектепте, жоғары оқу орындарында 
кеңінен қолдау тауып, жан-жақты пайдаланылып келеді. Бірнеше оқыту әдістерін салыстыра 
қарау арқылы әр мұғалім өздерінің мүмкіндігі мен бейімділігіне қарай оқытудың жаңа 
технологияларын таңдап, сұрыптап өздерінің күнделікті білім беру, оқыту әрекеттерінде 
қолдануға мүмкіндік береді [2, 244]. 
А. Байтұрсынұлы өзінің «Қай әдіс жақсы» мақаласында: «Әдіс – керекшіліктен шығатын 
нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. Мәселен, 
сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы, оларға тиіс деп айтуға болмайды. 
Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне 
де қолайлы болуы мүмкін», - дейді [4, 368-370].
Сондықтан Н.А. Крупскаяның даналығында «Мұғалім ең алдымен өзі оқытатын пәнді 
білуге, ал онан соң оны жеткізе алатын болуға тиіс. Білімді оқушыларды қызықтыру үшін 
қажет жағынан бастап, түсінікті формада айтып жеткізу, ең басты мәселеге тоқтала білу, ең 
мәнді нәрсені екінші қатардағы мәселеден ажырата білу, осының бәрі нақты мысалдар 
келтіре отырып айтып беру – зор өнер... Бұл өте үлкен өнер, мұның өзі жұрт ойлайтындай 
оншалық оңай емес», - деп көрсетілгендей ұстаздық еткен жан жалықпай үнемі 
шығармашылық ізденісте болып, педагогикалық іс-тәжірибесін замана талабына ағымдап 
отырғаны абзал [8]. 


466 
466 
Осындай оқыту технологияларының әдіскер-оқытушылардың арасында кеңінен 
қолданып жүрген әдістердің бірі – жаттығу әдісі. Қазақтың педагог-ағартушысы 
Ы. Алтынсарин: «Жаттығу әдісі оқушыларды білім алауға үйретіп, дүниетанымын 
кеңейтетін әдіс», - деп есептеген [1].
Жаттығу іріктеу – сипаты, міндеті, дидактикалық талаптары анықталғаннан кейінгі 
басты мәселелердің бірі.
Қ. Сарбасова жаттығу іріктеуде мынадай талаптар ескерілуі тиіс дейді:
1. Жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы
2. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір ретпен келуі, жүйелі ұсынылуы; 
3. Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын арттырарлық болуы; 
4. Өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру; 
5. Шығармашылық сипаттағы жаттығулардың (түсіну сезімі арқылы) болуы; 
Жаттығулар арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге 
асырылады. Жаттығуларды орындау негізінде тіл үйренушілердің ақыл-ой әрекеттері, ақыл-
ой қызметінің белсенділігі қалыптасады, дамытылады. Жаттығулар бір мақсатқа 
бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді [2, 246]. 
Сурет 1. Сабақ түрлерін топтастыру 
Дидактика ілімінде оқытудың интерактив әдістеріне мыналарды жатқызып жүр: 

пікірсайыс (дискуссия, дебат) әдісі;

ми шабуылы («мозговой штурм»); 

«дөңгелек үстел» әдісі; 

іскерлік, рөлдік ойындар; 

драматизациялау (драмалау); 

ТОҚ (дыбыстық-бейнежазбалар), мультимедия жүйесі. 
Сонымен қатар, осы жаңа үздік технологиялардың әрқайсысына анықтама бере кетеді [3, 
249]. 
Оқушыларға білім беру барысында дәстүрлі әдіспен қатар, заман талабына сай 
коммуникативтік қабілеттерін дамыта отырып, қызығушылғы мен белсенділіктерін арттыру 
мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалана отырып, озық педагогикалық 
технологияларды пайдалана білген қажет. 
Сабақ 
түрлері
Дәстүрлі
- Аралас
- Жаңа сабақты 
түсіндіру
- Пысықтау
-Қорытындылау
- Қайталау
- Өзіндік 
жұмыс
- Білім, 
білік-
машықты 
дамыту
- Жаттығу
Дәстүрлі 
емес
- Ізденіс
- Саяхат
- Аукцион
- Сайыс
- Көрініс
- Пікірталас
- Семинар
- Дебат
- Есеп беру


467 
467 
Бұл ретте оқу үрдісінде пайдаланатын педагогикалық технологиялардың бірі – 
М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» 
атты еңбегіне сүйенеміз [6]. 
Модульдік оқыту – сөйлесу қатысымдық әрекет негізінде ұйымдастырылады. Мәселен, 
М.М. Жанпейісова бұл оқыту оқушылардың өзара әрекет ету мен олардың танымдық әрекеті 
әр сабақта оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту, яғни қатысымдық икемділіктері 
тілдік білім негізінде құрылатыны туралы пікір білдіреді [7, 9]. 
Нәтижесі:
1. Оқушылар әр тақырыптардан алған білімдерін бір-бірімен байланыстырып ретке 
келтіреді, жүйелендіреді. 
2. Модуль бойынша әңгімелейді. 
3. Тілдің оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім әрекеттерін пайдалану 
арқылы қазақ тілін сапалы үйренеді. 
Модульді оқытуды практикада кеңінен қарастырған әдіскер-ғалым М. Жанпейісова 
бақылау-зерттеу нәтижелерін жинақтай келе: «...осының арқасында оқу процесі 
«модульдық» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан 
жасалады», - деп модульді сабақтың құрылымын нақты береді [7, 21].
Үш кезең бойынша өткізіледі: 
Сурет 2. Сын тұрғысынан ойлау жобасының кезеңдері. 
Нәтижесі: 

Басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластықпен, түсінікпен қарауға 
үйренеді; 

Өз ойын топ алдында ашық айтуға, қорғай білуге дағдыланады; 

Керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйретеді; 

Өз бетінше ізденуді қалыптастырады; 

Балалардың белсенділігі өте жоғары болады [6, 75]. 
Оқу процесінде ұстаз - Жұманова Сара Сейітқызы осы технологияларды пайдаланып, 
мынадай жетістіктерге жеткен: 
Қызы-
ғушы- 
лықты 
ояту 
Мағынан
ы 
ажырату 
Ой 
толғаны
с 


468 
468 
Сурет 3. Оқытудың үздік технологияларын пайдаланудағы жетістіктер. 
Мұғалім жетістікке жету үшін мотивацияның тәсілдерін де білу керек. Олар (3-
суретте): 

мұғалім мен оқушының ынтымақтастық қарым-қатынасын құру; 

оқушыларды ұжымдық жұмыс түріне баулу; 

оқушыларды бағалау әрекетіне үйрету; 

мадақтау мен жазалауды дұрыс қолдану; 

жетістікке, нәтижеге бағыттау (сенімін ояту) [3, 256]. 
Мұғалімнің сабаққа алдын ала дайындық жұмысы (модульдік технологиясы бойынша).
1- қадам. Бағдарламадағы бөлімнің, тақырыптар блогының немесе тақырыптың мақсаты 
мен міндеттерінің, білім, білік, дағдының міндетті деңгейін анықтау. 
2- қадам. Оқу материалының (берілген модуль бойынша) жалпы мазмұнын білу. 
3- қадам. Негізгі ойға (кілті, өзегі) түсінік, тірек сөздерді анықтау, олардың өзара 
байланысы мен тәуелділігін анықтау. 
4- қадам. Диалогтық бөлімді жоспарлау (сабақты ұйымдастыру формасын ойлластыру). 
5- қадам. Тақырып бойынша тірек сызбаларды құру. 
6- қадам. Оқу модулінің барлық мазмұны бойынша тестік тапсырмалар жүйесін 
құрастыру. 
7- қадам. Сұрақтар мен тапсырмалар болгын құру (сынақ, диктант, бақылау). 
Сабақ өткізу, жаңа сабақты меңгерту әдістемесі (сыни тұрғысынан ойлау жобасы 
бойынша). 
Бұнда С.С. Жұманова өз тәжірибесінде осы жоба стратегияларын қалай қолданғандығы 
және сабақты осы тәсілмен қалай өткізетіндігі жайлы сөз қозғалады. 
Жаңа сабақты меңгерту алгоритмі.
1. Ой салу, ой қозғау қадамы. Мақсаты: жеке, жұп болып іздену, ой қозғау. 
2. Мағынаны ашу қадамы. Мақсаты: жаңа меңгеретін білімді жеке, жұптасып немесе 
топтасып талқылау, өз ойын білдіру, ұжымдық жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Ұқсастық қадамы. Мақсаты: оқушының қай ойы немесе білімі сәйкес келгенін 
айтқызу, бұрынғы білімі мен жаңа білімін салыстыра білу.
4. Мағынаны түсіне білу. Қолданыс қадамы (Белсенділікке баулу). Мақсаты: оқушының 
өзі түсінген, қабылдаған білімін басшылыққа ала отырып, жұмыс жасауына көмектесу. 
ЖЕТІСТІКТЕР
Оқушылардың 
тілдік, сөйлеу, 
коммуникативтік 
құзыреттілігі 
қалыптасады. 
Тұжырым 
жасау, шешім 
қабылдау 
қабілеттері 
дамиды.
Бір-бірімен 
қарым 
қатынас жасау 
дағдысы 
дамиды. 
Тілдік орта 
құрылады.
Топ алдында 
сөйлеу, ой 
білдіру 
құзыреттілігі 
дамиды.
Сөйлеу 
мәдениеті 
дамиды, ойлау 
қабілеттері 
артады.


469 
469 
5. Ойтолғаныс қадамы. Мақсаты: өз ойларын, алған білімдерін өз сөздерімен айта алу 
және де бір-бірімен ой алмастыру. Ойды қайта түйіп, өзгерістер жасайтын кезең.
6. Бағалау қадамы. Мақсаты: өзінің, сыныптасының біліміне, іс-әрекетіне баға бере білу, 
пікір білдіре білу. 
7. Нәтиже қадамы. Мақсаты: әр оқушы түсінгенін, алған білімін жариялай алу, сабаққа 
эмоционалдық баға беру [3, 257].
Модульдік оқыту технологиясының оқыта үйрету ойындары жайында Г. Рыскелдиева: 
«Оқу моделінің сөйлесу бөлімінде қолданылатын оқытудың белсенді формаларына оқыта 
үйрету ойындары жатады. Мысалы: «Қарлы кесек», «Брейн-ринг», «Бақытты сәт», «Саяхат», 
«Білім биржасы», «Өз жартыңды тап», «Киностудия» және т.б. Осы ойын ережелеріне 
тоқталып, қазақ тілі сабағының тиімділігі артатыны сөзсіз» ,- деп жазады [8, 58]. 
Қорыта айтқанда, оқыту үдерісінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру 
шеберлігіне, сабақты қызықтыра жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен 
білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының 
өз бетімен оқып-үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды 
жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту 
технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, 
олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-
мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз 
анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет