493
493
идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейінгі
ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым - қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз
қарамағына алады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай
қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Осы жолда педагогикалық
технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа
технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде
қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Қорыта айтқанда, инновациялық
технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен
және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Дәстүрлі
сабақта инновациялық тәсілдерді қолдану оқушылардың сөйлеу әрекетін дамытудың бірден-
бір тиімдісі болып табылады. Жалпы дәстүрлі сабақ оқушылардың көзқарасын
қалыптсатыруда өз шегінен шығармайды. Бұл жерде айта кеткен жөн сыныпта зерек балалар
мен қатар шығармашылық және ойлау қабілеті төмен,өз бетінше жұмыс істеуге
үйренбегендіктен уақытты бос өткізеді.
Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың
жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай
болатын іскерлікті талап етеді.
1. Назаpбев H. “Қaзақстан — 2030” Баpлық қазақстандықтаpдың өсiп-өркeндеуі,
қауiпсіздігі жәнe әл-aуқатының aртуы, Eл Пpезидентінің Қaзақстан хaлқына Жолдауы.
Алматы: Білім, 1997ж.
2.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы заңы.
3. Білім берудегі инновациялық технологиялар : Педагогикалық әдістемелік журналы
«Білім берудегі менеджмент» / Г.М.Жусанбаева; №1, 2014.-134б
4. 3.С. Көшімбетова «Оқу—тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін
пайдаланудың педагогикалық шарттары», Алматы,2008.
Достарыңызбен бөлісу: