«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет220/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
 
Омарова А.К., Тусупбаева А.А. 
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 
Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-
өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. Білім берудегі 
қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал 
ретінде қарастырылады. "Білім беру технологиялары", "педагогикалық технология" терминімен 
қатар ''оқыту технологиялары” термині қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. 
Өйткені, білім беру технологиясында оқушының, үйренушінің тұлғалық сапасын дамыту және 
құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар.“Оқыту технологиясы – белгіленген 
мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен 
құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге 
асырылады”, – деп С.Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді [1]: 


494 
494 
- оқытудың мақсаты; 
- білім берудің мазмұны; 
- педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін 
ұйымдастыру; 
- оқушы, оқытушы; 
- әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі). 
Сонымен қатар, С.Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды “... оқыту 
технологиясын жобалау процесі деп атауға болады” деп айта келіп, оның құрылымын 
төмендегідей анықтайды: 
- оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау; 
- оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау барысында 
білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны анықтау; 
- мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау; 
- оқыту технологиясын талдап жасау. 
Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі заманғы 
технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі анықталуда: 
-дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі; 
-қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру 
принципі; 
-сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін 
факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі; 
-оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту 
процесінің бейімделу принципі; 
-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының 
потенциалды көп болу (артық болу) принципі. 
Педагогикалық технологияның міндеттері: 
- әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, 
беріктігін арттыру; 
- мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру; 
- технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету; 
- технологиялық ойлау дағдыларын дамыту; 
- оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай 
нақты әдеттерді тәрбиелеу. Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-
қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер 
негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі 
таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көптеген 
технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде 
ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің 
дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан 
әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі 
қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология көмегімен 
білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі 
шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі."Педагогикалық технология" оның ішінде "оқыту 
технологиясы" ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды 
жағдайлармен біріктіреді: 
- іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды 
жоспарлау; 
- оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген қатаң тізбекті әрекеті түріндегі 
оқытудың барлық процесін "бағдарламалау". 
- алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру. М.Чошанов оқыту 
технологиясы негізінен педагогикалық процестегі «Қалай нәтижелі етіп оқыту керек?» мәселесін 
шешуге бағытталатынын айтады. Оқыту технологиясы жөніндегі ой-пікірлерді саралай келе, 


495 
495 
біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды 
және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқытудың нақты жағдайда 
нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту процесін 
нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз. Б.Қуанбаева өзінің зерттеуінде әдістемелік жүйені 
технологиялық негізде жетілдіруді төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін 
белгілейді: 
а) оқытудың мақсаты диагностикалық операционалды анықтаулы тиіс, яғни иерархиялық тізбек 
түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет; 
ә) білім мазмұны мақсаттар таксономиясына сәйкес анықталып, оны анықтау принциптері 
ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет; 
б) оқытудың белсенді әдістерін басым түрде түрде пайдаланып, оқыту әдістерінің басты 
аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет; 
в) оқытудың формасы оқушының жеке даму траекториясын, сондай-ақ педагогикалық 
жағдаяттарға сәйкес жеке, жұптық және топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз 
ететіндей түрде жетілдіруі тиіс; 
г) оқыту құралдарын жетілдіру компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды олардың 
дидактикалық мүмкіндіктері нақты анықталып, дәстүрлі құралдармен үйлесімді бірге пайдалануға 
бағытталуы қажет [2]. 
Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол 
жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым 
стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының 
өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін ең 
алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін 
аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық 
сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко 
технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту 
факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару 
типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру 
бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді [3]. 
Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың 
мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. 
Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған [4]. 
Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады: 
- ойын арқылы оқыту технологиясы; 
- проблемалық оқыту технологиясы; 
- тірек сигналдары арқылы оқыту; 
- деңгейлік саралап оқыту; 
- міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы; 
- бағдарламалап оқыту технологиясы; 
- оқытудың компьютерлік технологиясы; 
- дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы; 
- дамыта оқыту технологиясы; 
- модульдік оқыту. 
Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде білім беру 
жүйесінде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мәселен, 
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі: 
- үнемі қайталау; 
- ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; 
- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; 
- ізгілік; 
- зорлықсыз, еркімен оқыту; 


496 
496 
- әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау; 
- оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру. 
Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі 
қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету. 
Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе - оқушылардың, студенттердің ойлау қабілетін 
дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан 
сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау 
табуда. 
Әдебиеттер 
1. Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің 
дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы, 2013. –137 бет. 
3. Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. –Алматы, 2009г. 
4. Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары –Алматы, 2012. №4. бб-5-12. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет