ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ БІР ЕРЕКШІЛІГІ – БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ӨМІРГЕ ЕНГІЗУ Қарағанды маңызды «Болашақ» білім беру колледжінің
ШТ-15-3(11) тобының студенті Хайратхан Алуа
Ғылыми жетекші педагогика пәнінің оқытушысы Әшен А.А.
Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды
ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып
табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор
іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат
көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің заманауи технологияны меңгеруіне, инновациялық
жетілуіне мүмкіндік береді. Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген 1960
жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді.
«Педагогикалық технология» дегеніміз — тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір
педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-
тәсілдер — оның бөлігі ғана» — деп көрсткен В.Беспалько.
Замануи
«технология» ұғымы кеңінен қолдынылады. Сол сияқты педагогика пәнінде
де, «технология» термині пайда болды. Әсіресе білім беру мен тәрбие саласында бұл
таптырмас құралдардың бірі. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі –
баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге
ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар» – бұл білімнің басымды мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ
тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің
күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында
оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Заманауи технология
түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің
дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.