Қолданылған әдебиеттер:
1.
«Отбасы және балабақша» №3 2014ж
2.
«Отбасы және балабақша» №9 2015ж
3.
«Бала мен балабақша» №7 2014ж
483
483
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Тусупбекова Диана Асылбекқызы
Астана қаласы, Гуманитарлық колледжі
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы тез өсіп бара жатқан жаңа
білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында.
Бұл қарама қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеяларынан (жан
жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға адамның өзін өзі реттеуі мен өздігінен білім
алу қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етіп отыр. Сонымен, жаңаша оқытудағы
басты нәрсе бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін,
икемділіктерін дамыту. Жаңа білім алу парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын
қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те
шешуші рөлге ие. Қазіргі заманғы оқушының, әсіресе студенттің басты мақсаты көптеген
пәндерден, олардағы ұшан теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін таба білу
қажет. Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе
білім беру, ғылымды дамыту. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім
беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»
деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздеп отыр. Сондықтан, қазіргі даму
кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісі технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Бүгінгі күннің басты ерекшеліктерінің бірі, «Қазақстан Республикасының ақпараттық
кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін 2006-2009 жылдарында даму тұжырымдамасында»
келтірілгендей, ақпараттың ақылға симайтын шамадан тыс, оны игеруде адамның
биологиялық мүмкіндіктерінің «артық» мөлшерде дамуы болып табылады. Сол себепті де
оқу оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты
жоғарғы деңгейде игеретін және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді.
Бұл талап білім беру саласында инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқудың оқытудың негізі
ретінде тұлғалық дамуды қарастырады, өйткені бұл дәуірдің идеологиялық, әлеуметтік,
саяси сұраныстары адамнан төмендегідей құзырлықтарды талап етеді: ақпараттың ішінен
өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану; проблемаларды шешу және шешім қабылдау;
өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу;
социумда ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу,
жанжалдарды болдырмау; өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін,
құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру; өздігімен үйрене білу, өз
білімін әрқашанда дамытып отыру қажет. Қазіргі заманғы үздіксіз өзгеріп жатқан
жағдайында жоғары мектеп өз әрекетінде білім алушылардың зияткерлік (интеллектуалы)
қабілеттерінің дамуына бағытталуы қажет. Өз кезегінде бұл қасиет білім алушыларға
«техникалық, экономикалық және мәдени өзгерістер мен олардың сан алуандығын саналы
түрде түсініп, бастамашылдық, кәсіпкерлік рух пен икемділік секілді қасиеттерді қабылдап,
қазіргі заманғы өндірістік ортада өзіне сенімді түрде еңбек ету мүмкіншілігін береді».
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік саяси және жаңа технологиялық
өзгерістерден ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа
сатыға көтеру қажеттілігі туындап отыр. Заман талабына сай білім оқу орындарында білім
484
484
мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жақсарту білім реформасының жүзеге асының басты
шарты. Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсатын өз жауапкершілігін сезіне алатын,
өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты
тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі заманғы
технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі
анықталып отыр:
-дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;
-қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру
принципі;
-сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін
факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі;
-оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту
процесінің бейімделу принципі;
-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының
потенциалды көп болу (артық болу) принципі.
Педагогикалық
технология
әр
түрлі
жағдайлардағы
нақты
өзара
іс-
қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер
негізінде
компьютер
мен
техникалық
құралдар
қолдану
арқылы
да
ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың
айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі болып отыр.
Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру
әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін
қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен
"үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және
технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру
процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз
етіледі.
"Педагогикалық
технология"
оның
ішінде
"оқыту
технологиясы"
ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіріп
отыр. Олар:
- іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды
жоспарлау;
- оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген қатаң тізбекті әрекеті түріндегі
оқытудың барлық процесін "бағдарламалау".
-алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру. М.Чошанов оқыту
технологиясы негізінен педагогикалық процестегі «Қалай нәтижелі етіп оқыту керек?»
мәселесін шешуге бағытталатынын айтады. Оқыту технологиясы жөніндегі ой-пікірлерді
саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі
нақты қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден,
оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе
модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз.
Б.Қуанбаева өзінің зерттеуінде әдістемелік жүйені технологиялық негізде жетілдіруді
төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін белгілейді:
а) оқытудың мақсаты диагностикалық операционалды анықтаулы тиіс, яғни иерархиялық
тізбек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет;
ә) білім мазмұны мақсаттар таксономиясына сәйкес анықталып, оны анықтау принциптері
ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет;
б) оқытудың белсенді әдістерін басым түрде түрде пайдаланып, оқыту әдістерінің басты
аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет;
485
485
в) оқытудың формасы оқушының жеке даму траекториясын, сондай-ақ педагогикалық
жағдаяттарға сәйкес жеке, жұптық және топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз
ететіндей түрде жетілдіруі тиіс;
г) оқыту құралдарын жетілдіру компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды
олардың дидактикалық мүмкіндіктері нақты анықталып, дәстүрлі құралдармен үйлесімді
бірге пайдалануға бағытталуы қажет.
Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың
мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап
көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған .
Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге
болады:
- ойын арқылы оқыту технологиясы;
- проблемалық оқыту технологиясы;
- тірек сигналдары арқылы оқыту;
- деңгейлік саралап оқыту;
- міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы;
- бағдарламалап оқыту технологиясы;
- оқытудың компьютерлік технологиясы;
- дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
- дамыта оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту.
Жоғарыдағы мақсаттарға жоғары оқу орындарында білім берудің Отандық және
әлемдік тәрбиелерінде қалыптасып, өз қызметін оң атқарып келе жатқан білім мазмұнының
негізгі құрылымын жобасын жүзеге асыруды қолданылатын жаңа педагогикалық технология
арқылы жету көзделеді. Қазіргі уақытта модульдік оқыту технологиясын көптеген
оқытушылар пайдалануда. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай шет елдерде
(АҚШ-та) дәстүрлі оқудың бір нұсқасы, бағыты ретінде пайда болды. «Модуль» латынның
«өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Сонымен қатар модуль дегеніміз ірі блок, бөлінген,
яғни оқу материалдарын, бөлшекке, блоктарға бөліп беру болып табылады. Қазіргі уақытта
қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасып келе жатыр. Модульдік оқу
технологиясының негізі білім алушының танымдық белсенділігін, танымдық іс -
әрекеттерінің әртүрлі іс - әрекеттерін ойлау, зейін, қабылдау әрекеттерін, ойын арқылы және
сөздік 130 байлықтарын дамыту. Айта кетер тағы бір тиімді жағы бірізділігі, жүйелілігі,
дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қолайлы. Модульдік оқыту технологиясымен
оқытунұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына
сәйкес, білім алушыларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға,
оқу үрдісін диалогтік қарымқатынас негізінде құруға болады. Бұл оқу үрдісі мен
оқытушының жұмысына мынадай өзгерістер туғызады: біріншіден, оқушы мен оқытушы
оқудың ұйымдастырушысына айналады; екіншіден, мұғалім сабаққа алдынала зерттеу
жасап, уақыттың көпшілігін сабақты даярлауға жұмсайды да, сабақ барысында тек
бақылаушы, үйлестіруші қызметін атқарады. Ал дәстүрлі оқытуда білім беру процесі көп
жағдайда білім алушының сабаққа «таза парақ» күйінде келіп, оқытушының оны сабақта
біліммен «толтырумен» айналысатын құбылыс деп түсінеді. Шәкірт сабақта ғана жаңа білім
алып, сабақтан кейін оны бекіту жұмысымен ғана айналысады. Инновациялық оқу оқыту
барысында үйренушілер әрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз
ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды
тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Қазіргі заманғы білім беру
жүйесін құру оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог
қызметкерлердің тұлғасына және кәсіпттік құзыреттілігіне жоғарғы талаптар қойылып отыр.
Жаңа оқыту технологиясын меңгеруде оқытушылардың, педагог қызметкерлердің жан
жақты білімі қажет. Қазіргі оқытушы педагогикалық процесте жүйелі жұмыс жүргізе алатын,
педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін тез меңгере алатын, білім
486
486
алушылармен ортақ тіл табыса алатын, білімді, іскер, шебер болуы керек. Жаңа
педагогикалық технологияның ерекшеліктері өсіп келе жатқан жас тұлғаны жан жақты
дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен
жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы білім алушы тек тыңдаушы, орындаушы ғана болса,
ал қазіргі білім алушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз
керек. Қазіргі білім алушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, ізденімпаз,
талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану педагогикалық іс әрекеттердің
мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы.
Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиялық
технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпараттық
коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. Оқытудың
педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын
ұйымдастыруға бағытталып отыр. Қазіргі уақытта білім мазмұнын жаңарту мен сапасын
жаңа деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту
әдістерінің 50ге жуық үлгілері ұсынылып, мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады.
Педагогикалық технологиялар көптүрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана
жолы бар. Біріншісі теориялық негізде орындалуы, екіншісі тәжірибемен жүзеге келуі.
Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол
жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым
стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының
өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін
ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін
аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық
сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко
технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі
дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн
сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің
басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап
көрсетеді.
Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдарымыз Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ш.Таубаева,
М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбек және т.б. ғалымдарымыздың зерттеулерінде оқытудың жаңа
технологиялары жан жақты қарастырылды. Оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық
технологияларды тиімді қолдану мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани,
адамгершілік, азаматтық сияқты көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі ықпалын
тигізеді. Оқушының өз бетімен білім алуына, өзіндік ой пікірін қалыптастырып, қорытынды
жасай білуін, өз білімін өзі бағалай білуіне, қисынды ойлау қабілетін қалыптастырып,
шығармашылық іс әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе - оқушылардың, студенттердің ойлау
қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру
болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі
пайдалану қолдау табуда.
Достарыңызбен бөлісу: |