«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет215/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. Астана . 2004. 28-б 
2. С.Е. Шишов. Понятие компетенции в контексте проблемы качества образования 
«Государство и образование», 2002. 88-б 
3. Е.Сағындықұлы. Педагогика. Алматы,1999. 
4. Г.Қ.Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. –Алматы: Ғылым, 1999. 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ 
Мағдатова Қымбат Жанатовна, Оспанова Жадыра Мейрамовна 
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті 
экономика, бизнес және құқық колледжі 
Жалпы білімнің жүйесі - қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. 
Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, 
барынша күрделене түседі. 
Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан 
үлкен үміт күтілуде. 
«Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр»деп Р.Эмерсон 
өзінше баға бере білген. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен 
ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз – рухани 
жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы 
жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, 


478 
478 
ұлттық тәлім - тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заман да да, 
қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең 
өзекті мәселелердің біріне саналды. 
Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір 
ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан 
заман талабына сай жаңа мазмұнда білі беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен 
тікелей байланысты. 
Қазақстан Республикасының заңнамалары мен арнайы құжаттарында білім мен тәрбие 
берудегі мемлекеттік саясат белгіленіп, қазіргі білім беру мақсаты мен міндеттері көрсетіліп, 
оны шешу бағыттары айқындалған. Қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті 
ұлттық байлықтың маңызды құрамы ретіндегі сипатқа ие болуда, ал адамның білімділігі, 
кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қалыптан тыс жағдайларда әрекет ете 
білуі Қазақстан Республикасының өрлеуіне негіз, ал тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін 
қамтамасыз етуге шарт бола алады. Жаңа білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіндегі 
жалпы талаптарға сәйкес келетіндей білім алушыларды өздігінше дамуға, алған білімдерін 
шығармашылықпен жүзеге асыра білуге икемдейтін, күтілетін нәтижеге бағытталған 
құзыреттілік тұрғыдағы білім жүйесі болуы қажет. Жалпы орта білім беру сапасын арттыру 
мақсатында білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, даму тракториясын белгілеу 
және соның негізінде күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғысынан келуге 
бағытталған білім беру жүйесін жетілдірудің қажеттілігі арта түсуде. Қазақстан 
Республикасында білім беру жүйесінің қазіргі жағдайына жасалған талдаулар негізінде білім 
беруді жетілдіру бағыттарын айқындауға үлкен мүмкіндік туады. Қазақстанның әлемдік 
білім беру кеңістігіне кіруі, елдегі білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оның 
мазмұнын ашуды талап етуде. 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесіне көшудің 
тұжырымдамалық негіздерін жетілдіру қазіргі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі 
деуге болады. 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін 
енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе. Жас жеткіншектің әлеуметтік 
және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, болашақ өмірге еркін енуіне 
дайындығын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп 
отыр Кез келген жаңа идеяның өмірге еніп, жүзеге асырылуы оның ғылыми- 
тұжырымдамалық негізін жасаудан басталатыны белгілі. жалпы орта білім берудің жоғарғы 
сатысындағы оқытуды саралау жүйесі ретінде қарастырылады. 2007-2008 оқу жылында 
бағдарлы оқыту 11-сыныптарды қамтуы тиіс. Бағдарлы оқыту оқушылардың кәсіби өзін-өзі 
анықтауына, әлеуметтенуіне себебін тигізуі, мектеп пен кәсіби білім арасындағы 
сабақтастықты қамтамасыз етеді. Оқушының әр түрлі іс-әрекет түрлерінде өзін байқау 
мүмкіндігі арқылы болашақ қызмет аясын саналы түрде таңдап алуы үшін жағдайлар туғызу 
қажет. 
Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп - жаңа қоғам мектебі,яғни болашақ 
мектебі. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына 
педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған 
ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге 
қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Елге танымал аты 
шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген 
бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай, педагогиканың діңгегіне, мектеп жұмысының 
тірегіне айналдыру баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс. Менің ойымша білім беруді 


479 
479 
тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар. Олар білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке 
негіздеу. Шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, 
бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды. 
Ендеше сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет 
етпек. Сондықтан да мектеп реформасын тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процессін 
ғана қамтып қомай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби 
шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы тағы бар. 
Қазақстандағы білім беру саласын жетілдіру бойынша Мемлекет Басшысы 
Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында түбегейлі жаңа мақсаттар қойылып, білім 
саласы жеке жетілдіру бағыты ретінде көрсетілген. Өйткені, білім - ұлттың бәсекеге 
қабілеттігін арттырудың басты құралы болып табылады. 
Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе «өмір бойы білім алу» қағидасы негізінде ерте 
балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін 
инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр. 
Білім беру саласын жетілдіру бойынша 2011 жылы білім саласын дамытудың 
заңнамалық әрі идеологиялық негізі қаланған болса, 2012 жылы білім және ғылым саласында 
көптеген жаңартулар болды. Бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. 40-тан астам 
түбегейлі жаңа базалық механизмдердің көпшілігі тәжірибеге енгізілді. Мектепке дейінгі 
тәрбие жүйесінде «Балапан» бағдарламасының арқасында балаларды қамту 2011 жылдан екі 
есе өсіп, 71,5%-ға жетті. Екі жыл ішінде бұл көрсеткіш бойынша дамыған елдердің деңгейіне 
жақындаймыз (80% жуық). Мемлекеттік - жеке әріптестік, жан басына қаржыландыру 
механизмдері іске қосылды . 
Жалпы орта білім беретін білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымының оныншы-он бірінші сыныбына қабылдаудан бас тартылған жағдайда жалпы орта 
білім беретін білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын бітіруші 
және (немесе) оның ата-анасы (өзге де заңды өкілдері) білім беру саласындағы жергілікті 
атқарушы органға шағымдануына болады. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты 
міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық 
коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым 
мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби 
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, 
қазіргі кезде әрбір оқытушының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың 
әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық үдерістегі технологияны 
меңгеру. 
1. Назаpбев H. “Қaзақстан — 2030” Баpлық қазақстандықтаpдың өсiп-өркeндеуі, 
қауiпсіздігі жәнe әл-aуқатының aртуы, Eл Пpезидентінің Қaзақстан хaлқына Жолдауы. 
Алматы: Білім, 1997ж. 
2.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы заңы. 


480 
480 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет