482
482
ойындарының нәтижесінде: баланың сөйлеу тілі жетіледі, қимыл – қозғалысы артады,
икемділігі артады, логикалық ойлауы дамиды, танымдық деігейі артады. Баланың қол еңбегі
мен тілін арттыру үшін қандай ойындар мен жаттығуларды және т.б. әрекеттерді
қолданатының ата – аналарға ұсынуға болады. Мысалы: қолмен ермексазды жұмсарту, жуан
жіпке түймелер, моншақтар кигезу, түрлі – түсті жіңішке сымды катушкаға орау, қалын
арқан, жіп ұшарын байлау, түймелерді, ілгіш, замок, қақпақтарды жабу, ауада сурет салу,
құммен, сумен ойнау, сурет салу, бояу, штрихтау, мозаикамен, конструктормен, пазлмен
жұмыс және т.б.
Тіл ақауы бар балалардың сөйлеуін дамыту барысында үй тапсырмаларының
орындалуының маңызы өте зор. Үй тапсырмалары бірнеше бөлімнен тұрады:
-Дыбысты қою кезеңіндегі артикуляциялық жаттығулар.
–Алдағы жұмыста дыбыстарды машықтандыруға арналған артикуляциялық
жаттығулар қосылады ( буында,сөзде,сөз тіркестерінде,еркін сөйлеуде қойылған
дыбыстарды дұрыс айту)
-Фонематикалық қабылдауын дамытытуға арналған тапсырмалар.
–Лексико-грамматикалық жаттығулар мен ойындар.
–Байланыстырып сөйлеуін дамытуға арналған тапсырмалар.
–Ұсақ
моториканы
дамытуға
арналған
тапсырмалар.
Тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне және сөйлеу деңгейіне сәйкес беріледі.
Үй тапсырмасын орындау барысында ата-аналар төмендегі нұсқауларға көңіл бөлу керек:
–Баланың дені сау тамақтандырылған, ұстамды болған жағдайда ғана үй тапсырмасын
орындау қажет.
–Үй тапсырмалары жүйелі түрде логопедтің ұсынғаны бойынша орындалып отырылуы
қажет.
– Тапсырмаларды бала өзі орындауы тиіс, ата-ана тек қана тапсырмалардың
дұрыстығын бақылайды және керек жерде түзетулеріне болады.
–Бала шаршаған жағдайда демалуына мүмкіндік берілуі керек.
–Баланы жиі мадақтау керек.
3.Қортындылау кезеңде логопедпен ата-аналардың арасындағы байланыс болуда келесі
мәселелер шешіледі:отбасы мен жұмыс жасаудың тиімді әдістерін анықтау, түзету-оқыту
жұмысын қорытындылау. Жұмыстың негізгі түрлері:сауалнама, ата-аналар жиналысы, жеке
және
топпен
сұхбаттасу.
Біздің мақсатымыз XXI ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты
сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: