Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу
проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту
түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін
есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін
түсінуге болады.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап
бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу
құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.
Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару,
жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды
алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау
актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол
проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой
тұжырымын қамтиды.
3.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың
деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты
–
жан-жақты
дамыған
тұлғаны
қалыптастыру.Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып,
ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді.
Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік
педагогикалық-психологиялық
және
ұйымдастыру-басқару
шаралары
біріктіріледі.Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму
деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге
мүмкіндік береді.
4.