502
502
тәрбиесіне әсер ететін жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын, баланың жанұядағы
араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін, ата-ананың тәрбие құралдарын, тәсілдерін,
әдістерін пайдалана алу қабілеттерін, баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе –
білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің
таласы жоқ. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да балалар бойында
адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың
ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас
ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын
салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті
жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек
Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмайды. Ал рухани бай, жан-жақты дамыған жеке
тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі
көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке
жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Баланы дамыта
отырып оқытудың басты мақсаты –баланы оқыта отырып, жалпы дамыту болып табылады.
Балабақша балаларымен жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық проблема.
Баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті
анықталуы тиіс. Ол қабілет мектепке дейінгі мекемеде сан алуан салалардан білім алу
арқылы және ұстаздардың көмегі арқылы ашылады және дамиды. Осындай жұмыстарды
үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін
байытуға, қиялын ұштауға өз әсерін тигізеді.
Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін,
негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті
ұландарымыз екенін ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – ұстаз,
ата-ана және қоғам қауымының міндеті.
Осы міндетті орындау барысында мынадай мәселелерге жіті көңіл бөлген жөн:
1. Баланың психологиялық даму ерекшелігін, әр нәрсеге деген қызығушылығын анықтау;
2. Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;
3. Балалардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға икемдеу,
соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;
4. Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, баланың танымдық
белсенділігін арттыру.
Осындай атқарылған жұмыстар барысында тәжірибелік істердің ілгері басқанын
байқауға болады.
Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының
еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз
еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді
патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған,
шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелей алады деп нық сеніммен
айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: