Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Комарова Т.С. «Обучение детей техническим навыкам и умениям»
М. Просвещение 1970г
2. Косминская В. Б. Хомзова Н. Б. «Методика руководство изобразительной
деятельности» М. Просвещение 1987г
3.Никитин А. В. «Нетрадиционные техники рисования в детском саду.
Издательство «Каро» 2014г
ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ - ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІ
Тюлемисова Лайла Сериковна
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
Қазіргі заман ағымына қарай білім берудегі мақсат — өзгермелі даму үстіндегі ортада
өмір сүруге бейім, қоғам мүддесіне үлес қосуда өзін — өзі белсенді етуге дайын, басекеге
қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазіргі педагогика
ғылымында
негізгі
базалық
ілімдердің
бірі
«құзыреттілік»
болып
отыр.
Құзыр-бұл
адамның
бойындағы
бар
білік
пен
білім
және
қабілеттері.
510
510
Құзырет–қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске
асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында
табысты іс әрекетке дайындық. Құзыреттілік дегеніміз – бұл адамға берілген немесе
жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев «Қоғамның нарықтық қарым-
қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға
алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті
жеке тұлғаны қалыптастыру-біздің басты мақсатымыз»-деп өзінің Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан атты жолдауында тұжырым жасады. Қазіргі өскелең талап бойынша әрбір оқу пәні
бойынша білім, білік және дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз, жеке
тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын, қабілет, білім, икем, дағды,
тәжірибе, көзқарас болып табылады.
Бүгінгі қоғамада оқушының академиялық – энциклопедиялық білім жиынтығы
жеткілікті болғанымен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдаяттарға икемсіздігі
байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзіреттіліктің қалыптаспағанын
айғақтайды.
«Құзірет» термині қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды
тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағы, құзіреттер. (іс - әрекет
тәсілдері), психологиялық ерекшеліктер, құндылықтар жатады. Мұны былай көрсетуге
болады:
- құзірет;
- білім, білік (әрекет), дағды әрекет;
- құзіреттілікер (игерілген іс - әрекет тәсілдері);
- өзін - өзі басқару;
- тұлға.
Құзыреттілік - оқу нәтижесінде меңгерген білім мен дағдыны тәжірибеде қолдана алу,
проблеманы шеше алу, яғни оқушы дайындығының сапасын сипаттайтын жаңа сапалық
белгісі. Білім берудің негізгі нәтижесі ретінде жеке тұлғада төмендегі құзыреттіліктер болуы
тиіс:
• Құндылықтарды бағалау құзыреттілігі
• Коммуникативті құзыреттілігі
• Мәдениеттану құзыреттілігі
• Оқу-танымдық құзыреттілігі
• Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі
• Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі
• Ақпараттық -технологиялық құзыреттілігі
1. Құндылықтарды бағалау құзыреттілігі - жаңа қоғам өмірінде өз ролін таба білу,
біліктілігі, азаматтық белсенділігі, саяси жүйені түсіну, ең алдымен өз жерінің, Отанының
патриоты болу.
2. Мәдениеттану құзыреттілігі - өз халқының және әлем елдерінің мәдениетін түсіну,
білу, бағалау, жалпы адамзаттық мәдениеттің жетістіктері мен этномәдени құбылыстарды
тану.
3. Оқу-танымдық құзыреттілігі – оқушының әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін
қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Әлемдік ғылымның бағытын ізденушілік -
зерттеушілік әрекет арқылы игеру.
4. Коммуникативті құзыреттілігі – адамдар мен өзара іс-әрекет және қарым-қатынас
жасау тәсілдерін білу, түрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеу.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілігі - өз бетінше іздей білу, талдау, таңдап алып
өзгерте білу, ақпараттық технологияны игеру.
6. Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі - жанұяда, еңбекте, экономикада, саяси, қоғамдық
азаматтық тәжірибе мен білімге ие болу. Әлеуметтік- қоғамдық жағдайларға нақты талдау
жасап, шешім қабылдай білу.
511
511
7. Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі – өзіндік қадір – қасиет сезімін ұйымдастыра
білу, өз мүмкіндігін нақты даму жоспарларымен салыстыра білу.
Коммуникативтік құзыреттілік проблемаларын философиялық тұрғыдан зерттегендер:
Г.С.Батищева, Л.П.Буевой, М.С.Кагана, О.В.Лармина, Г.П.Щедровицкого, К.Ясперса және
т.б. ал, педагогика және психология ғылымдарында қарым-қатынас проблемасын іс-әрекет
тұрғысынан зерттеген ғалымдар: Г.М.Андреева, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, А.А.Леонтьев
және т.б., ал, жеке тұлғалық жағынан қарастырған зерттеушілер: Б.Ф.Ломов, А.Г.Ковалев,
А.В.Петровский және т.б. [2]
Құзіретті адам – ол жеке тұлға. Ол туындаған проблеманы жеке және топтарда
(коммуникативтік) шеше алуға, өмірде және жұмыс орнында үнемі жанашылдыққа
ұмтылуға, қабілетті болуға тиіс, өз бетімен және басқаның көмегімен қажетті ақпаратты
іздестіріп, қолдана алады. Осы аталған сапалар мен қасиеттер кез келген іс - әрекеттерге
қажет. Содан да олар негізгі құзіреттер деп аталады. Оқушы білімдік процестегі негізгі,
құзіреттерге оны тәжірибеде тиімді қолданудың нәтижесінде қол жеткізеді. Негізгі
құзіреттер іс - әрекеттен көрінеді.
-
оқытудың іс- әрекеттік сипаты, яғни оқитындарды қандай да бір іс-әрекетке
араластырғанда: зерттеу, жобалау басшылық;
-
оқу процесін оқушы дербестігі мен өз іс-әрекетінің нәтижесіне деген
жауапкершілікке бағдарлау;
-
өнімді топтың жұмысын ұйымдастыру;
-
мұғалімнің құзіретті мінез – құлық танытуы.
Тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы, ең әуелі мектептегі
оқыту үрдісінде қалыптасады. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік
құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор. Оқушылар қарым — қатынас
моделдерін, мәдениеттік стереотиптерді, мәдениет образдары мен символдарын білулері
керек. Бұл оқушылардың қазақ тілінде емін еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады.
«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» — қол жеткізу, сәйкес келу,
сөзінен шыққан) — қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте
болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік
рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір
таластыра т.б. білуі тиіс. Коммуникативтік құзыреттілік-екінші тілді үйренуші оқушыларға
тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді
орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани
өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың бойында коммуникативті құзіреттілікті
қалыптас- тырып, дамыту үшін тақырыпқа байланысты диалог, койылымдар әзірлеу, рөлдік
ойындар ойнау т.с.с. тапсырмаларды орындатуға болады.
Әдіскер - ғалым Ф.Ш. Оразбаева коммуникативтік әдістің өзіндік белгілерін көрсете
отырып, оған мынадай анықтама береді: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен
оқытушының тікелей қарым – қатынасы арқылы жүзеге асатын әдістің түрі». Бұл дегеніміз
тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-
ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Қазақ тілі
сабақтарында
оқушылардың
коммуникативтік
құзыреттіліктерін
қалыптастыруда
қатысымдық әдістің маңызы зор екендігіне оқыту барысында көз жеткізуге болады.
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен іске асыруға болады: жұптық, топтық,
ұжымдық. Топтық жұмыстар арқылы оқушылар бірлесіп білім алады, тілдік қарым-
қатынасқа түсіп, сөздік қоры молаяды, шәкірттің бойында жауапкершілік, сыйластық,
достық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндіктің мол екендігін байқалады. Дәстүрлі сабақта
мұғалім тек бірнеше оқушымен жұмыс істейді, ал топтық жұмыста барлық оқушылар өзара
бірігіп тапсырманы орындайды, бір адам кем дегенде екі не одан да көп адамдармен бірден
қарым – қатынасқа түседі, сөйлесуші ойын, пікірін бірнеше адамдарға бірдей жеткізеді.
Осындай сөйлесулерде оқушылардың өз Отанына, қаласына, көшесіне деген
512
512
сүйіспеншіліктері, мақтаныштары байқалып, қуантады. Әрине, бұндай нәтижеге алдыңғы
сабақтарды тиімді, тартымды өтудің арқасында ғана жетуге болады.
Білім алушыларға қазақ тілін үйрету кезінде, олардың сөздік қоры болмайынша, өзге
тілде сөйлеуі мүмкін емес. Пәнді оқытуда қолданылатын интерактивтік әдістер: сабақ
презентация, сынақ сабақ, зерттеу, жоба құру сабақтары. Тәжірибеде қолданылатын,
оқушылардың белсенділігін арттыратын интерактивтік тәсілдер – Миға шабуыл, кластер,
синквейн, инсерт, эссе, семантикалық карта, рөлдік ойын, әңгіме - дебат, пікір талас,
жағдаяттарды шешу, жуан, жіңішке сұрақтар, рефлексия оқушылардың тілін дамытуға,
сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді. Оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген
сенімсіздігін сейіліп, тілді үйренуге ынтасын артады.
Оқытуда құзіреттілік әдістерді қолдануда оқушылар белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей
сезеді, өз-өзіне деген сенімділігі артады, ой еңбегі жетіледі, түрлі міндеттер қатарын шешуге
мүмкіндіктері ашылады, берілген тапсырмаларды саналы орындайды, оқуға деген
белсенділігі артады, шынайы ақыл-ой әрекет жасайды. Әрекеттің жалпы негізін ұғыну
арқылы құзіреттілігі артады, шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады. Өзін жеке
тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді.
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру
— заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты,
қазақ тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым-
қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін
оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында.
Қорыта келе, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» стратегиялық
бағдарламасындағы білім саласына қатысты тапсырмаларын жүзеге асырушы тұлғалардың
әрқайсысы еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігімен ерекшеленуі тиіс.
Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі екені белгілі. Қоғамға
ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт нық әрі сенімді болу үшін бәсекеге
қабілетті маман дайындау орта арнаулы және жоғары оқу орындарынан бастау алмақ.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007
2.
Куламихина И.В. «Педагогическое управление развитием коммуникативной
компетентности студентов в образовательном процессе торгово экономического вуза»
Автореф. Дис. кан. пед. наук. Омск, 2007.
3.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы.
4.
Левитан, К.М. О содержании понятия "коммуникативная компетентность". Перевод и
межкультурная коммуникация. / К.М. Левитан. Екатеринбург.: Издательство АБМ, 2001.
№.2.89-91б
5.
Пассов, Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. - М., 1991.
Достарыңызбен бөлісу: |