«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет230/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА ӘЛЕМІ 
 
Төкен Н.С., Альжанова К.Ж. 
Қарағанды қаласы, КМҚК «Толағай» балабақшасы 
Бүгінгі күні мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мен тәрбие беру үдерісі балалардың 
жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне ғана емес, білім беру жүйесінің ұйымдастырушылық 
жағына да аса байланысты болып келеді. Балабақшада математика пәнін оқыту барысында 
балалардың пәнге деген қызығушылығының болмауынан, түсінбеуі салдарынан педагогтың 
жұмысында көптеген қиыншылықтардың кездесуі де әбден мүмкін. Егер білім берудің әр 


513 
513 
сатысының арасында пәннің мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдарының сабақтастығы 
толық орындалып отырса, яғни білім берудің әр сатысында берілетін математикалық білім 
бір – бірімен сабақтас болған жағдайда бұл қиыншылықты, әрине, жеңуге болады. Педагог 
негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, балалардың математикадан алған білім, 
білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттыруды 
басты мақсат етеді.
Қазіргі заман технологиялық үрдістер дамыған білімділер заманы болуы себепті 
бүгінгі күні зерделі, ой-өрісі кең, жан-жақты дамыған ұрпақ легін қалыптастыру 
мемлекетіміздің алға қойған маңызды міндетіне айналып отыр. Тәрбие мен білімнің алғашқы 
дәне – мекепке дейінгі мекемелер – балабақшалардан бастау алады. Сол себепті 
балабақшаның басты міндеті – оқыту, тәрбие беру мақсатында балаларды дамыту, сөздік 
қорларын молайту, ақыл-ойын жетілдіру болып табылады. 
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын 
арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар беру 
деп білемін. Балаларға берілетін есептер оларды зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, 
шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс. Бүгінгі күні ғылым мен техниканың 
дамуында математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр адамда математикалық 
сауаттылығы болуы керек десек, ол міндетті түрде балабақшадан бастау алады. Ал ол ересек 
топтағы балаларға математикалық білім, білік, дағдыларын игерту, шығармашылық 
қабілеттерін арттыру, зейінін, еске сақтау, байқағыштық, бақылағыштық, қиялдау, танымдық 
іс – әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеуден басталады. Сонымен бірге, 
баланың ақыл – ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру, логикалық ойлау 
қабілеттерін дамыту, математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру, танымдық 
қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру математиа пәнінің басты мақсатына айналады. 
Ең бастысы, берілген материалдар мен тапсырмалар балалар қызығатындай, есептер 
күнделікті өмірден алынып отырылуы қажет.
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың пәнге қызығушылығын оятатын, 
математикалық ой-өрісінің, шығармашылық қабілетінің дамуына дәнекер болатын және 
өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыратын жұмыстарды қамту аса маңызды. 
Әртүрлі есептер, ребустар мен жұмбақ есептер шығарту балабақшадағы ересектер 
тобындағы балалардың қызығушылығын арттыра түсетіні анық. Математика сабағы баланың 
танымдық қабілеттерін дамытуға, оның ой-өрісін тереңдетуге мүмкіндік береді. 
Балабақшадағы ересектер топтарына арналған қарапайым математикалық 
түсініктерді дамыту жөніндегі бағдарламаларда балалардың алған білімдерін жалпылау, 
жүйелеу , кеңейту және тереңдету міндетті түрде қарастырылуы тиіс. Сонымен бірге, балалар 
мектеп табалдырығын аттайтын кезеңге қарай жиын мен сан, пішін мен шама туралы өзара 
байланысы бар түсініктерді меңгеруі, кеңістік пен уақытты бағдарлай алуы қажет. 
Математикалық байланыстар мен байланыстылық туралы түсінік қалыптастыру, 
тиісті амалдарды меңгеру даярлық тобындағы балалардың көрнекті – бейнелі ойлауын жаңа 
деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Балалар көзбен көріп, іштей есептеуге үйренеді, 
олардың көз мөлшер, пішінді шамалау жылдамдығы арта түседі. 
Бұл жас мөлшерінде ойлау қабілетін , ойлау дербестігін дамыту, талдау, салыстыру, 
қорыту секілді ойлау әрекеттерін дамытудың да маңызы зор. Мұның бәрі мектепке дейінгі 
мекемелерде қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға қосымша балалардың 
математикалық білімін кеңейтіп, математикаға деген қызығушылығын арттыру үшін қажет. 
Ал кеңістік, уақыт арқылы бағдарлау, заттарды санау, сызықтар, қазақ халқында жиі 
қолданылатын сандар, сандар қатары, математикалық ертегі логикалық тапсырмалар, 
қызықты жаттығулар, дидактикалық ойындар, есептер, геометриялық пішіндер туралы 


514 
514 
танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сандар мен оларға қолданылатын 
амалдар, шамалар, есептер және геометрия элементтерін де қамтып отырса құба-құп. 
Балабақшада математика сабағын аса қызықты етіп өткізу, пәнге деген ынта-
ықыласын арттыру мақсатында балалардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту, 
ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты 
сапаларын дамыту жұмыстары қоса жүргізіледі. Сонымен қатар меңгерген математикалық 
білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру мақсаты көзделуі тиіс.. 
Математика сабағын өз деңгейінде өткізе білген педагог баланың тұлға ретінде 
қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге 
қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғыза алады. Математиканың өмірде 
болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға жөне қоршаған болмысты танып-білуге 
көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету де 
маңызды міндеттердің бірі. 
Мен өзім еңбек ететін «Толағай» балабақшасында ересектер тобына өткізетін 
математика сабақтарын балалар үшін аса қызықты етіп өткізуді, балалардың өз беттерімен 
ойланып, есеп шешімдерін өздері табуына тырысу қасиеттерін дамытуға көңіл бөліп келемін. 
Мысалы, «Қызықты математика» сабағында балалардың сан санау ұғымын кенейтіп, 
дамытуға мән беремін. Салыстыру, санау, санамақ айту арқылы сөздік қорын молайту да аса 
қажет. Мұнда мен көрнекілік ретінде суреттер, сандар таңбасы, санайтын таяқшаларды 
көбірек пайдаланамын. Сабағымды сұрақ - жауап, салыстыру әдіс-тәсілдеріне құрамын. Бұл 
жерде оқу әрекеті мен бірге тәрбиешінің іс– әрекеті, ұйымдастырушылық ізденушілік пен 
ұйымдастырушылық оятушылық әдіс-тәсілдері балалардың іс – әрекетімен тығыз ұштасып 
жатуы қажет. Балалар шаттық шеңберіне жиналады. Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты.
Мысалы, қызықты математика сабағында «Доп лақтыру» ойынын ойнату барысында: - Бір 
аптада неше күн бар? Бір аптада 7 күн бар. Апта деген ағайдың жеті бірдей ұлы бар. Біріншісі 
– дүйсенбі. Екіншісі – сейсенбі. Үшіншісі – сәрсенбі. Төртіншісі – бейсенбі. Бесіншісі – жұма. 
Алтыншысы – сенбі. Жетіншісі – жексенбі, - деп балалардың алдымен пәнге деген 
қызығушылығына, ойлана бастауына жол беріп аламын. Сонымен қатар: - Бүгін қай күн? 
Бейсенбі. - Бүгін ауа - райы қандай? - Ашық, жылы, тамаша – деген сұрақ-жауап әдісін 
қолдана отырып, балаларды қызықты математика еліне саяхатқа шығарамын. Саяхат 
барысында көлігіміз тоқтап қалып, Бағдаршамның көмегіне жүгінеміз. - Бағдаршамның 
қызыл көзі жанып тұр. Ол неге? - Бағдаршамның көлемдері қандай? – деген сұрақтар 
қойылады. Балалар: -Домалақ, шеңбер, - деп жауап береді. Ал түстері қандай? Қызыл, сары, 
жасыл, тіпті әдемі, - деп те шулайды. Сонымен бірге, балаларды жол ережесі бағдаршам 
туралы қосымша түсініктер беріп, таныстырып өтемін. Ал «Қызықты математика елі» 
сабағында балалардың алғырлық, тапқырлық, шапшаңдықтарын сынға аламын. Ол үшін 
мынадай Ттапсырма беремін. Қоян мен қожықтың сүйікті тағамы қандай? Балалар қояндікі 
– сәбіз. қонжық балды жақсы көреді, - деп жауап береді. Тағы да, балалар суретте қанша 
күшік тұр? Неше сүйек? Әр күшікке қанша сүйектен бөліп береміз? – деген сұрақтарға 
балалар 4 күшік, 4 сүйек. 1 күшікке, 1 сүйектен, - деп дәл есептеп жауап бере алатын болады.
Мектепке дейінгі мекемеде балаларды санауға, қосуға, алуға үйрету алдымен 
жүргізілуі тиіс. Мұнда балалардың логикалық ойлау, ауызша есептеу дағдыларын дамытуға 
назар аударылады. Ой-өрісін, шығармашылық шеберлігін байыту, геометриалық пішіндерді 
анықтаумен, көлік түрлерін құрастырып, санамақтар айтқызу да пайдалы әдіс-тәсілдердің 
бірі. 
«Толағай» балабақшасында еңбек еткен жылдарымда ересектер тобында тәрбиеленіп 
отырған балалармен математика сабағын өткізу кезінде көрнекіліктерді барынша тиімді 
қолдануға аса мән беруге тырыстым. Мысалы, математикалық алғашқы ұғымдарын 
қалыптастыруда геометриялық фигураларды кеңінен пайдаландым. Геом етриялық 
фигуралардың құрылымы мен құрылысының өзі-ақ балаларды тартып, қызығушылықтарын 
тудыратынын, оларды ойлануға жетелейтінін байқадым. 


515 
515 
Қазіргі замандағы білім беру тенденциялары да жаңаша оқыту, білім алу және 
өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту болып табылады. 
Жаңа білім алу бағытында балалардың қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, 
бағыттылықпен бірге мықты негізділік те шешуші рөлге ие. Осының бәрін саралай келе, 
балабақшада математика пәнін заманауи технологияларды орынды қолдана отырып өткізу 
балалардың математика сабағына қызығушылығын арттыра беретіні сөзсіз. Өмірден алынған 
көрнекіліктермен 
бірге 
түрлі 
слайдтар, 
Монтессорий 
технологиясы, 
Дамыту 
технологияларын пайдалану арқылы математика сабақтарын балалар үшін қызықты бір 
әлемге айналдыру – бүгінгі күнгі педагогтардың басты мақсаты, балаларға сапалы білім, 
саналы тәрбие беру жолында қол жеткен табысы болып табылады. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
Т. Кенжебаев, М. Абдиров «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы, 1985ж 
2.
«Бала мен балабақша» журналы №1, 2011ж 
3.
Мектепалды даярлық журнал №1, №2, №3 2004ж 
4.
«Балақай» республикалық журнал №1, 2009ж 
5.
Никитин Б. П. Балабақшадағы математика – М; 2003 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет