«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


ЛЕКСИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС – ТӘСІЛДЕР



Pdf көрінісі
бет231/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
ЛЕКСИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС – ТӘСІЛДЕР 
ЖҮЙЕСІ
А.Ғ. Жұмабаева 
БГПУ им. М.Акмуллы
 
 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: "Болашақта өркениеті дамыған 
елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің 
қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін- білім". Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп 
еңбек етуді талап етеді. Дегенмен мұғалім тиімді тәсілдерді дұрыс қолданылған жағдайда 
сыныпта, мектепке өзгеріс енгізе алады. 
Мемлекеттік тілді үйретудің ең ірі бөлімдерінің бірі – лексика. Лексика сөз мағынасын 
оқытатын 
болғандықтан, 
бұл 
– 
көп 
жағдайда 
өзге 
тілді 
мектептерде 
сабақ беру барысында басты назарда болатын сала. Осы саланы зерттеуде профессор Қ.Жұб
ановтың, академик І.Кеңесбаевтің, Ғ.Мұсабаевтың, Ә.Болғанбаевтың, Ғ.Қалиұлының 
көптеген зерттеу жұмыстары нәтижелі болды. Бұл қазақ тілі лексикасының біршама жетілген 
сала екендігін көрсетеді.
Алайда лексика мен лексикология терминдерінің синонимдік қолданылуы лексикалық 
зерттеу объектілерін жүйелі қарастыруда біршама қиындық туғызады. Ғалымдардың 
пікірінше, лексика терминін лингвистиканың негізгі салаларының бірі деп танып, оның 
ғылыми объектілерін содан шығатын жүйе деп білу методикалық тұрғыдан тиімді болар еді 
[ 1: 20].
Аталған жұмыстардың нәтижесінде лексика тарауын оқытудың міндеттері мен 
мақсаттары анықталып, берілетін дидактикалық жаттығулардың тақырыптары мен көлемі 
белгіленді. Бұл лексиканы оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды 
терең меңгертумен қатар, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикамен, мофологиямен, 
синтаксис және стилистикамен байланысын түсіне білуге, яғни бүкіл тілдік жүйені меңгерту 
аса маңызды екенін көрсетеді. Алайда, ана тілінде сөйлей білген адамның барлығы да сол 
тілдің заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-сипатын толық біле береді деуге болмайды. 
Сондықтан лексиканы оқытудың практикалық маңызы зор. 
Лексиканы оқытудағы қойылатын талаптар оқушыларды дұрыс сөйлеуге, ойын жеткізіп, 
айта білуге тәрбиелейді. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді айыра білуге 


516 
516 
үйретеді. Сондықтан лексика бөлімінің материалдарын жаңа білім беруде де, пысықтау 
кезеңінде де қолдану тиімді [2: 36].
Фразеологизмдер мен мақал- мәтелдерді оқытқанда, теориялық білім беріп қана қоймай, 
тұрақты тіркестерді оқушының сөздік қорына көптеп енгізуді мақсат ету қажет. Ол үшін 
фразеологизмдерді әрбір сөз табына қатысты алып, «Кім көп біледі?» жарысын топтар 
арасына өткізіп, отырған жөн болады. Фразеологиялық синонимдер және фразеологиялық 
антонимдердің сөздігін оқушылардың өздеріне құратуға болады. Сыныпаралық немесе 
мектепішілік тапсырма ретінде «Кім фразеологизмдерді көп қолданады?» деген апталық 
жарыс өткізу де тақырыпты терең меңгертуге септігін тигізбек . 
Тағы бір айта кететін жайт – фразеологизмдер тұтастығының сақталуы. Сөйлем ішінде 
фразеологизмдерді тауып талдағанда, оның әрбір сыңарын жеке-жеке сөз табына жатқызып 
талдауға болмайды. Мысалы үш ұйықтаса түсіне кірмеген болатын деген тұрақты тіркесті: 
үш – сан есім, ұйықтаса –етістік, түсіне – зат есім, кірмеген болатын – етістік деп талдау – 
үлкен қателік. Сол сияқты кірмеген болатын – баяндауыш, түсіне – толықтауыш, үш 
ұйықтаса – пысықтауыш деп талдауға да болмайды. Дұрысы мынау: үш ұйықтаса түсіне 
кірмеген болатын – күрделі етістік, сөйлемдегі қызметі – баяндауыш [3: 15]. 
Оқушыларға фразеологизмдердің біртұтас тілдік құбылыс екендігін меңгерту үшін 
мұғалім фразеологизмдердің қай сөз табына жататынын, қандай сөйлем мүшесінің қызметін 
атқарып тұрғанын талдату артық болмайды. Кейбір мәтінде фразеологизмдердің арасына 
басқа сөз ену құбылысы кездесіп жатады. Оны жазушы белгілі бір стильдік мақсатта 
өзгертіп 
қолданады. 
Қосалқы 
сыңарлар 
фразеологизмдердің 
соңына 
немесе 
арасына енгізіледі. Стильдік мақсатта (оқиғаны нақтылау үшін, ойды ұлғайтып, қоюланды
ру үшін, контексті әзірлеу үшін т.б.) қолданылғанда фразеологизмдердің өзгеріске түсуі қате 
емес, керісінше қажет. Мұндай жағдайда тұрақты тіркестерді жақсы білетін оқушылар 
мәтіннен фразеологизмдерді дәл тауып алады оларға үстелген қосымша тілдік элементтерді 
де қатесіз ажырата алады.
Сонымен қатар, лексиканы оқытқанда тек тар аяда ғана шектелмей басқа да пәндермен 
байланыстыра оқытқан жөн. Әсіресе фразеологизмнің тура мағынасына байланысты сурет 
салу оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Сыни тұрғыдан ойлау 
әдістемелері арқылы баланы оқытар болсақ, оқушының көп мәлімет алуымен қатар, 
сабақтың қызықты өтуі де анық. Лексиканы жеңіл әдістер қолдану арқылы 
меңгерту, оқушының болашақта шешен әрі сауатты сөйлеуін қамтамасыз етері анық.
Лексиканы меңгертуде диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалог - ғылымда танымдық 
процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар
қатынастар, бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік 
дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы 
арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтік оқытудың маңызды рөл атқаратынын 
көрсетті. Арнайы зерттеушілер диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен 
қатар олардың білім деңгейлерін өсіруге үлес қосатынын атап көрсеткен. Зерттеулерде 
ересектермен қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың 
нәтижесі балалардың оқуына және коллективті дамуына әсер ететінін көрсетеді. Оқушының 
білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болуы, сынақтан өткізу және қайта бағыттау 
сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.
Түрткі болу дегеніміз сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын 
түзетуге көмектесу үшін қажет.Сынақтан өткізу дегеніміз сынақтан өткізуге арналған 
сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз 
идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет. Қайта бағыттау дегеніміз 
сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау болып табылады. Мысалы: «Көмектесе 
алатындар бар ма?»
Білім беруді тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ 
қою арқылы мұғалім: 


517 
517 
- Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады; 
- Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды; 
- Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады; 
- Оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі; 
- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді; 
- Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және 
бағалауына ықпал етеді; 
- Әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді,іс-әрекеттерін 
тереңдетеді және шоғырландырады; 
- Білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды. 
Қорыта келе, лексика – тіліміздегі сөз байлығын зерттейтін ғылымның бір 
саласы. Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге ойын жеткізіп айтуға тәрбиелеу басты мақсаты. 
Лексиканы мектепте оқытуда көптеген әдіс тәсілдер қолдана аламыз.Себебі тақырып, ойын 
түрінде болсын, немесе модульдік болсын барлық әдістерді қолдануға өте қолайлы.Сонымен 
қатар кейінгі жаңа технологиялар бойынша да оқытуға әбден келетін тақырыптардың бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет