«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


Салиқалы ойдың, салмақты сөздің мәйегі - ана тілінде. Басқа тілдің бәрін білуің



Pdf көрінісі
бет239/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Салиқалы ойдың, салмақты сөздің мәйегі - ана тілінде. Басқа тілдің бәрін білуің 
мүмкін, бірақ өзіңді толғандырған өрнекті ойдың кестесі туған тіліңде ғана әдемі 
өрнектеледі, бейнелі баяндалады. Ана тілі – бұл біздің мемлекеттік тіліміз. Оның қолданыс 
аясын кеңейтіп, қоғамдық қарым-қатынас тіліне айналдыру – біздің міндетіміз. 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген 
құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған 
ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. 
Сөзімнің соңын 
Халел Досмұхамедұлының
ана тілі туралы айтқан мынадай көрікті ойымен 
аяқтағым келеді
: «
А
на тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол – сүйініш, ана 
тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол – күйініш». 
 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Жанақова Н. Қазақстандағы тіл тарихы. Алматы, 2006. 77-б.
2.
Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы // Тіл және қоғам. 2004. № 
2. 7-б.
3.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // 
Егемен Қазақстан. 1997. 15 шілде.
4.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Назарбаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты. 2006. 11 мамыр. 7-б.
5.
Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы № 769 қаулысы. // Егемен Қазақстан. 1998. 
11 қыркүйек, тамыз.
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ
БЕРУДЕ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ 
М.Қ. Мыңжанова, А.Т. Смагулова 
№2 «Батыр» санаторлық балабақшасы 
 
Адамгершілік тәрбиесі –тәрбие салаларының маңызы бір құрамдас бөлігі. Жеке
тұлғаны жан-жақты жетілдіру процесінде ол ақыл-ой тәрбиесінен кейін маңызды рөл
атқарады.Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау 
дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойына адамгершілік 
құндылықтарын сіңірген, яғни бәсекеге қабілетті адамзатты тәрбиелеу. Адамгершілік
тәрбисінің негізі- адамдарды жалпы адамзаттық моральрухында тәрбиелеу. Мораль
дегеніміз- адамдардың бір-біріне деген міндеттері мен қарым-қатынасын айқындайтын
мінез- құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы.Мораль латын тілінде
«адамгершілік»» ұғымын білдіреді. Ал адамгершілік дегеніміз- жағымды мінез-құлқының
нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мінез – деп адамның жеке басындағы қоғамдық
ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге
қарым-қатынасын айқындайтын күрделі процесті айтамыз.Адамгершілік жиынтығы-
борышы болып табылады: 
-Адамның адам алдындағы, қоғам алдындағы, Отан алдындағы борышы. 
-Ата-аналардың балалары алдындағы немесе балалардың ата-аналардың борышы. 
-Жеке адамның ұжым алдындағы, ұжымның жеке адам алдындағы
борышы.Адамгершілік борышы идеясы-бүкіл тәрбие процесінің саналы, негізгі өзегі
болуын назардан тыс қалдырмау керек. Олай болса адамгершілік тәрбиелеу - дегеніміз


536 
536 
жақсылық атаулыға деген сезімді дамыту, өзгеге болмайтын жамандық атаулыға жол
бермеу деген сөз.
Адамгершілік тәрбиесіне мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты,
мінез-құлық дағдыларымен әдістерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық
саналы,қарым-қатынасты дамытуға, құндылықты тиімді пайдалануға бағытталған
жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі-деген анықтама берілген. 
Қазақ энциклопедиясында «Адамгершілік тәрбиесі- тәлім тәрбиенің ықпалды әсері
мен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді
дамытудың сара жолы », - деп ұғындырылған. 
Болашақ десек те, келешек десекте, бұл сөздерде «Бала, ұрпақ, өркен»- деген мағанаға 
барып тіреледі. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығының өзі дүниеге перзент
әкелген соң, оның болашағын ойлау, яғни қандай тағдыры бар, кім болар деп, сол
жолда ата-аналық борышын ақтау.
Баланы туу- бұл тек Әке немесе Ана болу деген сөз емес. Әке мен ана болудың
өлшемі шынайы достық болып табылады. Бала сіздің қуанышыңыз ғана емес, сондай 
–ақ болашақ азамат, құзыретті тұлға. 
Ұрпақ- болашақ! Ал сол ұрпақ, яғни адамзаттың болашағы жанұяда тәрбиеленеді. 
Бала дүниеге келген соң, енді ол өмірден өкінбестей, өкіндірместей болып өсуі
керек. Әр балаға өзінің қоғамға керек адам екенін жанұя қабырғасында түсіндірген,
санасына тоқығаны дұрыс. Жанұя баланың барлық өмір мәні, ата-ананың
адамгершілік сенімі мен сезімі, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы, айналасындағы
адамдарға, қоғамға деген көзқарастары барлығы балалық шақта ұмтылмастай терең
әсер қалдырады. Өз баласының болашағын ойлау, сол баласының өмір сүрер қоғамын
ойлаумен ұштасуы тиіс. 
XV- Ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Лоок: «Баланың ақылы да, жаны да,
туғанда ақ қағаздай тап-таза болып туылады, ал сол ақ қағазға қандай жазу жазса
да жазушының өз еркінде. Сол секілді балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден.
Бала қалай тәрбиеленсе, соған көне береді»- деген болатын. 
Қазіргі заманда ата- аналардың бала тәрбиесіне салғырттықтары басым екені
баршамызға аян. Уақыт өткізіп алып, балаға тәрбие беруден кеш қалып жатқандары
да баршылық. Сондықтан бойымызға біткен бойкүйездікті тастап, бала қамына ерте
қамданғанымыз жөн.Отбасы үшін ежелден тән қасиетті балажандық, балаларды 
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен 
және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі қазақ халқының
адамгершілігіне жат нәрсе емес. 
Ата- аналар алдындағы қиыншылықтар мен кемшіліктерге мыналарды жатқызамыз: 
-Ата-аналардың балаларымен араласуының жетімсіздігі.Балаларды материалдық 
қамтамасыз ету жөнінде,үйдегі барлық пен қолайлылық жайында қамқорлылық көрсете
отырып, ата-аналар бос уақыттарының көбейгендігіне қарамай, баламен араласуға
уақытының мардымсыз бөлігін арнайды; өзі туралы,жұмысы жайлы аз сөйлеседі, аз 
әңгімелейді; балабақшадағы балалар ұжымының өміріне сирек көңіл аударады; баланың
өз достары жайлы айтып беруіне көңіл бөлмейді. Сөйтіп баланың жеке басын дамыту
мен тәрбиелеудің тиімді құралы-баламен араласу толық мөлшерде пайдаланылмай
келеді. Ал ата-аналардың баланың өмірі, оны қызықтыратын, еліктіретін
нәрселер,достары қам-қаракеттері жөнінде нашар хабардарлылығы ата-аналар мен
балалар арасындағы өзара түсініспеушіліктің біртіндеп өсе түсуіне, ата-аналардың
балалардан алыстай беруіне алып келеді. Демек, ересектерді балаға белсенді түрде әсер 
ету, оның жеке басын дұрыс жоспарлау мүмкіндігінен айырады. 
Ата-аналардың өмірінен алынатын жағымсыз үлгілердің болуы. Күн сайын балалар
өз ата-анасының қылықтарын, қатынастарын жұқтырып отырады, жанұя өмірінің көптеген 
мәселелеріне қатысады. Осының бәрі балаларды тәрбиелеп,олардың өз көз қарастарын
қалыптастырады. Ата-ананың тәжірибесін меңгерудің неғұрлым күшті қуаты (механизмі 


537 
537 
) оларға еліктеу болып табылады. Міне, сондықтан да ата-аналардың балалардан дұрыс
емес мнез-құлқы: дөрекілігі, маскүнемдігі,адамдарға деген жаман ниеттілігі және басқа
да кемістіктерге балаларға әрқашан теріс әсер етеді, өйткені баланы тәрбиелеудің
міндеттеріне қайшы келеді.
-Ата-ананың тәрбиелік ықпалдарының жүйесіздігі.
Тәрбие үрдісі заңдылықтарын білмеу немесе жете бағаламау, ата-аналардың анда-
санда тәрбиелеу позициясынан көрінеді: оқуын тексеру, теріс қылығы үшін жазалау. 
Балаға мұндай бір сәттік әсер ету балалардың құлақ аспауын, берік адамгершілік
түсініктердің болмауын, білім мен қылық арасындағы алшақтықты тудырады.
Отбасы тәрбиесінің негізі ретіндегі шектеулердің жүйесі.Бұл кемшілік, бір жағынан, 
ата-аналардың қатал болу қажеттілігіне, баланың мінез- құлқындағы жаман нәрседен
ештеңені қалт жібермеуге, сенімінен және екінші жағынан оңды үлгі арқылы тәрбиелей
білмеуден, баланың өмірін ол мінез-құлыққа үнемі жаттыға алатындай етіп
ұйымдастыра білмеуінен туындайды. Бұл жүйе тәрбиені іске асырушы үлкендердің
еркіне баланың жақтырмау қарауын (тентектік істеуге, алдауға, бағынбауға тырысу)
тудырады. 
-Балалардың ересек тартуына қарай кейбір ата-аналардың тәрбиелік белсенділігінің
төмендеуі. Бұл кемшілік негізінен баланы мектепке оқытудың 4-5 жылында көріне
бастайды. Ата-аналар енді баласының мектептегі өміріне, табыстары мен кемшіліктеріне
белсенді түрде көңіл аудармайды. Ата-аналардың мұндай алшақтауы өздерінен
балалардың алшақтауына, өздері жасаған істерін айтуды қажетсінудің төмендеуіне әкеп
соғады. 
Ұлы педогог В.А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» кітабында былай дейді: 
Бала жанұяның айнасы, бір тамшы суда қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік
тазалығы да балаларда да солай бейнеленеді. 
Жалпы қазақ халқындағы бүкіл салт-дәстүр, отбасылық қарым-қатынастарды 
реттеуге бағытталған десек артық айтпаймыз. Үйлену, дүнеиге бала әкелу, баланы
бесікке салу, тұсауын кесу, сүндетке отырғызу, тақымын тағутолып жатқан салт-дәстүр, 
жөн-жоралғы барлығы да баланың адамгершілік рухани тұрғыда дамуына бағытталған
әрекеттер. Баланың рухани кемел адам болуы үшін қазақ халқы салт-дәстүрлерімен
қатар тиым сөздерді, ырымдарды жиі қолданғанымыз жөн. Жас ұрпақ- балалар
болашағымыз жеткіншектерде, шәкірттерде адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру 
барлық кезеңде алда тұрады. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында адамгершілік қасиетті қалыптастыруда
балабақша мен отбасының бірлескен іс-әрекетін теориялық тұрғыдан қарастырып, оның
әдістемелік жолдарын мына жолдармен қарастыру: 
-Балалардың отбасындағы адамгершілік тәрбиесі. 
-Балабақша мен отбасының бірлескен іс-әрекеті арқылы бала бойында адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыру. 
-Бала бойындағы адамгершілік қасиетті қалыптастыруда зерттеу жұмысының
нәтижесін анықтау. Қорыта келе жас ұрпаққа білім мен саналы адамгершілік тәрбие беру, 
қазіргі заман талабына сай өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты жаңарып отыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет