Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Н.А.Ветлугина «Методика музыкального воспитания в детском саду»,
544
544
Москва «Просвещение», 1982- жыл.
2.Н.Г.Кононова «Музыкально-дидактические игры для дошкольников»,
Москва «Просвещение», 1982- жыл.
3.Н.И.Льговская «Организация и содержание музыкально-игровых досугов детей старшего
дошкольного возраста,Москва,«Айрис дидактика»,
2007-жыл.
4. Ф. М .Қоңыратбай «Балабақшадағы мерекелер», Алматы «Просвещение-
Қазақстан»,2009-жыл.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІҢГІ БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ.
Абишева Қарлығаш Хайруллаевна дене шынықтыру жетекшісі
КМҚК №16 «Алтынай» балабақшасы, Қарағанды қаласы
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған
жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп,жетіліп,кемелденеді.Біздің балаларымыз бен
немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жігерлі,білім өрісі
биік,денсаулықтары мықты өз елінің өкілдері болады» деп көрсетілгендей-ақ,ертеңғі келер
күннің бүгінгіден көрі нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат коғамын алға апаратын құджіретті
күш білімге тән.Жас мемлекетіміздің болашағы-бүгінгі ұрпақ.Оларға бірдей талап
қойып,олардың
табиғи
қабілетін,нақты
мүмкіншілігін
анықтап,ана
тілінде
ерқін,сауатты,жүйелі сөйлеулерін дамыту,соған негізден оқыту-бүгінгі күннің өзекті
маселесі.Баланы мектепке даярлау,мектепке оқу ісінің сапасын арттыру жұмысы-
педагогика ғылымында басты проблемалардың бірі.Сондықтан да көрнекті психолог-педагог
ғалымдар мектеп жасына дейіңгі балалардың сөйлеу тілінің даму,қалыптасу ерекшеліктерін
эксперимент арқылы зерттеп ,мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған сөздік минимум
жасау мәселесіне ерекше назар аударуда.
Қазіргі қоғамдағы өзгерістер, ғылым мен мәдениет салаларындағы жетістіктер жастарға
жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін жоғары
деңгейге көтеруді қажет етеді. Әсіресе, бүгінгі таңда жоғары мәдениетті тұлға қалыптастыру
қажеттілігі байқалып отыр.
Әрбір адам, ең алдымен, қоғамның мүшесі. Ұлтына, шыққан нәсіліне, жынысына
қарамастан барлық адамзат өкілдеріне ортақ жалпыадамзаттық қасиеттер: қуану, қайғыру,
балажандылық, ананы сүю, махаббат, жеккөрушілік, ұнату т.б. сезімдері беріледі. Олар оның
мінез бітімінде, сезім көрінісінде, қызба жандығында, қимылдары мен жүріс – тұрысында,
сөйлеу ыңғайында, басқа адамдармен қарым – қатынасында, т.б. тіршілік әрекетінде білінеді.
Адам қоғамда қалыптасқан білім мен тәрбие жүйесінен тағылым алады. Осылардың барлығы
бірігіп, адамның жан дүниесінде өзіндік із қалдырады.
Жалпы айтқанда, мінез өте кең мағыналы ұғым. Мінез – адамның өмірлік беталысын,
өзіндік іс – әрекетінің айырықшалығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол жеке адамды әр
қырынан көрсететін қасиет. Адамның қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен
тығыз байланысты. Мысалы ешбір адам тумысынан еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті немесе
ұстамсыз болмайды. Оның мінезі өмір сүру барысында тәрбие үрдісінің ықпалы және сыртқы
ортамен қарым – қатынас жасау үрдісінде қалыптасып отырады. Бала дүниеге ақ күйінде, пәк
күйінде келеді де, түрлі себептердің салдарынан ұнамсыз қасиеттер мен мінез- құлықтар
қалыптасады.
Энциклопедиялық түсіндірме сөздікте мінез – құлық мәдениетіне былайша түсініктеме
берілген:
«Адамшылық қарым – қатынастың негізгі талаптары мен ережелерін сақтау,
айналасындағылармен дұрыс қарым – қатынас құра білуінде.
545
545
Адамның жүріс – тұрысы, іс – әрекетінің жиынтық көрінісі мінез – құлық ерекшелігін
айқындайды. Мінез – құлықтың адамгершілік нормаларына сай келетін жағымды іс –
әрекеттен немесе қоғамдық нормаларға қайшы келетін жағымсыз іс – әрекеттерден
тұруы мүмкін. Мінез- құлықтық ерекшеліктерморалдық категорияға жатады. Ол адамның
қоғамдағы мінез – құлқын реттеу қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғам
түгелдей мақұлдаған заңды талаптардың орындалу барысымен анықталады».
Мінез – құлық мәдениеті адамның өскен ортасына, адамдармен күнделікті қарым –
қатынасына, білім өресіне, көрген – түгенінен алған үлгі – өнегесіне байланысты.
Ал мәдениеттілік дегеніміз – әдептіліктің, имандылықтың, ізеттіліктің көрінісі. Ғылыми
әдебиеттерге жасаған талдау бүгінгі таңда «мәдениет» ұғымына берілген анықтамалар бар
екенін, олардың жылма – жыл жаңа анықтамалармен толықтырылып отыратынын көрсетеді.
Бұл анықтамаларды былайша жүйелеуге болады:
«мәдениет дегеніміз – тұлғаның мінез
– құлқы мен іс – әрекетін бағыттаушы және жүзеге асырушы әмбебап механизмі»
(В.Момов, А.Здравомыслов, А.Ядов, О.Дрбинцкий және т.б.) «заттық және рухани
құндылықтардың жиынтығы» (В.Тугаринов, Ю.Ефимов, И.Громова, А.Арнльдов т.б.) «іс –
әрекетті жүзеге асыру тәсілі».
Жоғарыда айтылғанның бәрі «мәдениет» ұғымы аясының кең әрі күрделі екендігін
көрсетеді. Егер оны кең көлемде қарастырсақ, онда қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруда
адамның қолымен жасалған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы
қалыптасқанын байқаймыз.
Мұндай түсінік Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңында да кездеседі.
Онда
«Мәдениет – адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен
мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар
жиынтығы»
деп түсіндіріледі.
Материалдық мәдениетте тіл, ғылым, білім, өнер, әдебиет, дін, салт – дәстүрлер,
мерекелер, ауызекі шығармалар және т.б. құндылықтар ретінде қарастырылады.
Мектеп жасына дейінгі кезең мәдени мінез – құлықты қалыптастыру үшін ең тиімді шақ
болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, болашақ өміріне
қажетті сапаларды сіңіру, білім, білік, дағдыларды меңгерту- біздің жұмысымыздың басты
мақсаты.
Қоғамдық мінез – құлық тәжірибесін қалыптастыру балабақшада жүргізілетін тәрбие
үрдісінің өзегі болуы тиіс. Балалар бақшасы балаларда белгілі бір мінез- құлық нормаларын
қалыптастырады, бұларда үлкендерге, құрбыларына, қоғамдық мүлікке, міндетіне қарым –
қатынасы бейнеленіп, мінез – құлық мәдениеті көрінеді.
Бұл мінез- құлық нормаларын балалар өздерінің адамдармен саналуан қарым –
қатынастарын реттеуші бірқатар қағидаларды үйрене отырып меңгереді. Өзінің
нақтылығының арқасында бұл қағидалар балаларға түсінікті болып, өздерінің саналуан іс –
әрекеті айналадағылармен өзара қарым – қатынас үрдісінде игеріледі, мінез- құлық дағдысы
мен әдетіне айналады.
Балабақшадан бастап қарым – қатынас мінезі, құрбы – құрдастарымен өзара
қатынастары айтарлықтай өзгереді. Тіпті олар үшін өте маңызды болып саналатын жора –
жолдастарына көмек қолын беруге дайын тұру, достықты сүю, мейірімділік, қайырымдылық
сияқты қасиеттер қалыптаса бастайды.
Баланың саналы тәртібі, байыпты мінезі туралы түсінігін қалыптастыру, оған сәйкес
сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс – әрекетіне байланысты
жүзеге асады.
Тәрбие ісінің біржақтылығынан, тәрбие ісін жүргізгенде тәртіптіліктің басқа сапалардан
бөлініп қалуынан немесе оларды кезекпен дамыту ұстанымының белең алуынан көрініп
отырады. Тәртіпке шақыру жолдарын пайдаланғанда да көптеген қателіктерге бой алдырады:
орынсыз ескертпе жасау, төмен немесе асыра бағалау т.б.
Осындай азғантай болып көрінетін кемшіліктерден жастардың қоғамдық орындардың
546
546
тәртіп ережелеріне бағынғысы келмей, өрескел әдепсіздік танытулары, қоғамдық мүлікке
жанашырлықпен қарау, үлкендермен қарым – қатынаста сыпайылық, елгезектік сияқты мінез
– құлық мәдениетін танытпауы күнделікті өмір ағынынан көрініс беріп отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасы «Білім» мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы,2000
2.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика оқу құралы. – Алматы, 2004. -98-бет
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика оқу құралы. – Алматы,
Достарыңызбен бөлісу: |