МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Кенжебекова Д.К.
«Ертөстік»балабақшасы» ҚМҚК
Қарағанды қаласы
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып,суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап,аялау
барша жұртқа тіршілік қамы,табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы
табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру,
табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті
тармақтарының бірі болып табылады.Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын
дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты
аялап,оны қамқорлыққа алып күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және
өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың
қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми
мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат бүкіл тіршілік
атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер
беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік
қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау -
экологиялық
тәрбие
мен
білім
беру
жұмыстары
арқылы
жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. Табиғат әлемі
таңғажайып және керемет. Дегенмен,барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің
алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді.Бірақ балалар көп нәрсені
байқай бермейді.Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл
атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола
білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және
сөздік қорын байыту көзі. Балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы
және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Балабақша
балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске
асырылады: саяхат; мұражайларға бару; мақсаттық серуен; телебағдарламалар,
бейнефильмдер; табиғат туралы көркем әдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді,
иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты
анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің
алдында
негізінен
мына
төмендегі
міндеттер
тұр.
Атап
айтқанда:
-педагогтердың
экологиялық
тәрбие
беру
жөнінде
білім
деңгейін
көтеру;
547
547
-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата- аналарына насихаттау;
-әртүрлі
жастағы
балалар
топтарындағы
оқу-тәрбиелік
жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала
кезінен
ерте
басталуы
тиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты
кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды.Баланың болашағы сол кезеңде
алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық
жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулық бала бойында қуаныш
сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып,баланың белсенді түрде шығармашылықпен
жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін
сұлулықты өз көзімен көріп,оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің
өнегесі арқылы дүниені таниды,көруді,сезінуді,тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы
өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса,балада соғұрлым көбірек үйренеді.Баланың
өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт
бере отырып,өмір бойы есінде қалады.Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз
алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі
міндеттерінің бірі «Балаларды айналамен таныстыра отырып,оларға экологиялық тәрбие
беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге,оны аялай білуге, оны
қорғауға қызығушылығын арттырып,жауапкершілігін күшейтуге,табиғатпен бірге өмір
сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре
отырып,оның өмірімен байланысын сезіне білсе,онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.
Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп
қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін
шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы,оларды күтіп
баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және
өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды
орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат
баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары
деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз
ойын
жеткізе
білу
өнерін
дамытады.
Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық
қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып,сонымен
бірге
оны
қорғай,
аялай
білуге
үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін
қалыптастыру
үшін:
1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын
құру;
2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға
көгалдандырылған
зоналар
құру
және
ұйымдастыру;
3. Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар
ұйымдастыру;
4.
Оқу
қызметінде
көркем
құралдарды,
әдістемелік
және
материалдық
құралдарды,ойыншықтарды,түрлі
ертегі
кейіпкерлерін
жүйелі
түрде
қолдану;
5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.
Тәрбиеші-педагогикалық үдерістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі
шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен
кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі
548
548
керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту
әрекетінде кеңінен пайдаланылады.Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке
тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан
басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары
арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау
барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде
балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің
қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі
еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ олар шеңбер, жұлдыздар,
найзағай, толқын, ай т.б бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Балабақшадағы
тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара
байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен
таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық
тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап
жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға,
еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді,сондай-ақ бала бойында
біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін
адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың
қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта,табиғат жайындағы
жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай
көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты
конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды және жағымсыз
әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата аналар мен тәрбиешілердің
бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі
табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. «Алтын күз», «Құстар
күні», «Табиғатты сүйеміз», т.б ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтың
ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие
жұмысын
жүргізудің
мынадай
екі
нысанасына
назар
аударамыз:
а) балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның
әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу.
ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім
беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және
жалпылама
таным-түйсік
қалыптастыру.
Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп,оның ішінде күнбағысқа т.б өсімдіктерге
тоқтала,оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып,
күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі
бір жағдайлар-топырақ,ылғал,күннің нұры,жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір
жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар
жұмыртқалайды,балапан басып шығарады,оларды азықтандырып асырайды және түйе
ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы
түсіндіріледі.Балалардың жабайы хайуандар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың
тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі. Адамгершілік тәрбиесінің
мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға,туған өлкенің табиғатына деген
сүйіспеншілігін,қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті
тәрбиелеудің негізгі құралы-ұлттық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындыларды,әдеби
шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме,батырлар
549
549
жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам
табиғат пен өмірдің бар азығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала
санасына ән арқылы жеткізе білген. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы
жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Яғни, адамзат өмір
бойы
барлығын
табиғаттан
үйренді,
үйреніп
келеді.
«Таза болса табиғат-аман болар адамзат,табиғат,сен-тіршілік тұнып тұрған,сен-
күнсің,көтерілген күліп қырдан,сен-көлсің,сен -ормансың,сен- бұлбұлсың,адамға сұлулықты
шын ұқтырған»,-деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай,табиғат күллі тіршілік
атаулының құтты қоныс мекені,алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат ең қасиетті
де қастерлі ұғым.Өйткені,адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да,қадірлі жан-анасы болса,
адамның табиғатты «Ана"»деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Адам-табиғаттың бір
бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам
өміріне
қажетті
заттардың
барлығын
табиғаттан
алады.
Сондықтан
табиғат
пен
адамды
бөліп
қарауға
болмайды.
Табиғат адамның бойына қуат,көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын
сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулықты,әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек.
Сондықтан да табиғатқа немкетті қарау,онымен санаспау ана сүтін ақтамағанмен пара- пар.
Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге,ең ұлы қамқоршысы да екенін
ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп
баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын
қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Адам табиғаттың ең сенімді, айнымас досы,
қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп
арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету барлық үлкен- кішінің абырайлы
борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат-адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктің
бастауы. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат
әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру,мейірімділік нұрын шашу екенін
ұмытпайық.
" Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді", демекші,барша байлықтың анасы -
Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат
пен
қоршаған
ортаны
түлетіп
гүлдендіре
беру
өз
қолымызда.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие /Отбасы және балабақша-1996. №11-12/
2.
2. Көбеева Н «Бала және табиғат» / Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5.
3.
3. Құлшанова С Табиғатты қорғау. /Отбасы және балабақша. – 1993. № 6.
Достарыңызбен бөлісу: |