Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Балабақшадағы экологиялық тәрбие /Отбасы және балабақша-1996. №11-12/
2. Көбеева Н «Бала және табиғат» \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5.
3. Құлшанова С Табиғатты қорғау. \\ Отбасы және балабақша. – 1993. № 6.
4. Керімбаева Р Табиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3.
5. Жұмабекова Ф.И Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. \\ Бақшадағы
көркемдік тәрбие.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ЕҢБЕККЕ ДЕГЕН ЖАҒЫМДЫ
КӨЗҚАРАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ахмадиева Д.К.
«№ 114 «Бақыт» балабақшасы» КМҚК
Қоршаған әлемге танымдық көзқарас байқату -қажетті құрамдас бөлігі болып табылатын
іс–әрекетке қызығушылық таныту мектеп жасына дейінгі балаға тән ерекшелік. дүниеге
деген танымдық көзқарастың қажетті құрамдас бөлігі-ол қызметке тән қызығушылық болып
табылады. Танымдық қызығушылық баланың білім аясын кеңейтеді. Оның әсерінен, бала
жаңа нәрселерді үйренуге өз білімдерін толықтыруға және тереңдетуге, сонымен қатар ойын
барысында және еңбек қызметінде олардыбелсенді қолдануға тырысады.
Танымдық қызығушылықты тұрақты танымдық белсенділікке және жеке тұлғаның
тұрақты сапрасына аудару - ол мектепке дейінгі жылдар бойы жүзеге асырылатын ересектің
міндеті.
555
555
Қызығушылық баланың іс-әрекетін ынталандырады. Соның арқасында бала қажетті
білімді, іскерлік дағдыларды анағұрлым қарқынды меңгереді. Ол жеке тұлғаның бойында
мақсаткерлік, осы мақсатқа қол жеткізуде табандылық сияқты қасиеттерді дамытуға ықпал
етеді.
Қызығушылық баланы белгілі қызмет түрін соның ішінде еңбекті жүзеге асыру үшін
талпындырады.Белгілі бір мақсатқа қол жеткізуде өзіне риза болу мен қуаныш сезімдерінің
оянуы нәтижесінде еңбек процесіндегі табандылығын қайталауға, оны жетілдіруге
ұмтылдырады.
Кез келген қызметті жүзеге асыру, оның не себепті туындауына, яғни оның мотивіне
байланысты болады.
Іс – әрекетке қызығушылық болған кезде оның мотиві осы іс–әрекетті тану және меңгеру
мақсатымен дәл келеді. Жағымды оң мотив болмаса балалардың еңбекке деген
қызығушылығы тез сөнуі мүмкін.
Қызығушылықтың дамуының өз жас ерекшеліктері болады.
Мектепке дейінгі кіші жасатағы балада тікелей құмарлық болады. Кіші жастағы сәби
көзіне түскен заттың түсіне, пішініне, дыбысына қызығушылық танытады. Ал бұның өзі
белгілі бір жағымды эмоциялар туындадаты. Іс–әрекет нәтижесінің болмауы сәбиді
ренжітпейді. Оның қызығушылығы үстіртін, жағдаяттық, тұрақсыз. Кеше болған қызық
жағдай бүгін оны қызықтырмайды: кеше қорған құрастырып, оны аяқтап үлгермесе, бүгін
оны құрастыруды жалғастырудан бас тартып, үстел үсті ойынын ойнауға кіріседі. Алайда
кіші жастағы балалар ересектердің іс – әрекетіне үлкен қызығушылық танытады, оларға
көметескілері келіп, қарапайым еңбек тапсырмаларын орындайды, белсенділік танытады,
бұл оның іс – әрекет дағдыларын меңгеруге қалауының үнемі артуын түсіндіреді.
Мектепке дейінгіорта жастағы балаларда еңбектің үрдісі ғана емес, сонымен қатар соның
нәтижесін білу ынтасы пайда болады. Бала бұл жаста қарапайым мақсат қойып, оған жетудің
ыңғайлы, өзіне таныс жолдарын таңдауға қабілетті. Бірақ та бала өз мақсатына жету үшін
ересек адамдардың біреуі әрқашан дұрыс жол көрсетуі тиіс. Егер де көмектеспесе,онда
баланың еңбекке деген ынтасы жойылады.
Баланың еңбекке, берілген тапсырмаларға, ересектердің еңбегі бейнеленген ойындармен
танысуға деген қатынасынбақылау арқылы әрбір баланың қандай қызығушылығы бар екенін
анықтауға болады.
«Еңбек етуді ұнатасың ба? Балабақшада қалай уақыт өткізгенді ұнатасың? Неліктен?
Үйде болғанда уақытты қалай өткізесің? Неліктен?» - осындай түрдегі сұрақтар қою арқылы
балалардың қандай істі ынтамен орындайтынын және олардың қызығушылықтарын білуге
болады. Әдетте бұл қиындық туғызбайтын еңбек тапсырмалар болып табылады. Мысалы,
Данияр: «Мен асханада кезекші болуды ұнатамын. Үстел үстіне тәрелкелер мен кеселерді
дұрыс қоюды білемін», - деп айтады. Баланың эмоциялық сферасына әсер ететін
тапсырмалар жоғары ынтамен орындалады. Мысалға, Аружан өзіне тапсырылған жұмысты
қызығушылықпен атқарады және бақша маңында кезекші болғанды ұнатады. Ол:«Мен үнемі
құстарға қарап оларды күтіп жүремін, шөптерін әкеліп беремін. Мен оларды аялаймын,
себебі олар тірі жан иелері», - дейді.
Отбасында баланы еңбексүйгіштікке баулу баланың еңбек тәрбиесіне оң әсерін тигізеді.
Әдетте бала үйде бір іспен айналысса, балабақшада да соны жақсы атқарады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек етуге деген белсенділігі, өз ісіне жауапкершілікпен
қарауы және ізденіс жұмыстарымен айналысуы белгілі бір қызығушылықтардан пайда
болады: егер тапсырылған жұмыс қызығушылық оятса, онда ол жұмысты бала орындап қана
қоймай, одан рахат алады.
Берілген жұмыстарды балаларға жүктемес бұрын топ ішінде жұмыс түрін еркін таңдау
мүмкіндігін құру қажет. Тәрбиешінің бұл амалы балалардың қызығушылықтарын қолдап,
өздерінің берілген жұмыс түрін атқару қабілеттіліктерін арттыра түседі. Тәрбиеші балаға
қысым көрсетіп жұмысты істетуі дұрыс емес. Ескерту жасаудың да мәні жоғары. Еңбек іс -
556
556
әрекеті барысында баланың орындаған істеріне нашар баға беруден аулақ болып, оң
жақтарын басым көрсеткен жөн.
Жұмысты тапсыруда баланың көңіл-күйіне де назар аудару маңызды болып табылады.
Егер көңіл-күйі жоқ, не бір нәрсеге ренжіген болса, тапсырма берудің қажеті жоқ. Сонымен
қатар, тәрбиеші баланың немен айналасып жатканын да ескеруі қажет, егер оған қызықты
болып жатса оны бөлмегені дұрыс. Жұмысты тапсырудың дәл уақытын табу керек. Ол уақыт
таңғы ас алдында, сабақ алдында немесе түскі ұйқыдан тұрғаннан кейін болуы мүмкін.
Баланың еңбекке деген қызығушылығын қолдау және оны дамыту жолында баланың
жұмысты сапалы орындауына біртіндепқол жеткізу керектігін және жұмыстың баланың
шамасына, іскерлігінесәйкес болуын есте сақтау қажет. Қызығушылықты қолдау мен
дамытуға ықпал ететін әдістемелік тәсілдерді таңдауда іс–әрекет тәсілдері мазмұнының
жаңашылдығын үнемі ескеру керек, яғни жұмыс барысын ойын формасына келтіру және
жаңа атрибуттар мен ойыншықтарды қолданған жөн.
Мектеп жасына дейінгі кіші балалардың жұмыс істеуге деген құлқы көбіне ересек
адамдармен бірлесе жұмыс істегенде оң нәтижеге ие болады. Тәрбиешінің іс-әрекеттері
баланың қызығушылығын оятады. Жұмыстың атқарылуы барысында тәрбиеші баламен
байланыста болып, әрбір жасалған іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттерін, қалай
орындайтынын айтып өтуі қажет, осының нәтижесінде баланың ересек адамдармен қарым-
қатынас жасауға қызығушылығы туындайды. Бұл қарым-қатынас еңбек етуге деген
құлшынысты арттырады.
Балалармен бірігіп жасалған жұмыста тәрбиеші де өзінің жұмысқа деген
қызығушылығын білдіріп, балаларға жеткізе білуі тиіс. Ол бала үшін де маңызды болып
табылады.
Тәрбиеші ойын бұрышын жинақтап, қалпына келтіріп жатты. Іс жүзінде, әрекеттерін
ауызша айтып тұр:
«Бұл ойыншық – көліктерді гаражға қою керек, кедергі болмас үшін. Міне, осылай.»
Тәрбиешінің ісіне қызығып отырған бала, оған таянып, ісін қайталайды. «Міне, ойыншықтар
гаражда тұр. Енді қарашы, куыршақтардың орындықтары қисық тұр, оларды дұрыстап,
үстелге жақындатукерек, міне, осылай». Осылайша, бала ең алдымен тәрбиешіні тыңдап,
кейін бірге істі тындыруға кіріседі. Егер бала тәрбиешіден қолдау немесе мақтау алмаса, ол
баланың еңбек әсері бағаланбаса, олар кері эмоцияларға бой алдырып, еңбекке қатысуда кері
тәжірибеге ие болады.
Тәрбиешінің балалардың еңбекке қатысуға және белгілі бір нәтижеге жетуге деген
эмоционалды – жағымды талпынысын, қызығушылығын қалыптастыру үшін пайдаланатын
балалардың еңбек әрекетін басқарудың әдіс–тәсілдері жеткілікті. Бұл әдістерді балалардың
қызығушылығын тудыру үшін қолданылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек түріне деген қарым – қатынасының біріңғай
болмауы заңды құбылыс, ол еңбекке деген қабілеттілігінің әр түрлі деңгейде қалыптасуына,
мүмкіндігі келгенше өз бетімен мақсат қоюына, нәтижеге жетуіне байланысты.
Бірақ,
балалардың еңбекке үрдісіне, еңбектегі тәртіпке деген қарым – қатынасының
бірдей болмауы тәрбиелік жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауында: яғни, баланың еңбек
тәжірибесінің жинақталуына, еңбекке күш салу дағдысын қалыптастыруға,
өзінің қолынан
келетін іскерлігін қолдануына жағдай жасауға жеткіліксіз назар аудару және тек ауызша
тәрбие беру әдісінің тым жиі қолдану.
Мектепке дейінгі орта жастағы балалардың үй шаруашылық жұмыстарына белсенді
қатысуына ынтасы жоғары. Оны кезекшілік түрінде ұйымдастыру олар үшін жаңа, қызықты
іс–әрекет болып табылады. Бірақ, еңбектің бұл түрі күнде күнде қайталанатын болғандықтан
балалардың қызығушылығы төмендейді, кезекшілікке немқұрайлы қарап, өз міндеттерін
ұқыпсыз орындайды. Бұл мысал балалардың қалай істеу керектігі туралы білімдері мен
олардың шын мәнісіндегі тәртіптерінің арасындағы алшақтықты дәлелдейді. Еңбектің бұл
түріне деген қызығушылықты қолдау үшін, балаларға кезекшіліктің топ үшін қандай
пайдасы барын түсіндірген жөн.
557
557
«Іңкар қандай ақылды. Үстел үстіне әдемілеп қағаздарды қойып, қылқаламдар салынған
ыдыстарды қойды. Барлығын сабаққа дайындап қойды. Бүкіл балаларды ойлады. Ол тамаша
кезекші». Мұндай бағалау баланың ісін ғана мадақтап қоймай, басқа балаларды да осындай
іс – әрекетке ынталадырады. Басқалар үшін қызмет етудің қажеттілігін біртіндеп түсіне
отырып, өз ісін ұқыпты атқарады.
Тапсырманы ойдан шығармай, оған өмірде керек болып қалады деген мазмұнды
тапсырыс беру жөн. Негізінен, топтың әр түрлі шаруашылық әрекеттеріне балаларды
көмекші ретінде шақырған жөн. Бұл шаруашылықты – тұрмыстық еңбектің біртектілігінен
сақтайды, бұның оған деген қызығушылықтың дамуындағы маңызы зор. Егер тапсырыстар
біртекті болса, оларды қызықты формада ұсынған дұрыс.
Балалар басқалар үшін жұмыс істеуге қабілетті болғанына қарамастан, олардың еңбек
қызметтерінде күннен күнге жаңа жаңалықтар болуын қадағалау керек. Жабдықтарды
ауыстыру еңбекке қызығушылықтарын едәуір арттырады. Сонымен қатар, жабдықтарды
таңдаған кезде өте мұқият болу қажет, бала нәтижені сезінуі керек. (мысалы, қар күреуге
арналған кішкентай күректі ыңғайлысына ауыстыру)
Еңбек әрекеті барысында балалар тәжірибе жинақтайды, өз беттерінше жұмыс істеуді
үйренеді, өз күштеріне сенімді болады. Бұның бәрі еңбекке деген қызығушылықтарын
арттырады. Осы қызуғышылықтарын қолдау үшін, тәрбиеші баланың жетістіктеріне,
жеңістеріне қанағаттанғанын айтуы қажет.
Баланың қызығушылығының жетілуіне үлкендердің өз жұмысына деген эмоционалдық
көзқарастары қатты әсер етеді. Балалар күтушінің, тәрбиешінің тиянақты, сергек жұмыс
орындауларына еліктейді. Үлкендердің үлгісі еңбек етуге ынталандырады.
Ұжымдық сипаттағы қызмет те еңбекке деген қызығушылықты жоғарылатады. Балалар
бірігіп жұмыс істегенді ұнатады. Жұмыстарын бағалаған кезде ,тәрбиеші балалардың
ұжымшылдықтарына қарауы қажет. Топпен жұмыс істеу балалардың қызығушылықтарын
арттырады. Бала өзін ұжымның бір бөлігі екенін сезінеді, бәрімен бірігіп жұмыс істейді.
Әр топта ұжымдық жұмысқа әр түрлі сіңіп кететін балалар болады. Біреулер топпен
лезде жұмыс істеп кетеді, біреулері асықпай жұмыс істейді, қызығушылықтары болмайды.
Осы жағдайды ескере отыра, тәрбиеші еңбек іс–әрекетінде әр бала өз іскерлігі мен
дағдысын қолдана алатындай, жұмысты қызығушылықпен, өз-өзіне сеніммен
орындайтындай етіп ұйымдастыруы керек. Сонымен қатар, педагог балалардың назарын
құрбыларының жетістіктеріне аударып, олармен бірге қуануға тәрбиелеу керек.
Мектепке дейінгі орта жастағы балалар тәрбиешінің дауыс ырғағына, өзін өзі ұстауына
сезімтал келеді. Тәрбиеші талаптарын жұмсақ тілмен түсіндірсе, баланың жұмысқа деген
қызығушылығы артады, оған талаптар түсінікті болады.
Балалардың ересектермен жұмыс істеуінің тәрбиелік мәні баланың өзін көмекші ретінде
сезініп, өз еңбегінің маңыздылығын түсінуінде. Балалар өз еңбегінің қуанышын, нәтижесін
сезініп, өз міндеттерін ерекше қарқынмен орындайды.
Ересектермен бірігіп жұмыс істеу жақсы әсер беріп қана қоймай, құрдастарымен ара-
қатынастарын қалыпқа келтіреді.
Мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың еңбек қызметін еңбекке күш
салудағы басты мәселе қызығушылық қана емес, сонымен қатар еңбектің қажеттілігі мен
пайдасы болатындай етіп ұйымдастыру керек. Егер еңбектің қоғамдық маңыздылығы,
құндылығы балаға жақын және түсінікті болса, онда аса қызықсыз жұмыстың өзі оны
қанағаттану, қуаныш сезіміне бөлейді.
Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек қызметі өмірлік тәжірибе жинақтауымен, шамасы
келетін еңбекке қатысуымен, қоғамдағы, табиғаттағы құбылыстарды, үлкен кісілердің
еңбегін бақылауы мен түсінуіне байланысты.
Егер бала жақын адамдар арасында жоғары бағаланса, достарының арасында ойын
жеткізе білсе, онда бұл қызметтің нәтижиесі балаға немқұрайлы болмайды.
Бірдей еңбек нәтижиесінің әртүрлі тәрбиелік мәні болуы мүмкін, ол үлкен кісінің баланы
еңбеккке қалай баулуына байланысты.
558
558
Еңбек қызметіне қызығушылықтың бар болуы үлкен кісінің еңбегі, еңбек процестері
туралы білім қорына тығыз байланысты. Осы білім балалардың еңбек қызметін бағыттап,
толықтырады және қызығушылығын одан әрі дамытады.
Еңбекке деген қызығушылықты дамытуда баланың сол еңбекке қатысуыының да
маңызы бар. Отбасында баланы еңбекке баулу, баланың әртүрлі еңбекке және еңбек етуге
деген қызығушылығын тәрбиелеуде үлкен роль атқарады. Үйдегі баланың орындайтын істері
әдетте ата-ананың көмегімен атқарылады. Балалар өздері өз қолдарымен істеген еңбектерін
қызығып, мақтан етіп айтады.
Тәрбиеші баланың ата-анасымен сұхбаттасқанда баланың үйде күнделікті орындайтын
істері туралы және міндеттерін қалай атқаратынын білуі керек. Ата-ана мен тәрбиешінің
балаға деген көрсеткен тәрбиесі, баланың еңбекке деген көз-қарасын жақсы жаққа өзгертеді.
Ата-аналардың шамадан тыс жиі қамқорлығы, баланың өзіне өзі қызмет етуде дәрменсіз
болуына әкеліп соғады. Керекті дағдылар тәжірибесінің болмауы салдарынан бала өз бетімен
жұмыс істей алмайды және орындағысы да келмейді немесе әр түрлі қиындықтарға
кезіккенде әр нәрсеге тітіркеніп, еңбек етуден бас тартады.
Сондықтан да әр ата-ана балаларына өз беттерімен жұмыс істеуге мүмкіншілік берулері
керек, мысалға: үй жұмыстарымен айналысуға, ыдыс жууға және тағы да басқалары.
Баланың еңбекке деген құлшынысы, ол балалардың өз – ара қарым – қатынасына да әсер
етеді. Қызықты, мазмұнды, ұжымдық жұмыс мектепке дейінгі балаларды бір мақсатқа
жұмылдырып, еңбекке деген қабілеттілігін арттырады. Олар көбінесе жұмысты тату,
ұйымдасып, бір-біріне көңіл бөліп, ұқыпты орындайды, бірінің жеткен жетістіктеріне
қуанып және де бір-біріне көмек көрсете біледі.
Баланың тәрбиесіне ең үлкен роль атқаратын ол – тәрбиеші.
Еңбекке деген оң көзқарасты тәрбиелеуде жетістікке жету тәрбиешінің әр баланың
дамуындағы ерекшелікті байқауына, оның қызығушылығы мен жағымды қасиеттеріне
сүйене отырып, қажетті әдістерді қолдана білуіне байланысты.
Баланың еңбек іс–әрекетіне дұрыс жетекшілік еткен жағдайда оның еңбек етуге
құлшынысы және іскерлігі дамиды, жұмыс сапасына деген көзқарасы өзгереді, оның
мақсатына өз бетімен ұмтылу дәрежесі артады.
Достарыңызбен бөлісу: |