562
562
Биологиялық кемелденуі
Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет
ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер
туғызады.. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.)
нормадағы 6 – 7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру
,есту, моторикасының дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға
болады.
Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы
Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде
бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала
бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін.
Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал
тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне
қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім
алуына мүмкіндік жасайды.
Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы
Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың
әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі,
қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді
Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың
оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке психологиялық даярлығын білу үшін сабақ
барысында, практика барысында оларды байқау, бақылау, зерттеу, анықтау жұмыстары
жүргізу керек. Ол үшін төмендегі ғалымдардың әдістемелерін пайдаланған жөн.
Балалардың ақыл – ой дамуының деңгейін анықтауға арналған әдістеме. Әдістеме
мақсаты: балалардың ақыл – ой дамуының деңгейін және жалпы мағлұматтылығын бағалау.
Керн – Йирасиктың балалардың ойлауының даму деңгейін анықтау әдістемесі.
Әдістеме мақсаты: балалардың ойлауының даму деңгейін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: