«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


Эльконин Д.Б. әзірлеген Графикалық бақылау



Pdf көрінісі
бет248/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Эльконин Д.Б. әзірлеген Графикалық бақылау
әдістемесі Әдістеменің мақсаты: 
баланың мұқият тыңдау қабілетін, үлкендердің нұсқаларын нақты орындауын, бір бет 
қағазда бағдарлана білуді, ой – өріс, зейін қою,өз бетінше үлкендердің тапсырмасы бойынша 
әрекет жасауын айқындайды.

Г.Вицлаак баланың тілінің даму деңгейін, оқуға дайындығын анықтау әдістемесі. 
Әдістеменің мақсаты: баланың тілінің даму деңгейін, оқуға дайындығын анықтау 
Қорыта келе айтарымыз бала ертеңгі болашағымыз, оның жеке басының қалыптасуы 
мен мектепке дайындығына аса зор жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Балалар – еліміздің 
бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті 
дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен 
сапалы білім беру – біздің басты мақсатымыз. 
Әдебиеттер: 
1.
Алексеева А. О взаимодействии специалистов ДОУ. // Дошкольное 3 воспитание, 
2007. - №6. – С.55-63. 
2.
Бондаренко С.М. Почему детям трудно учиться. –М. 2005. – 105б. 
3.
Выготский Л.С. Вопросы детский психологий. Санкт Петербург.Союз1997.- 145б. 
4.
Аманжолова Р.Ш. Абитева Мектеп алды және бастауыш сынып оқушыларының 
психологиялық-педагогикалық диагностикасы 2004. – 103б. 


563 
563 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ОЙЫН 
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 
Маханова А.Ж., Макеева Ж.К., Камзина Н.С. 
КМҚК №27 «Балдаурен» б/б 
Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі ойынның маңызы 
қарастырылған. Балалардың психологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып, олардың ой-
танымын, қиялын, тілін, ой-өрісін дамыту мақсат етілген.Халқымыздың «Баланы ойын 
өсіреді» деген нақыл сөзінің мағынасын ашу көзделеді. 
Ұлт болашағы болатын ұрпағының қамын жөргекке орап, ақ бесігіне бөлегеннен бастап 
қолға алған аталарымыздың әрбір ісі өнеге. Бесік жырымен есін білген елдің қашанда көші 
түзу, өрісі кең болмақ. Осынау ұлан-ғайыр далаға иелік етіп, жер бетінің жұмағындай жерді 
мекендеуіміздің бастауы сан ғасырдан жалғасып, бүгінге жеткен ұрпақ тәрбиесінде жатыр. 
«Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» деген қағиданы берік ұстанған ата-
аналарымыз сәбиін қырқынан шығарып, жан-жаққа қарап, езу тарта бастағаннан бүлдіршінін 
ойын «әлемімен» таныстыра бастайды. Сипалап, уқалау, аяқ-қолын созу барысында «Өс-өс», 
«Қуырмаш», «Бесік жыры» өлеңдерін айта отырып әрі ойнатып, әрі тәрбие бере 
білген.Баланы табу – қиын, жақсылыққа бастау – одан да қиын деп білген қазақ халқы 
балаларды есейгенде Отанының, халқының азаматы етіп тәрбиелеуде алуан түрлі айла-тәсіл 
қолданған. Тіпті, алғаш аяғын еркін басып, тілі толық шығып, ойнай бастағанда, оларға 
«Санамақ», «Ханқыз» сияқты айтуға жеңіл, тапқырлық пен ақындыққа жетелейтін ойын 
түрлерін үйреткен. 
Қазіргі таңда сол ұлттық ойын, өлең шумақтарымен былдырлап тілі шыққан бала 
балабақша табалдырығын аттағаннан кейін өмір тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық 
ерекшеліктері, тілінің дамуы осы ойын үстінде қалыптасады.Баланың ойлау әрекеті, 
балабақшада өтілетін сабақтарда, ойындарда, танымды әсері мол дидактикалық ойындарда 
әрбір нәрсенің мазмұнын, мәнін түсініп, ой-өрісі кеңиді. Ойын сабақтарда қиялы дамып, 
өздеріне таныс заттарын жаңа қырынан біліп тануы, атауларын дұрыс атай білуі,сипаттама 
бере білуі қалыптаса бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет