МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА АДАМГЕРШІЛІК
ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Нүркенова Г.Қ., Карабаева Д.
ЖММ «Болашақ» Академиясы
Егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншіктердің білім дәрежесінің тереңдігімен
өлшенеді.қазіргі заманға білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне
айналды.адамның
жеке
басын
қалыптастыру
негізгі
балабақшадан
қалатыны
белгілі.Балабақшадан бастап балаларға білімнің қыры мен сырын жетік таныту,қабілеттерін
шыңдау адамгершілік қасиеттерін дарытып Қазақстан республоикасының азаматы деген
атаққа лайық болатындай етіп тәрбиелеу-біздің міндетіміз болмақ.сондықтан да
балабақшадан бастап балалардың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Бала тәрбиесі қай заманның,қай қоғамның болмасын ойшылдары мен зерделі
зиялыларын талассыз толға нысқа,үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.Бүгінгі
таңда тәуелсіздігін алып,өзінің сыртқы және ішкі жағдайларын анықтап жатқан қазақ елі
үшін өркениетке жеткізер тәрбие жолдарын саралап,жүйелеп,өмірге енгізудің орны ерекше
екені белгілі.Бұл ретте бала дүниеге келгеннен кейін ең алдымен отбасында,онан кейін
қоғамдық ортада және оны тұлға ретінде қалыптастыруға,тәрбиелеуге қатысты дініміздің
ғасырлар бойы халық арасында сақталып келе жатқан дәстүрлі тәлім-тәрбиесін қолдаудың
маңызы зор.Өз тарихының бастауынан-ақ адамзат ұрпақ тәрбиелеуге ерекше мән
берген.Әсіресе жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру қажет.Және
бұл жолдарда отбасы,Қоршаған орта,отан,ана мектептің берері мол.Жас ұрпақтың рухани-
адамгершілігі қалыптасқанда ғана болашаққа нық сеніммен,үмітпен қарай аламыз[1].
Рухани-адамгершілік-барлық ізгіліктердің,жақсы қасиеттердің бастау бұлағы.Қаныш
Сәтбаев бұл жөнінде:»Ісіңізге,еңбегіңізге,оқуңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз,сөз
жоқ жең іске жетесіздер.Сіздің мінез-қасиетіңізге адамгершілік бірінші болып орын
алса,шыншыл,батыл,тиянақты,жігерлі және кішіпейіл адам болған болар едіңіздер.Жеткен
жетістік пен табысқа мақтану,мақсаттану сіздер үшін қасиет емес.»деген.Жалпы рухани-
адамгершілік дегеніміз жас ұрпақ бойында мінез-құлықтың белгілі-бір сипаттарын
қалыптастыру
және
-олардың
өздерініңде
бір-біріне,отбасына,басқа
адамдарға,мемлекетке,отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін
дамыту.
Адамгершілік тәрбиесі барлық тәрбие жүйесіндегі негізгі тәрбиенің көзі болып
табылады.Адамгершіліксіз табиғатты,қоршаған ортаны,адамдар арасындағы қарым-
қатынасты қалыптастыру мүмкін емес.адамгершілік тәрбиесі арқылы балаларды рухани
тәрбиенің негізгі қаланады.Руханилық баланың ішкі болмысы,жан дүниесінің азығы,мінез-
құлқының тірегіші болып табылады.Руханилық пен адамгершілік араласып,бір-бірімен
сабақтастықта байланысқан ағайындас ұғымдар.Мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға
түсінікті ғибрат сөз,әсерлі өлең,сурет,әңгімелер пайдалану,үлгілі,өнегелі ойын,еңбек үстінде
этикалық қатынас жағдайында әдеп адамгершілік әдет-дағдылары қалыптасады.Адамзат
тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады:
жомарттық,батырлық,кішіпейілділік,адалдық,шыншылдық,ұяттылық,ар мен намыс,тағы
басқалары.Әрбір қоғам өзінің даму процесінде адамгершілік категорияларына,оның
мазмұнына көптеген өзгерістер енгізіп отырған.Адамгершілік-адамдардың практикалық
570
570
өмірінен тамыр алып,пайда болған әдет-ғұрыптар мен тәстүрлерді тудырып,солармен сәйкес
дамиды.Ал мораль болса,шындыққа қарама-қарсы,теріс қарым-қатынаста пайда болады
және адамның өзіне субъективті түрде міндет қоя білумен туындайды.Адамгершілік
қасиеттері отбасында,қоршаған ортада, балалар бақшасында,мектепте,адамдардың іс-
әрекетінің барысында бір-бірімен араласуы нәтижесінде,қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен
байланыстыру арқылы қалыптасады.Халықта:”Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің”деген
мақал бар.Тәлім-тәрбие болмаған жерде адамгершілік мәдениеті мен қасиетті де
қалыптаспайды[2].
В.Соловьев:»Адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай салатын заты емес,ол
өзінің тәжірибесі арқылы ғана жнтнтін адамның ішкі жағдай »-деп адамгершіліктің
құндылығына ерекше тоқталған.Тәрбие мәдениті-өмірдің өзі сияқты күрделі де көп
қырлы.Еңбекке
тәрбиелеу,патриоттық
тәрбие,эстетикалық
тәрбие,адамгершілік
тәрбиесі,экологиялық тәрбие,дене тәрбиесі.Осы барлық тәрбиенің өзегі-адамгершілік
тәрбиесі,бірақ ол жападан жалғыз әрекет етпейді,ол осы аталған тәрбие түрлерімен бірлікте
,демек адагершілікпен мәдениеті мен сапалары қалыптасады.Адамгершілік сапаларын
индивидтің өзі анықтап,адамгершілік ұстанымын да өзі қалыптастырады.
Бала дамуының алғашқы кезеңінен яғни адамгершілік туралы ұғымдарды
саралап,санасына сіңіре бастайды.Моральдік-этикалық дәстүр мәдениетінің толысқан
сферасы
ретінде
дәстүрлі
педагогикалық
мәденитті
қалыптастырып
өскелең
ұрпақты,адамгершілікке
тәрбиелеудің
негізгі
құралы,формасы,әдіс-
тәсілдері,адамгершіліктің қайнар көзі,ілкі бастауы бола алады[2].
Кейбір зерттеушілер адамгершілік дәстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа берілген күйде
өзгерген іссіз,ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететін мораль элементінің тұрғысында
қарастырады.
Бұған А.Д.Макаренконың:»Адамгершілік немесе моральдық саласында қызмет ететін
және моральдық қатынасты бейнелейтін дәстүрлер» дей келе,ұлттық адамгершілік деп
отырған ұғымдарымыздың түп төркіні моральды-этикалық дәстүрдің сара жолында әкеп
тірейді.Тәрбиенің дәстүрмен тығыз байланысты тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский
болды.Ол өз еңбектерінде тәрбиенің халықтық сипатына,еңбектің тәрбиелік және
психикалық сипатына және тәрбиедегі адамгершілік мәселелеріне көңіл бөле
отырып»Тәрбие көзі-халықтық педагогика» деген тұжырымға келген.Осы идеяны қазақ
жерінде жалғастырушы педагог Ы.Алтынсарин мынадай адамгершіліктің түрлерін атап
көрсетеді,7жақсы қасиет:
Біріншісі: Имандылық.
Екіншісі:Жоғарғы әділдік.
Үшіншісі:Адалдық,ақкөңілділік.
Төртіншісі:Сыпайылық,момындық.
Бесіншісі:Адал ниетпен өсиет беру.
Алтыншысы:Жомарттық,қайырымдылық.
Жетіншісі:Дұрыс заңдылық[3].Адамгершілік тәрбиесі-оқушылардың бойында белгілі
бір мінез-құлықтардың сипаттарын қалыптастыру,өзіне және өзге де адамдарға,отбасының
мүшелеріне,ата-анасына,тума-туысқандарына,туған жеріне,табиғат пен қоғамға,мемлекет
пен Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез-құлық,тәртіп нормалары мен ережелерін
дарыту мақсатын жүзеге асыру бағытындағы ересек адамдардың,тәрбиеші,мұғалімдердің
қызметі.Абай:”Адамның
адамшылығы,адамгершілігі-ақыл,ғылым,жақсы
ата,жақсы
ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздан, ” – дейді.
Жеке баланың бойындағы ар-ұяты,ақыл-ойы,адамгершілігі,басқа адамдармен қарым-
қатынасы,мәдениеттілігіжанұядан алынады.Сондықтан жанұя-бала тәрбиесінің ең алғашқы
ұжымы.Осы ұжымның әрбір мүшесі өзара сүйіспеншілікпен,береке-бірлікпен,сыйластықпен
бала тәрбиесіне араласса,кәмелетке толғаннан кейін саналы,тәрбиелі жеке тұлға пайда
болады.Ал,баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі,тату,берік отбасының әсері мол,себебі
оның
ер
жетіп
өсуі,бойындағы
алғашқы
адамгершілік
белгілер
отбасында
571
571
қалыптасады.Сондықтан,отбасы өте қажетті,басқадай еш нәрсемен ауыстыруға болмайтын
баспалдақ[4].Ата-ана-тәрбие өнегесі,сондықтан»Ата көрген-оқ жонар,ана көрген-тон
пішер»деп қазақ мақалы тегін айтылмаған.Осы нақыл сөзден-ақ,отбасының,ата-ананың бала
тәрбиесіндегі ролі өте үлкен және маңызды екенін көреміз.
Ал,әйгілі
түрік
ойшылы
Жүсіп
Баласағұны
«Құтты
білік»
шығармасындағы:»Сәбиінде көкірекке түйгені Өлгенінше санасында жүреді!Ұяда не
көрсе,соны іледі.
Сүтпен сіңген өле –өлгенше жүреді.!»[4],-деген бәйіті «Ұяда не көрсе,ұшқанда соны
іледі»,»Cүтпен біткен мінез,сүйекпен кетеді»деген мақалдармен үндес.яғни,Ж.баласағұн бұл
бәйіттерінде өмір есігін енді ғана ашқан жас ұрпақты отбасында және қоғамдық ортада
адамгершілікке тәрбиелеудің орны бөлектігін атап көрсеткен.Міне,сонда ғана әрбір бала
ұрпақтан қрпаққа жалғасып келе жатқан ізгі қасиеттерді,әдеп ережелерін өз өміріне серік етіп
өседі дейді.
Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейдігі айқын.Бұл баланың
сана-сезіміне әсер ету арқылы,ішкі жан-дүниесіне әсер ету арқылы,ішкі жан-дүниесін
оятудың
нәтижесінде
оның
дүниетанымын
қалыптастырады.Баланың
сана-
сезімін,адамгершілік мұраттарын қалыптастыру-тәрбиенің ең бірінші міндеті.Тәрбие
барысында әрдайым осы мұраттарды басты нысаны етіп ұстау қажет.Себебі баланың
көзқарасы оның күнделікті ісімен сәйкес келмесе олар ойлауға шебер,бірақ іске жоқ адамдар
болып
қана
шығады.Баланы
имандыққа
баулып,мейрімділікке,қайырымдылық,кішіпейілділік,қамқорлық,ізгілік сияқты қасиеттерді
бойларына сіңіру-әрбір отбасы мен тәрбие беретін ұйымдардың басты парызы.Дана
ақын,халықтың ырысы»Құтты біліктің» -негізін жүсіп Баласағұн-адамның мінезі-құлқы мен
оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады.Адам-бұл дүниеге қонақ,сондықтан ол артына
ылғи да жақсы сөз бен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет.Ол үшін әр кез жаман қылықтан
сақтанып,адалдықпен жүріп-тұруы тиіс деген ойлары бізге жақсы мәлім[3].Адамгершілік
қөзқарасты қалыптастыру бойынша жұмыстар түрлі бағытта жүзеге асырылуы тиіс,әңгіме
үстінде,ойын
кезінде,көрнекі
материалдарды
қарастырғанда,телехабарды
көріп
отырғанда,түрлі жағдайды шешу кезінде, т.б.Балалар адамгершілік істер жөнінде білім алып
қана қоймай,бұл істерді күнделікті өмірде,үлкендермен,балалармен қарым-қатынаста жүйелі
түрде басшылыққа алып отыруға дағдылануының маңызы зор.
Белгілі кезеңде баланың психикасында пайда болған жаңа жақсы қасиеттері әлі де
әлсіз және шектеулі болса да,тәрбиеші соған сүйенуге тиіс.Осыған байланысты психологтар
мынаны
анықтайды:мектеп
жасына
дейінгі
балалар
сыртқы
ықпалы
өте
қабылдағыш,үйреткенің,айтқаның бәрінің шындығына,адамгершілік нормалардың сөзсіздігі
мен қажеттігіне сенгіш келеді,бұл жастағылар өзгелерге қойылатын адамгершілік талаптар
жөнінде
ымырасыздығымен,мінез-құлықтарымен,еркіндігімен
ерекшеленеді.Бұл
ерекшеліктер мектеп жасына дейінгі балалардың оқып,тәрбиеленетіндігінің кепілі болып
табылады.Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілікке тәрбиелеу үшін нақ осы
жастарда зор мүмкіндіктер туады.Балалардың оңды адамгершілік тәрбиесі,адамгершілікке
тәрбиелеуде шешеуші маңызға ие.Тәрбиелеу ісі ең алдымен баланың күнделікті маңызға
ие.Тәрбиелеу ісі ең алдымен баланың күнделікті өмірде өтіп жатады,мұнда ол адамгершілік
ережелеріне,нормаларына,принциптеріне дағдыланады және олардың қажеттілігіне көзі
жетеді.
Рухани-адамгершілік
тәрбиесінде
алдымен
баланы
тек
жақсылыққа-
қайырымдылық,мейірімділік,ізгілікке тәрбиелеп,соны мақсат тұтса,ұстаздың,ата-ананың да
болашағы зор болмақ.»Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», - депті Ақан сері.Олар:жалған
айтпадым,жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңе қызғанбадым.Бұл үш қасиет
әркімнің өз құдайы.»Өз құдайынан айрылған адам бос кеуде,өлгенмен тең» деген
екен.Шындығында бұл ақиқат.Олай болса,жеке тұлғаны қалыптастыруда,олардың жан
дүниесіне сезіммен қарап,әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға,жоспарлауға,оны орындауға,өзіне-
өзі талап қоя білуге тәрбиелеу-адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты.Мақсатқа жету үшін
572
572
сан алуан кедергілер болуы мүмкін.Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап
қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.»Еліміздің күші-
патшада,сәбидің күші-жылауында» демекші,біздің күшіміз,қорғанышымыз,сеніміміз-
адамгершілігімізде болуы керек.Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта
білсек-ұлы жеңіс болары анық[5].
Достарыңызбен бөлісу: |