568
568
4)Ойын кезінде балалардың ойларын бұзбау үшін және ойынның сюжеттік және
психологиялық мазмұнын байыту мақсатында ойнаушыларға дұрыс бағыт беру үшін
тәрбиеші ойынға сыпайы, әдепті кірісу қажет.
Шығармашылық ойын
– ерте жаста қалыптасады. Бүлдіршіндер тамақтанады,
серуендейді, ұйықтайды, ересек адамдардың тамақ дайындауын, ыдыс-аяқ жуғанын, басқа
шаруалар орындағанын бақылайды. Соныменбірге балалар әр түрлі заттардыөздері
пайдаланып немесе ересек адамдардың пайдаланғанын бақылап отырады. Осы жаста
қалыптасқан дамудың әлеуметтік жағдайына байланысты, балалар ересек адамдардың іс-
әрекеттеріне емес, олардың пайдаланатын заттарына қызығады. Балалар заттардың
атауларын естеріне сақтап, оларды пайдалану туралы біліп, қасиеттерімен танысады.
Мысалы, мынау – тәрелке, онымен сорпа ішеді, ботқа жейді, т.б. Балалар күнделікті өмірде
істей алатын әрекеттерін өздерінің ойындарында көрсете алады. Балаларды ойынға
қатыстыру үшін тәрбиеші оларға ойын міндеттерін қоюды үйретеді.
Ойын міндеттері
– ойында көрініс табатын өмірден алынған кішігірім оқиға.Осы
жаста ойын міндеттері мазмұны бойынша қарапайым болып келеді. Ойын міндеттерінің
мазмұны қоршаған ортадан алынады. Ойында балалар әр түрлі ойын міндеттерін қояды, бұл
қоршаған орта туралы алған әсерлеріне байланысты. Олар неғұрлым бай болса, ойын
міндеттері соғұрлым көп болады. Ойын міндеттерін көбейтуге басқару мақсаты болмау
керек, бала бір-екі ойын міндеттерін қойса, соның өзі сюжеттік-көрсету ойынына жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: