«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет253/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Ойынды басқару міндеттері
– мектепке дейінгі балалық шақта адамның жеке 
тұлғалық қасиеттерінің негізі қалыптасады. Осы кезеңде ойын жетекшісі іс-әрекет ретінде 
қалыптасқан жағдайда ғана олардың дамуына кең мүмкіндік береді. А.Н.Леонтьев бұл 
жайында мынадай пікір білдіреді: «Ойын баланың жетекшісі іс-әрекеті болу үшін, ойынды 


567 
567 
басқаруды үйрену керек, ол үшін ойынның даму заңдылықтарына бағыну қажет, олай 
болмаған жағдайда оны басқару емес, ойынды бұзуына әкеліп соғады». 
Қазіргі кездегі мектепке дейінгі педагогикада ойынды басқаруда әр түрлі теориялық 
тәсілдер қалыптасуда.Мектепке дейінгі педагогикада бала ойынын басқарудың әр түрлі 
жолдары бар. Ойынды кешенді басқаруға оның қалыптасу процесіндегі бір-бірімен жалпы 
мазмұны бойынша байланысқан төрт құрамы жатады. 
Оларды мына сызба арқылы көрсетуге болады: ойынды кешенді басқару – 
қоршағанортамен белсендііс-әрекетте таныстыру – ойындық тәжірибесін байыту – заттық-
ойындық ортаны ұйымдастыру – тәрбиешілердің балалармен белсендіретін қарым-
қатынасы. Ойынды кешенді басқарудың мазмұны ойын дамуының тәжірибесін байыту 
ерекшелігіне арналған. Балалар қандай ойындық тәжірибе алу керек деген сұраққа жауапты 
балалардың 
ойындық 
тәжірибесін 
дамытудың 
негізгі 
бағыттарынан 
табуға 
болады.Балалардың ойындық тәжірибесін дамыту – мазмұнын күрделендіру – ойын 
әрекеттерін күрделендіру – серіктесімен қарым-қатынасы – өз бетінше жұмысы және 
шығармашылық. 
Үйрету ойыны
барысында тәрбиеші балаларға ойындық тәжірибесі жоқтығына 
байланысты әлі шеше алмайтын ойындық проблемалық жағдайлар қатарын ұсынады. 
Міндетті түрде балаға қойылатын талап – баланың ойынға белсенді қатысуы. Ересек адам 
ойнап, балалар тек қарап отыратын ойындар тиімді бола алмайды. Тәрбиеші ойын барысында 
баланың орнына ештеңе орындамауы керек, ол тек көмек бере алады. Үйрету ойын түрінде, 
білінбей өтуі қажет. Балалар ойынның әдеттегі серігі ойыншықтар мен басқа ойын 
материалдары болады, сондықтан ойынды кешенді басқаруды дамытушылық заттық-
ойындық ортаны ұйымдастыру ерекшелігін анықтауға көп көңіл бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет