«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет249/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Ойынның сюжеті мен мазмұны. 
Балалар ойындарында айналасындағы шындықтың 
көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан үлкендердің іс-әрекеті мен олардың 
еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын бейнелейді. 
Көбінесе шындық – рөлді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы 
неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым сан алуан келеді. Сондықтан 
кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері 
өте сан алуан. Ойын сюжетінің әр алуандығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да 
артады. Мысалы, 3-4 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 10-15 минут болса, 4-5 жастағы 
балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі жастағылар ойыны бірнеше 
сағатқа созылады. 
Қазіргі таңда сол ұлттық ойын, өлең шумақтарымен былдырлап тілі шыққан бала 
балабақша табалдырығын аттағаннан кейін өмір тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық 
ерекшеліктері, тілінің дамуы осы ойын үстінде қалыптасады.Баланың ойлау әрекеті, 
балабақшада өтілетін сабақтарда, ойындарда, танымды әсері мол дидактикалық ойындарда 
әрбір нәрсенің мазмұнын, мәнін түсініп, ой-өрісі кеңиді. Ойын сабақтарда қиялы дамып, 


564 
564 
өздеріне таныс заттарын жаңа қырынан біліп тануы, атауларын дұрыс атай білуі,сипаттама 
бере білуі қалыптаса бастайды. 
Сюжетті ойындар
мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті 
рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті 
айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да 
болуы мүмкін. Сюжетті рөлді ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттері болып 
табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып 
табылады. Ойын кезінде балалар арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда 
болады. Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз іс-әрекетін, басқалардың 
іс-әрекетімен үйлестіреді, өзара түсінуді өзара көмектесуді үйренеді. Ойын үстінде 
балаларда тәжірибе алмасу пайда болады, ересектерден көмек сұрайды. Нәтижесінде ойын 
қызықты да сан алуан болады. Ойынға деген қызығу, оған қатысуға деген тілек балаларды 
өзара келісімге келтіреді. 
Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын 
процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқымен өзара қарым-қатынасын 
анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, 
ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиешібалаларға жақын болуға, олардың 
ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұнымен ережесін, өзінің 
ойындағы рөлін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның 
барысын, олардың өзара қарым-қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол рөлге қатыса алады. 
Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар 
көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен 
бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашан да өзінің қызықшылығын 
жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай өзіне тән 
ерекшеліктеріне қарай сюжетті – рөлді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс 
ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет