«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет251/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Дидактикалық құрылыс ойыны
– балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны 
қоршаған өмірді, алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді 
бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рөлді ойынға ұқсас келеді 
және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын 
үстінде көпірлер, темір жолдар т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар 
қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймай, сонымен 
өздерінің шығармашылық ойын, жобалық 
міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді. 
Дидактикалық ойын
кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып 
табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге 
үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы: «Сиқырлы 
қалпақтың сырын ашайық» ойынында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта 
білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті 
– қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактилық ойынның нәтижесі – қандай жолмен 
болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-
қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, 
аулада, залда, орманда өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы – ойыншықтар мен 
ойын құралдары. 
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті 
тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек. Үстел үсті ойындарға лото, 
домино, тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?», «Бұл қай кезде болады?», «Бұл кімге 
керек?» т.б.), пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар 
(«Ұшатын қалпақтар», «Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз» т.б.) мозайка типтес ойындар 
жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған үлтел үстінде ойнатылатын ойындар 
қызықтырақ болады. Оларда табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (кім не мінеді, 
немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл 
көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет