МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Ярашева Ш.Т., Абикенова А.Ш.
№108 «Арман» балабақшасы КМҚК
Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы» Заңының 8 бабында «Білім беру жүйесінің
басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап
көрсеткен. Сондықтан қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін
технологияландыру, инновациялық технологияларды қолданылу мәселесі басты орында.
Біз балабақшада оқу қызметтерін ұйымдастырған кезде мектепке дейінгі балалардың жас
ерекшеліктеріне мән бере отырып, жаңашыл технологияларды қолданамыз. Осы орайда
мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру мен жан-жақты дамытуда
жаңа әдіс-тәсілдерді тіл дамыту сабағында үнемі пайдаланамыз. Мектепке дейінгі жаста
баланың тілі белсенді дамиды: практикалық қолданысы жүзеге асады, сөздік қоры өседі,
грамматикалық тілдік құрылымын меңгереді, фонетикалық есту қабілеттері дамиды, тілдің
ауызекі сөйлеу құрылымын түсінеді. Мектепке дейінгі жас психофизиологиялық тұрғыдан
тілді меңгеруге өте тиімді.
Балаланың тілді қабылдау мен дыбыстау сезімталдығын есепке ала отырып, ерте жастан
оның бүкіл өмірінде тілдік ерекшеліктерді қалыптастыру үшін тілдік аппараттың иілгіштігін
дамытуға және сақтауға болады. Бала кішкентай кезінде кез-келген тілдің дыбыстарын
дұрыс айтуға қабілетті болатыны анықталған.
Ал эмоционалды жағымды орта мектеп
жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда маңызды рөл атқарады, бұндай жағдайда
балалардың тілдік қарым-қатынасқа түсу ниеттері белсенді болады.
Тілдің дамуы баланың ойлауы мен елестетуін қалыптастырумен де тығыз байланысты.
Егер мектеп жасына дейінгі ересек балалардың бір-бірімен сөйлесу, тілдік қарым-қатынасқа
түсу қабілеттері жоғары деңгейде болса, ал үлкендермен қарым-қатынас кезінде тыңдай білу,
өзіне қаратылып айтылғанды түсіну, диалогқа түсу, сұрақтарға жауап беру және өзі де сұрақ
қоя білу дағдыларын дамытуда біраз жұмыстар атқару қажет. Ол үшін біз тіл дамыту, көркем
әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметтерінде қызықты және мазмұны жағынан қарапайым
әңгімелер құрастыра білуге, сөз тіркестерін грамматикалық және фонематикалық тұрғыдан
дұрыс құрастыра білуге, монолог түрінде сөйлей білуді үйретеміз. Сонымен қатар бұл
олардың одан әрі мектепте білім алу дайындығына да ықпалын тиігізеді. Мектеп жасына
дейінгі балалардың сөздік қорларын да үнемі толықтырып отыру жұмыстары да жүргізіледі.
Яғни, тіл дамыту сабағының мақсаты қарым-қатынас кезінде балалардың сапалы тілдік
әрекетін қалыптастыру болып табылады.
Қарапайым ауызекі сөйлеу тілін меңгермеген бала, өз құрдастарынан артта қала
бастайды, тіл кемістігін жөндеу мен түзету кеш болып кетеді де, баланың ойлауы мен
психикасының дамуында кемістік болады. Осы мәселені зерттей келе, біз тіл дамыту
сабағында әртүрлі әдіс-тәсілдермен инновациялық технологияларды қолдану мен негіздеуді
қолға алдық.
Балаларды ойын іс-әрекетіне тарту балалардың тілдік дамуын белсендіруге көмектеседі.
Яғни, тіл дамыту сабақтарында «Отбасындағы мереке», «Досыңа көмектес», «Сөзді есіңе
түсір», «Сөз тізбек», «Кім не істейді? «, «Түрлі-түсті әңгімелер» және т.б. лингвистикалық
ойындарды қолданамыз, ол баланың тілдік құрылымының қалыптасуына себеп болады.
Осындай ойындардың арқасында баланың тілдік мәдениеті мен қарым-қатынасы, тілдің
екпіндік-динамикалық мәнерлілігі, ырғақтық сапасы, әрбір сөзді нақты айтулары, сөзде
екпінді дұрыс қоя білу дағдылары, сауаттылықтары, басқаларға түсінікті болатындай өз
579
579
ойларын дұрыс айта білу іскерліктері қалыптасып, диалогтік және монологтік сөйлеулері
дамып, сөздік қорлары толығады.
Егер қарым-қатынас кезінде біз эмоционалдық жағын ұмытып кетсек, онда қарым-
қатынасқа жасау қажеттілігі төмендейді. Сондықтан лингвистикалық ойындар кезінде
баланың көңіл-күйіне де назар аударып, оның сөйлеу мүмкіндігін есепке аламын. Бала
қажетті сөзді таба алмаса, тілдік және тілдік емес қарым-қатынасты бірлестіре
пайдалануына, яғни ым-ишараны, пластиканы қолдануларына мүмкіндік береміз.
Тіл дамыту сабағында біз мектеп жасына дейінгі балалардың айналасындағылармен
мәдениетті қарым-қатынас жасау дағыдыларын да қалыптастыруды қолға аламыз. Мәдени
қарым-қатынасқа тәрбиелеуде көркем әдебиеттің маңызы зор. Яғни ертегілерді, әңгімелерді
оқу, тыңдау, тақпақтарды жаттау арқылы балалар ондағы кейіпкерлерден сүйіспеншілік,
қамқорлық, мейірімділік сияқты қасиеттерді бойларына сіңіре отырып, өзгелердің және
өздерінің әркеттерін бағалай білуге үйренеді. Сондықтан балалардың сөйлеу тілінде ертегі
терапиясының да әсері мол. Мнемокестелер қолдану арқылы балалар ертегілер мен
әңгімелердің желісі бойынша әңгімелейді, бір-біріне сұрақ қояды, сол сұрақтарға жауап
береді.
Сол сияқты тіл дамыту сабағында ҰОҚ рөлдік ойындар; оқу үрдісін ойын түріндегі
(жарыс сабақ, конкурс сабақ, саяхат сабақ, КТК сабағы) оқу түрлерін ұйымдастырамыз.
«Отбасы», «Емханада», «Супермаркетте», «Әжеде қонақта» сюжеттік-рөлдік ойындар
арқылы балаларды бір-бірімен, үлкендермен қарым-қатынас жасау мәдениетіне, қоғамдық
орындардағы тәртіпке үйретеміз. Мұндай ойындар балалардың өзіне деген сенімділігін
арттырады. Қатты ұялшақ балаларға жүргізушілік рөлді беру арқылы, олардың өз
құрдастарымен белсенді қарым-қатынас жасап, үлкендермен де қорықпай қарым –қатынасқа
түсуіне мүмкіндік береді.
Тіл дамыту ҰОҚ бойынша «Жыл мезгілдері» тақырыбында балалардың жұмбақтарды
шешу арқылы пассивті сөздік қорлары дамытылды. Оқу үрдісі барысында АҚТ қолданылып,
«Бұл қай кезде болады?» тақырыбы бойынша слайд көрсету арқылы балалардың жыл
мезгілдері, апта күндері, ай аттары, тәулік уақыты бойынша тілдерін дамыту жұмыстары
жасалды. «Бұл қандай құс?», «Сөйлемге сөз қосып, толықтыр» т.б. ойындарда баланың
лексикалық қоры молайып, қажетті сөздерді табуға тез үйренеді, сөздік қорлары
белсендірілді.
Инновациялық әдістер мен тәсілдердің бір түрі ретінде тіл дамыту сабағында «ӨЕШТ-
педагогика» бойынша ойын түрлерін қолдандық. Олар: «Жақсы-жаман», «Шырғалаң»,
«Сүйікті ертегіңнің соңын заман ағымына қарай өзгерт» және т.б. ойындары.
Өз жұмысымызда инновациялық технологияның бір әдісі ретінде тілдік белсендіргіш
тренажерді қолданыламыз. Жұмыс кезінде бала сөзді көріп қана қоймай, оны қолына алып,
алақанында ұстап, онымен сөйлемдер құрастыра алады.
Осылайша, тіл дамыту сабағында АТҚ, инновациялық технологияларды қолданылу
балалардың тілдің дыбыстық мәдениетін, тілдің грамматикалық және фонематикалық
лексикасын дамытуға мүмкіндік береді. Ал әрбір педагогтың негізгі міндеті – ғылыми-
техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде
қабылдап, өңдеп, өз жұмысында нәтижелі пайдалана білу болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы» Заңы, 2007
2. А.С.Құрманбекова «Мектепке дейінгі білім беру жүйсеніде педагогикалық
технологияларды қолданылу»
3. «Мектепке дейінгі білім» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. №5 2009 ж.
4. Ткаченко Т.А. «Формирование связной речи», 2007
580
580
Достарыңызбен бөлісу: |