«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫН



Pdf көрінісі
бет260/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫН 
ДАМЫТУ 
 
Аманбаева Мадина Жакатовна, Сайлаухан Мөлдір 
ҚМКҚ №15 «Аққу» балабақшасы 
 «
Бала қабілеті мен дарындылығы – саусақ
ұштарынан бастау алады.
Саусақтардан басталатын нәзік
салалар − шығармашылық ойларды
нәрлендіретін қайнар көз» В.А. Сухомлинский 
Мектептегі оқуға интелектуалдық дайындықтың көрсеткіштерінің бірі ұсақ 
мотриканың жоғары дамуы болып табылады. Өкінішке орай қол моторикасының аз қолдану 
салдарынан, қазіргі балалардың жазуды игеру немесе сөйлеудегі дамуында мәселелер бар. 
Көптеген ата – аналар егер балаланың сөйлеуі қалыпты жағдайда болса, онда ол осы даму 
деңгейіне тура келеді деп ойлайды. Бірақ бұл жағдай мектепке дейінгі ұйымдағы балалар өз 
қолдарын жақсы игереді деген сөз емес. Егер 4 – 5 жаста балалардың бауды байлауы 
қиындық тудырса, немесе ермексаздан үлкендердің көмегінсіз шардан басқа пішін жасай 
алмаса, яғни бұл балалардың ұсақ моторикасының дамуы баяу жүріп жатыр дегенді 
білдіреді.
Ұсақ моториканың дамуы – қол саусақтарының жылдам және нақты қозғалуына, 
сонымен қатар олардың сезімталдылығы баланың есте сақтауына, ойлауына, сөйлеуіне және 
жазуға дайындығына – күшті әсер етеді. Өкінішке орай баланың ұсақ мотрикасының 
дамуының кемшіліктерін көптеген ата – аналар тек мектепке барар алдында ғана немесе 
мектептегі оқу кезінде ғана байқайды. Балаға көп мөлшерде салмақтың түсуі: жаңа 
ақпараттарды қабылдаудан басқа, оған өзіннің қозғалысын басқарауды үйренуге тура келеді. 
Ұсақ моториканың жеткіліксіздігі, баланың өзіне қызмет етуінің төменгі деңгейін 
көрсетеді, мысалы: киіну және шешіну барысында, түймелерін тағу мен ағытуда, бауын 
байлау мен шешуде және асхана құралдарын қолданған кезде және т.б. 
Интелектуалдық дамудың кірпіші мектепке дейін қаланады. Балаларды туғаннан 
бастап және өз бетінше толық дамығанға дейін оқытқан жөн. 
Ұсақ мотриканы дамытуға арналған ойындар мен ойын жаттығуларын 
қолдануға арнаған практикалық кеңестер. 

Саусақ жаттығулары ұзақ болмау керек, күніне бірнеше минут жеткілікті. Кіші 
жастағы балалар ермексазбен, жаңғақпен, қысқыштармен, дәндермен, түймелермен 
ойнағанды жақсы көреді.

Ересек топтағы балалармен ойындар бірте – бірте қиындай береді. Бұл суреттерді 
салу және де көшіру; тор көз парақтармен дұрыс жұмыс жасау, ұсақ тастардан өрнек жасау; 
ермек саз пен дәндерді қағаз бетінде жағу арқылы жабыстыру; тақтайшаларда шеге қағу, жас 
ерекшелігіне қарай мозайка құрастыру, моншақтарды тізу.

Моншақтарды тізу барысында балалардың екі қолымен қатар жұмыс жасауын 
мақсат тұтады, ең бастысы бірнеше іс әрекетті бір уақытта орындау.
«Достарға мойыншақ» ойыны. Әртүрлі пішінді макарондарды алып, балаларға 
мойыншақ жасау ұсынады, әртүрлі пішіндегі макарондарды ретімен келістіре жіптен 
өткіземіз. Балаларға тапсырма беру: шыршаға әсем моншақтар немесе үйдің қабырғаларын 


581 
581 
әсемдеуге арналған моншақтар. Моншақтарды әртүрлі түске бояуға, сол кезде моншақтар 
әдемі, ашық түсті болатынын айту. 
«Домалату» ойын. Балаларға бұл ойын өте ұнайды. Шарды, допты, қарындашты, грек 
жаңғағын саусақ арасында үлкен саусақтан шынашаққа домалату. Ойын ойнай отырып қолға 
массаж жасаймыз..
«Сәнгер» ойыны. Бұл ойын тек саусақ моторикасын дамытып қоймай, сонымен қатар 
қол моторикасы арқылы мидың қызметін арттырады. 
Бұл ойынға кез – келген қуыршақтың киімін аламыз, ашық түсті түймелер, түрлі – түсті 
қағаз, степлер, қайшы және әртүрлі мата алып, сәнді киім жасаймыз. Кішкентай сәнгерге 
индейцтердің бас киімін жасауға ұсынамыз. Жұмсақ кардон, түрлі – түсті қатырма қағаздар 
және қауырсындар. 
«Білезікті әшекейлейміз» ойыны. Бұл ойын үшін қатты фольга керек, балалар фольгага 
ою – өрнекті ояды. Қарындашпен фломастермен ұзақ жұмыс жасағанда қолға арналған 
жаттығуды жасау керек. Қол мен саусақтың шаршағанын басатын қимылдар ұсынылады: 

Жұдырықты түйу. Қолдың мойынын оңға және сол жаққа айналдыру (4 – 5 рет). 

Саусақтарды жұмып және ашу (5 – 6 рет). 

Шынашақтан бастап саусақтарды кезекпен бүгу арқылы саусақтарды жұму (4 – 5 
рет). 
Әр жұмыста балалар қиындыққа тап болуы мүмкін, сол кезде әр балаға көмек беріп, 
жеке жұмыс жасау. 
Қортындылай отырып, ұсақ моторикасы жақсы дамыған бала логикалық ойлай біледі, 
оның есте сақтау қабілеті жақсы дамып, жақсы байланыстыра сөйлейді. Сондықтанда 
баланың ұсақ мотрикасының жақсы дамуын ерте бастан қадағалап, оған аса көңіл бөлген 
жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет