«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТІЛ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТҮЗЕТУ-



Pdf көрінісі
бет263/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТІЛ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТҮЗЕТУ-
ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНДА
АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Сакенова А.М 
Исина Н.С 
Мухаммедина С.Г 
Темирбаева Г.Т 
№145 «Балапан» б/б КМҚК 
«Тек қана ата-аналармен бірге,
жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында
педагогтар балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»
В.А.Сухомлинский 
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытып тәрбиелеу, әр баланың өзіндік 
ерекшеліктерін, жасын ескере отырып, оның жеке адам болып қалыптасуы мен өсуіне және 
дамуына жағдай жасайтын үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі.
Өкінішке орай, біздің елімізде кейінгі кезде тіл кемістігі бар балалар көптеп кездеседі. Қазіргі 
кезеңде тілінде кемістігі бар балаларды мектеп жасына дейінгі арнайы балабақшаларда, 
топтарда тәрбиелеп оқыту жұмыстары қолға алынды. Балабақшалардың арнайы топтарында 
тәрбиелеу және оқытудағы жұмыстар олардың жалпы сөйлеу мүмкіндіктерімен даму 
ерекшеліктері, ой-өріс, мінез-құлықтары ескеріле отырып, жалпы балабақшалардың 
бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Дегенмен бағдарламаның өзіндік ерекшеліктері бар.
Логопед маманы өз жұмысын жоспарлауда алдына бірнеше мақсаттар қояды:
-баланың 
дыбысталуын 
түзету.
-баланың фонематикалық естуін дамыту. -
баланың сөздік қорын кеңейту. - 
сөйлеудің 
лексико-грамматикалық 
құрылысын 
қалыптастыру.
-байланыстыра 
сөйлеу 
қабілетін 
дамыту.
-бала қолының ұсақ моторикасын дамыту, қолын мектепке жазуға дайындау.
-психикалық 
процесстерін 
дамыту.
-тіл 
дамуының 
деңгейіне 
және 
мінез-құлықтарына 
сәйкес 
жұмыс 
жүргізу.
Баланың сөйлеу қабілетін түзету мен дамуында тездік және сапалы нәтижелерге жету үшін 
психолог, невропатолог мамандарының көмегімен жүргізіледі.Сонымен қатар түзету-дамыту 
жұмыстарында 
тәрбиешілердің 
де, 
атқарар 
көмегі 
зор.
Мектеп жасына дейінгі балалардағы тілдік кемістікті жою мақсатында, түзету-дамыту 
жұмыстарында, 
ата-аналардың 
қатысуы 
ерекше 
роль 
атқарады.
Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан 
жағдайда 
оның 
бала 
тәрбиесіне 
тигізетін 
ықпалы 
да 
нәтижелі 
болмақ.
Логопедтің ата-аналармен жұмыс жасау барысы бірнеше кезеңнен тұрады:
1.Ұйымдастыру кезеңі: ата-аналармен жұмыс балалардың топқа келуінен басталады. Осы 
кезеңде қызметтес болуға отбасының психологиялық дайындығы, балаларды тексеру 
нәтижесі туралы ата-аналарды таныстыру. Сауалнама, көрнекі-ақпараттық түрлері, ата-


590 
590 
аналар жиналысы, тақырыптық кеңес беру, логопедиялық ұйымдастыру оқу қызметтеріне 
ата-аналарды 
шақыру 
және 
басқа 
шаралар 
қолданылады.
2.Негізгі кезеңі: Осы кезеңде ата-аналарды оқыту –түзету жұмысына тығыз қарым-қатынас 
орнату. Сөйлеу дағдысын қалыптастыруда, ата- аналар қатысса логопедпен баланың
жұмысына оң әсерін тигізеді. Егер бұл қатысушылық саналы түрде болса, жақсы 
жоспарланған және ұзаққа созылса, онда ол тиімді бола түседі. Ата-аналарды тіл кемістігі 
бар балаларды дәрігердің де бақылауында ұстау негіздері туралы хабардар етуі керек. Ата-
аналарға олардың баласына сөйлеу дамуының деңгейі туралы ақпарат беру қажет. Ата-
аналарға сөйлеу дамуының бұзушылық себептерінің түрлерінен бағыт- бағдар беру керек. 
Баланың білім алу маршрутын жобалау туралы түсінік беру. Алдағы логопедиялық
жұмыстағы ата-ана ролін анықтау. Ата-аналармен байланыс-жеке және топтық жұмыс 
түрлерінде жүзеге асады. Ол-семинарлар, кеңес беру, әңгімелесу, ашық ұйымдастырылған 
оқу қызметі, көрнекі насихат, ақпараттық көрмелер, сауалнамалар өткізу. Ата-аналар үшін
көрнекі ақпарат түрлі жайма папкалар,тақырыптық папкалар және т.б. Сөйлеу бағытында 
балалардың тіл дамуы саусақтың қозғалуына байланысты екенін ата-аналардың назарын 
аудару. Саусақтың қозғалуы,баланың жасына сай болуы керек. Ғылыми тұрғыда, балалардың 
тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды. Ұсақ 
моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және 
сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және 
оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта 
аламыз. Логопедтің мақсаты-ата-аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының 
маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне 
көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру қажет.Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың 
икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді.Сондықтан,қол қимылдарын 
дұрыс басқара білу қажет. Баланы ешқашан мәжбүрлеуге болмайды. 
Халық даналығындағы «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған өмірде де 
озады» деген атталы сөздің сырына жүгенсек мектеп алды баланың ойынға деген 
қызығушылығы, қарым – қатынасы, мінезі олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса 
береді.Ойын баланың негізгі әрекеті. Халқымыз бала тілінің дамуына ойын әрекеті 
елеулі орын алатынын ерте кезден-ақ болжап білген.Ойын кезінде баланың ортамен қарым-
қатынасы 
кеңейіп,таным 
қабілеті 
өседі,ойын 
үстінде 
бала 
жолдастыққа, 
көпшілікке,тапқырлыққа, ептілікке, адамгершілікке тәрбиеленеді. Осы 
негіздерді ескере отырып,ата-аналардың назарын баланың ойын әрекетіне көбірек көңіл 
аудара 
отырып, 
жағдай 
жасау 
және 
уақыт 
бөлуіне 
талап 
ету.
Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін 
зерттей келе қазіргі заманда жалпы тіл дамуы жетілмеген балалар көп кездеседі.Осыдан келе 
мынындай қорытынды шығаруға болады:егер тілінің дамуында ақау болса,онда бұл ұсақ 
моториканың мәселесі.Өкінішке орай, көп ата-ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму 
деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа 
хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтармен қарындашпен жазып 
үйренуі керек. Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қолдануына қарай, 
саусақтарға ат қойған, осыған байланысты ұсақ моториканы дамытуға арналған 
жаттығулардың пайдасы өте зор. Олар өте қызықты, шығармашылық қызметін және тілдерін 
дамытады .Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, 
ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады.Саусақтарының қозғалыс – 
қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген 
сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі 
қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен, және т.б. түсініктерді бағдарлай алуды 


591 
591 
үйренеді. Осы ойындар айналадағы ақиқатқа жататын заттарды, жануарларды, адамдарды, 
олардың іс – әрекеттерін және табиғаттағы құбылыстарды (жел, жаңбыр, күн, ағаштардан 
түсіп жатқан жапырақтар) бейнелейді. Бұл ойындардың барысында балалар үлкендердің 
қимылдарын қайталап, өз қолдарының моторикасын белсенді дамытады. Саусақ 
ойындарының нәтижесінде: баланың сөйлеу тілі жетіледі, қимыл – қозғалысы артады, 
икемділігі артады, логикалық ойлауы дамиды, танымдық деігейі артады. Баланың қол еңбегі 
мен тілін арттыру үшін қандай ойындар мен жаттығуларды және т.б. әрекеттерді 
қолданатының ата – аналарға ұсынуға болады. Мысалы: қолмен ермексазды жұмсарту, жуан 
жіпке түймелер, моншақтар кигезу, түрлі – түсті жіңішке сымды катушкаға орау, қалын 
арқан, жіп ұшарын байлау, түймелерді, ілгіш, замок, қақпақтарды жабу, ауада сурет салу, 
құммен, сумен ойнау, сурет салу, бояу, штрихтау, мозаикамен, конструктормен, пазлмен 
жұмыс 
және 
т.б.
Тіл ақауы бар балалардың сөйлеуін дамыту барысында үй тапсырмаларының орындалуының 
маңызы 
өте 
зор. 
Үй 
тапсырмалары 
бірнеше 
бөлімнен 
тұрады:
-Дыбысты 
қою 
кезеңіндегі 
артикуляциялық 
жаттығулар.
–Алдағы жұмыста дыбыстарды машықтандыруға арналған артикуляциялық жаттығулар 
қосылады ( буында,сөзде,сөз тіркестерінде,еркін сөйлеуде қойылған дыбыстарды дұрыс 
айту)
-Фонематикалық 
қабылдауын 
дамытытуға 
арналған 
тапсырмалар.
–Лексико-грамматикалық 
жаттығулар 
мен 
ойындар.
–Байланыстырып 
сөйлеуін 
дамытуға 
арналған 
тапсырмалар.
–Ұсақ 
моториканы 
дамытуға 
арналған 
тапсырмалар.
Тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне және сөйлеу деңгейіне сәйкес беріледі.
Үй тапсырмасын орындау барысында ата-аналар төмендегі нұсқауларға көңіл бөлу керек:
–Баланың дені сау тамақтандырылған, ұстамды болған жағдайда ғана үй тапсырмасын 
орындау 
қажет.
–Үй тапсырмалары жүйелі түрде логопедтің ұсынғаны бойынша орындалып отырылуы 
қажет.
– Тапсырмаларды бала өзі орындауы тиіс, ата-ана тек қана тапсырмалардың дұрыстығын 
бақылайды 
және 
керек 
жерде 
түзетулеріне 
болады.
–Бала 
шаршаған 
жағдайда 
демалуына 
мүмкіндік 
берілуі 
керек.
–Баланы 
жиі 
мадақтау 
керек.
3.Қортындылау кезеңде логопедпен ата-аналардың арасындағы байланыс болуда келесі 
мәселелер шешіледі:отбасы мен жұмыс жасаудың тиімді әдістерін анықтау, түзету-оқыту 
жұмысын қорытындылау. Жұмыстың негізгі түрлері:сауалнама, ата-аналар жиналысы, жеке 
және 
топпен 
сұхбаттасу.
Біздің мақсатымыз XXI ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты
сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.
Қолданылған әдебиеттер: 
1.
«Отбасы және балабақша» №3 2014ж 
2.
«Отбасы және балабақша» №9 2015ж 
3.
«Бала мен балабақша» №7 2014ж 


592 
592 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет