«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ



Pdf көрінісі
бет266/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ 
МЕКТЕП ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕСІНДЕ 
 
Байдалин С.Е. №101 МЛ
Жексенбаев Б.М., Оспанов М.Ж.№16 ЖББ ОМ 
Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жас 
ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, 
қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі 
өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Дені сау бала оқу процесіне белсене араласады, 


599 
599 
әрдайым жайдары, көңіл күйі жоғары болады, өмірсүйгіш қалпынан таңбай, құрбыларымен 
де еркін араласып, ұстаздарына да жылы қабақ танытады. Бұл тұлғаның барлық қырының 
танылуының негізгі шарты. Демек, баланың бойында денсаулық мәдениетінің қалыптасуына 
басты мән беру керек. Бала кезінен денсаулықтың заңдылықтары мен қарапайым 
қағидаларын бойына сіңіріп өскен бала өскенде де осы бағыттағы ізденісін жалғастыратыны 
сөзсіз. Оларды денсаулыққа деген жауапкершілік көзқарасты, дене мәдениетін 
қалыптастыру, әр сабақта осы жайларды еске салып отыру, оқытушының бағытталған 
жұмысы – балада өзге адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыру, өз бетімен, өздігінен 
өмірлік процестерге жауап таба білу сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Бала қоғамның ең 
жоғарғы құндылығы, одан жоғары тұрған ештеңе болмауы керек. Сондықтан да мектептің 
негізгі міндеті - әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға деген 
құштарлығын ояту, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бала бойындағы 
қасиеттерін дамыту.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында: «Дене шынықтыру және 
спорт мемлекеттің басты қамқорлығы болуы қажет. Салауатты өмір салты ұлт 
денсаулығының 
кілті 
болып 
табылады» 

деген 
болатын.
Жақсы денсаулық адамның салауатты өмір іс- әрекеті мен экологиялық таза қоршаған 
ортаның жемісі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз 
мейлінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта салауатты өмір 
салтымен айналысу жағдайын ұйымдастыруға күн сайын қолайлы жағдайлар жасау керек.
Бұл мақсаттарды іске асыру үшін оқушылар ең бастысы, адам өз денін сауықтырып, 
денсаулығын қалпына келтіре алады деген қағидаға сену керек. Осыны жүзеге асыра отырып, 
әр оқушының денсаулығын қалпына келтіріп, оны жақсарта түсуге арналған бағдарлама 
жасауға болады. 
1.Сабақтан тыс уақытта сауықтыру шараларын жүргізу. 
2.Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға үйрету.
3.Сыныпта денсаулық сақтау шараларына арналған көрнекі құралдардың, стендтердің 
болуы. Оны жасауға ата-аналар мен балаларды қатыстыру қажет. Әр пән мұғалімі өз 
сабағында осы мәселелерді балаға терең жеткізіп отырса, онда нағыз жан-жақты дамыған 
болашақ жас ұрпақ тәрбиелеп шығарарымыз сөзсіз. Жас ұрпақтың спортты серік етіп, 
денсаулықтарын нығайта түсуі – бүгінгі күннің басты талабы.
Осы орайда, мектептегі мұғалімдердің, дене тәрбиесі мұғалімдерінің басты мақсаты 
өскелең ұрпақтың дені сау, дене бітімі мықты , көңіл күйі көтеріңкі, жаман әдеттерден аулақ 
болуға тәрбиелеу болып табылады. Оқушының рухани адамгершілік жан- дүниесі таза 
болумен қатар оның физиологиялық дене бітімі мен денсаулығы да жоғары дәрежеде болуы 
керек. Бұл мектеп ұжымының басты қағидасы болуы керек.Мектептердегі оқу-тәрбие 
жұмысын қазіргі заманның талаптарына сәйкес жүргізу, оқушының денсаулығын сақтау мен 
нығайту мәселелерін тиімді шешу мектеп мұғалімдерінің бірлескен нәтижелі еңбектеріне 
байланысты.
Қазіргі мектепте жұмыс істейтін мұғалімдердің мектептегі оқушы денсаулығын сақтау 
мен қалыптастырудың басты мақсаты: оқушының бойында тұнып жатқан ішкі-дүниесіндегі 
күш- қуат пен белсенділігін, өмірге деген қызығушылығы мен жаңаша көзқарасының 
ашылуына барынша мүмкіндік беру болып табылады. Бұл оқушының рухани дүниесінің 
тазаруына, теріс- пиғылды жат ойлардан арылуға көмек береді. Мектеп оқушысын салауатты 
өмір салтына тәрбиелеудің басты міндеттеріне мына төмендегілер жатады: халық 
педагогикасы элементтерін қолдану (ауызша халық шығармашылығы, салт-дәстүрлер, әдет-
ғұрыптары, ұлттық ойындар т.б.); мектеп оқушысының бойында салауатты өмір салтын 
қалыптастыруда 
тиімді 
психологиялық-педагогикалық 
шарттарды 
қолдану; 
«салауатты өмір салты» - ұғымын қалыптастыру; салауатты өмір сүру туралы оқушыларды 
ынталандыру; оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек көрсету; өз денсаулықтарын 
сақтауда, салауатты өмір сүру дағдыларында жауапкершіліктерін қалыптастыру.
-Мектеп оқушыларының дене бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс 


600 
600 
қабілетінің артуы мен сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына қарсы тұруына көптеген 
мүмкіндіктер береді. Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін калыптастыру 
бұл:
Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан- 
жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу 
дағдысын қалыптастыру; -
Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен 
орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды 
жүргізу. Тұлғаның психологиялық, дене - қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас 
ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, 
жеке бас тазалығын жете түсіндіру; олардың 
мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру өзіне - өзі қызмет ету, 
денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиеналық мінез – құлық дағдыларын 
қалыптастыру болып табылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары 
мынаны көздейді: - 
Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшклігін ескеру;
Ғылыми, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана сүйену;
Экологияландыру, адам ағзасына қоршаған орта факторларының әсерін білу;
Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты туралы ұлттық салт – 
дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз қалыптастырып үнемі 
пайдалану;
Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін дайындау.
Ендеше баланың денсаулығын сақтай отырып, жұмысқа деген ынтасын арттыруда, 
денсаулық сақтау технологиясының алатын орны ерекше.
Денсаулық сақтай отырып білім беру принципі – оқушының дене және психологиялық 
денсаулығын дамытып, нығайтуға жағдай жасайды. Оны келесі құралдар арқылы жүзеге 
асыруға болады 
-денсаулықты сақтап оқыту;
-дененің дамуын арттыру;
-санитарлық- игиеналық ережелер мен нормаларды сақтау;
-салауатты өмір салтын насихаттау және т.б.
Денсаулық сақтау технологиясына негіздеп оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастыруды 
төмендегідей қарастыруға болады:
1) сабақты денсаулық сақтау принципіне сүйене отырып құру;
2) сабақта денсаулық сақтау техологияларын қолдану;
3) қозғалыс қоңырауларын ұйымдастыру. 
Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында 
мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты тұлға қай мектептің болсын 
нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз 
міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған 
шәкірттерді де сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.
Қазіргі заманда әрбір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарының сапалық қасиеттері
мен рухани күшін үйлестіріп олардың еңбек ету қабілетін арттыруға, мектеп оқушыларының 
денсаулығына, белсенді өмірін ұзартуға көп көңіл бөлініп отыр. Мектеп оқушыларының 
салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың 
денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады. Әрбір адам өзін келешекте өмір сүруге 
әзірлеп отырады. Ал ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстары 
ой еңбегімен алмастырылып дененің қимыл-қозғалыстары азаюда. Соның салдарынан адам 
ағзасы көптеген өзгерістерге ұшырап әртүрлі аурулар белең алуда. Мектепте оқушы өзінің 


601 
601 
11 жылын өткізеді. Ал мектепке келген оқушының денсаулығы жақсы, дене бітімінің мықты 
болуы шарт. Өйткені оқушының болашақ өмірі, мектептегі жетістіктері дене дамуының, 
денсаулығының мықтылығына тікелей байланысты.
Қорыта айтқанда, денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды қайталанбас, жоғалса 
қайта орнына қиындықпен келетін немесе орны толмас асыл қазынасы. Оқушылардың 
өміріндегі көп мезгілдерінің бірін өткізетін, оқушының бойында ағзаның өсуі мен дамуы, 
биологиялық және әлеуметтік жетілуі байқалып, өмірге деген көзқарасы, шығармашылық 
және жемісті іс – әрекеттіліктерге дайындығы қалыптасатын, ол орта – мектеп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет