«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет237/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
 
Литература:
1. Баряева Л.Б., Кондратьева С.Ю. Математика для дошкольников в играх и упражнениях. - 
СПб.: КАРО, 2007.
2. Белошистая А., Игровая ситуация на занятиях по математике. Дошкольное воспитание. - 
2007. - №10.
3. Гурьянова Ю.Ю. Математические игры и головоломки для малышей. - М.: ООО «ИД 
РИПОЛ классик», ООО Издательство «ДОМ. XXI век», 2002. 
4. Сербина Е.В. Математика для малышей: Кн.для воспитателя детсада. 
5. Михайлова З.А. Игровые занимательные задачи для дошкольников: Математика от трех 
до семи: Учебно-методическое пособие для воспитателей детских садов/ Никитин Б.П. 
Ступеньки творчества или развивающие игры.. Давайте поиграем: Математические игры 
для детей 5-6 лет. Кн.для воспитателей дет.сада и родителей. 
6. Л.Г.Петерсон, Е.Е.Кочемасова. « Игралочка: практический курс математики для 
дошкольников. Методические рекомендации. - М.: Баласс, 2004 (2-е изд.), - 176с. 
МӘҢГІЛІК ЕЛ АЗАМАТТАРЫН ДАЙЫНДАУ,
 
ҰСТАЗДАР ЕНШІСІНДЕ 
№15 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 
Абзалбекова Ардақ Тлеуғабылқызы 
 
Еліміз қазіргі уақытта қарқындап дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі, ендігі 
біздің алға қойған мақсатымыз , алға жылжи отырып «Мәңгілік ел болу» барысында ұлттың 
идеяны келешек ұрпақтың санасына қалыптастыру барысында жан-жақты білім бере отырып 
тәрбиелеу. Өсіп келе жатқан жас-жеткіншектердің бойына отансүйгіштік, адалдық, 
мейірімділік сезімін қалыптастыру, өз еліне жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің 
нағыз азаматтарын тәрбиелеу. Дамыған елдердің қатарынан иық тіресіп орын алу. Ол үшін 
біз жан-жақты қаруланған , мықты , білімді, өзінің күнделікті өмірде алған білімін жан-
жақты пайдаланып, кез келген ортаға бейімделе алатын, сыни көзқарасы дамыған 
шәкірттерді тәрбиелеп шығуымыз керек. Бүгінгі мектеп табалдырығын аттаған жас 
бүлдіршін – ертеңгі елінің, жерінің , дамуына үлес қосатын азамат. Сол азаматтардың ең 
бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің 
іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. Ал осындай 
жеткіншектерді тәрбиелеуде білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. Ендеше, 
осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне 
тиері анық. Қазіргі жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – 
білім деңгейімен өлшенеді. Бұл мәселені шешудің кілті біздер ұстаз қолында.
Болашақ ұрпақты заман ағымына сай тәрбиелеп, оны жаңа ғылыми технология 
түрлерімен жасақтандырып сусындату үшін мұғалім мөлдір де терең қайнар бұлақ бастауы 
болуы шарт. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Осындай жас ұрпақты тәрбиелеу барысында 
биылғы оқу жылында білім нәрімен сусындауға келген жас ұрпақты , республика бойынша
«Мен өз елімнің потриотымын» атты сынып сағатымен бастадық. Сабақ барысында 
көпұлтты Қазақстанның бүгінгі қол жеткізген жетістіктерімен таныстырдық. Бейбітсүйгіш 
халқымыздың қонақжайлығы мен кішіпейілдігі, төзімділігі мен еңбекқорлығы, елімізді 
мекендейтін әртүрлі ұлттардың қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрлі құндылықтарын 
қадірлеген өзара достық, татулық секілді асыл қасиеттеріне сабақ барысында түрлі мысалдар 
арқылы айтып түсіндірілді. Қазақстанның бүгінгі жетістіктері: 
-1991 Тәуелсіздігімізді жариялғандығы;


531 
531 
-1992 жылы мемлекеттік рәміздеріміз бекітілгендігі; 
-1993 жыл төл теңгеміздің айналымға түскендігі; 
-1994 жылы 6 шілдеде астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдағандығы; 
-1995 жылы қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту барысында Қазақстан 
халықтарының Ассамблеясы құрылғандығы; 
-1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданғандығы; 
-2015 Қазақстан халықтарының ассамблеясы жылы болып аталғандығы, ҚР 
Конституциясының 20 жылдығы;
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығы,
Қазақ хандығының құрылғандығына 550 жыл,
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жылдығы 
-2016жылы тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтетіндігіміз. 
Жас ұрпақты тәрбиелеуде осы тарихи даталарды мектебімізде жеке-жеке ауқымды 
ісшара ретінде атап өтіп, санасына сіңіріп, ұғындырып отырамыз. Сондай-ақ атаулы күндерді 
атап өтіп қана қоймай, мұның бәрі «Мәңгілік ел» болу барысындағы біздің еліміздің атқарған 
тарихи кезеңдері екенін, болашақ жастардың есіне салып отыру. Қазіргі уақытта Мәңгілік Ел 
болу үшін азаматтарымыз (әсіресе оқушылар) саналы тәрбиелі өз елінің тарихы мен 
мәдениетін әдебиетін терең меңгерген ұрпақ болу керек Кез келген мемлекеттің басты 
байлығы ол халқы. Сондықтан Мәңгілік Елдің ірге тасын бірге қаласып келе жатқан 
жастарымыз, болашаққа зор сеніммен қарап, осы бағытта жұмыс жасауы керек. Бұл әрине 
оңай шаруа емес. Бұл тарихи оқиалардың куәсі болған әрбір қазақ жастары 
өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. 
Бүгінде елімізде болып жатқан өзгерістерге қарап отырып, қазақ елі – аз уақыт 
ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізгендігін байқаймыз. Ал, мұның 
бәрі «Мәңгілік ел» болудың ұлы бастамасы. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл 
бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, 
яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» 
жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз 
орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы 
өз жолдауында. Біз ұстаздар осы бастаманы әрі қарай жалғастырып, көк туымызды биіктен 
желбірететін алдымызда отырған жас бүлдіршіндер екенін жақсы білгендіктен, оларды 
тәрбиелеуде қыруар жұмыстар атқарамыз. Оларға білім беру мен тәрбиелеу барысында 
дұрыс бағыт-бағдар беріп қана қоймай, нағыз ұлтжанды азаматтар дайындауымыз қажет. 
Сондай –ақ елбасы өзінің Жолдауында ел мен тіл егіз ұғым, ол бізге бабалардан мирас болып 
келе жатқан өлмейтін асыл қазынамыз екендігін баса айтқан. Сондықтан ұлт пен ұлттың 
арасындағы айырмашылығы өзіне анасындай жақын, оның ана-тілі екенін білеміз. Олай 
болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- 
мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде 
табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған 
қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге 
тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен 
бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз 
жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда. Осы мақсатта 
мен қазақ тілі мен әдебиеті маманы ретінде оқушылардың тілдік құбылысқа көзқарасын 
қалыптастырып қана қоймай, оқушылардың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, қазақ халқының 
әдебиеті мен мәдениетіне деген көзқарасын қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еліміздің 
атақты ғалым, ақын-жазушылары мен қоса әнші, биші, актер,спортшылар туралы олардың 
біздің елімізге сіңірген еңбектері туралы жан-жақты ақпараттар бере отырып оқушылардың 
танымдылық қабілетін оятамын. Өз еліне сіңірген еңбектерін атай отырып, ұлтжандылыққа 


532 
532 
тәрбиелеймін. Атақты адамдардың еңбегін білуге , құрметтеуге үйретемін. Ал, мұндай 
жұмыс түрлері оқушылардың ойлау, сойлеу қабілеттерінің дамуына жол ашады. 
Тілді дамытуда мектебімізде жыл сайын: тілдер мерекесі қарсаңында «Ана тілің арың 
бұл» тақырыбында мерекелік ісшара, «Ана тілім - асыл қазынам» тақырыбында апталық, 
«Тіл – Тәуелсіздік тірегі» атты қазақ тілінің онкүндігі өткізілді. Кітапханада «Тәрбие басы 
тіл» тақырыбында көрме ұйымдастырылды, «Ана тілім – дана тілім, бақ тілім» атты 
бастауыш сынып оқушылары арасында ертеңгілік, «Тілім менің ертеңім» поэзия сағаты, «Тіл 
тағдыры - ел тағдыры» 5 - 11 сыныптар арасында тәрбие сағат ары өткізіліп, баяндамалар 
оқылып от ырады. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде мақсатым: оқушыларға ана тілі 
туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны 
меңгерудің қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы 
білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі 
әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен 
қаруландыру; оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза 
білуге жол ашу. Осы мақсатқа жету барысында: 
- Диалог 
- Викторина 
- Карточкакмен жұмыс 
- Сурет бойынша жұмыс 
- Инсценировка 
- Тест 
- Экскурсия 
-Топтық, жұптық, ұжымдық 
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстары «шығарма, тақпақтар,
альбомдар) 
- Пән бойынша шығармашылық жұмыстар 
- Интеграцияланған сабақтар сияқты әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, меңгертемін.
Тілі мен мәдениеті, әдебиеті қоса дамыған ел ешқашанда көштен қалмайды. Ал өз ана 
тілін, тарихын, салт-дәстүрін жетік біліп, ана тілінде еркін сөйлеп, сауатты жаза алатын 
әрбір азаматты сауатты ұрпақ деп санаймыз. Еліміздің бейбітшілік аспанында қазақ 
жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс 
жасайды. Ел сенімін, үмітін ақтау «Мәңгілік ел» идеясын жалғастыру жастардың қолында 
болса, сол жастарды болашаққа жетелеу, ұстаздардың парызы.
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. «Мәңгілік Ел» болу жолындағы 
игі істеріміз арта берсін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет