532
532
тәрбиелеймін. Атақты адамдардың еңбегін білуге , құрметтеуге үйретемін. Ал, мұндай
жұмыс түрлері оқушылардың ойлау, сойлеу қабілеттерінің дамуына жол ашады.
Тілді дамытуда мектебімізде жыл сайын: тілдер мерекесі қарсаңында «Ана тілің арың
бұл» тақырыбында мерекелік ісшара, «Ана тілім - асыл қазынам» тақырыбында апталық,
«Тіл – Тәуелсіздік тірегі» атты қазақ тілінің онкүндігі өткізілді. Кітапханада «Тәрбие басы
тіл» тақырыбында көрме ұйымдастырылды, «Ана тілім – дана тілім, бақ тілім» атты
бастауыш сынып оқушылары арасында ертеңгілік, «Тілім менің ертеңім» поэзия сағаты, «Тіл
тағдыры - ел тағдыры» 5 - 11 сыныптар арасында тәрбие сағат ары өткізіліп, баяндамалар
оқылып от ырады. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде мақсатым: оқушыларға ана тілі
туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны
меңгерудің қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы
білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі
әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен
қаруландыру; оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза
білуге жол ашу. Осы мақсатқа жету барысында:
- Диалог
- Викторина
- Карточкакмен жұмыс
- Сурет бойынша жұмыс
- Инсценировка
- Тест
- Экскурсия
-Топтық, жұптық, ұжымдық
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстары «шығарма, тақпақтар,
альбомдар)
- Пән бойынша шығармашылық жұмыстар
- Интеграцияланған сабақтар сияқты әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, меңгертемін.
Тілі мен мәдениеті, әдебиеті қоса дамыған ел ешқашанда көштен қалмайды. Ал өз ана
тілін, тарихын, салт-дәстүрін жетік біліп, ана тілінде еркін сөйлеп, сауатты жаза алатын
әрбір азаматты сауатты ұрпақ деп санаймыз. Еліміздің бейбітшілік аспанында қазақ
жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс
жасайды. Ел сенімін, үмітін ақтау «Мәңгілік ел» идеясын жалғастыру жастардың қолында
болса, сол жастарды болашаққа жетелеу, ұстаздардың парызы.
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. «Мәңгілік Ел» болу жолындағы
игі істеріміз арта берсін.
Достарыңызбен бөлісу: