«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет240/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
Қолданылған әдебиеттер

1. «Отбасы және балабақша»2006-2007-2011ж ж 
2. «Отбасы және балабақша»2008-2010ж 
3. Мектепке дейінгі тәрбие 1991ж. 


538 
538 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН 
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
Мизан Манар 
КМҚК «Балдырған» б/б Қарағанды қаласы 
 
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мектепке дейінгі білім 
балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту 
технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік 
білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді 
талап етеді. 
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жаңа педагогикалық 
технологиялардың бірнеше түрлері қолданып жүр. Соның ішінде ойын арқылы оқыту 
технологиясының мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тиімділігі молырақ.
Аталған 
технологияның 
мақсаты-дидактикалық, 
тәрбиелік, 
дамытушылық, 
әлеуметтендірушілік мақсатқа жету болып табылады.
Ойын технологиясының ерекшелігі-ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі 
жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, 
танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.
Ойын-балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын-айналадағы дүниені танудың тәсілі.
Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын 
үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастырады. 
В.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін 
емес, ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани 
сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын 
дегеніміз-ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген ой айтады.
Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Біржағынан бала 
бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді; екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа 
бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы 
қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады. 
Жаңа технология әдістерін қолдану бұл әр баланың жүрегіндегі сезім-талшықтарын, 
қиялындағы ойды ояту, шығару, қабілетін ашу. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, 
шығармашылығын жетілдіру. Баланың тапқан жаңалығын сыртқа шығару, талдау.
Қай технологияны ұйымдастырылған оқу қызыметінде қолдансаң да, осы тұжырымды 
басшылыққа алу керек. Сонда ғана баланың білім сапасын арттыруға қол жеткіземіз. 
Инновациялық технология-бұл өзіңіздің әдістемелік жүйеңіз. Яғни, әр тәрбиеші оқыту 
технологиясы бойынша жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибенің нәтижесі. 
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр тәрбиеші 
алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. 
А.С.Макаренко айтқандай: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор,ересек адам үшін 
еңбектің,жұмыстың,қызыметтің қандай маңызы болса,өскен соң жұмыстада сондай
болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады» 
Оқу үдерісінде ойын оқытудың әрі формасы,әрі әдісі де болып табылады, 
сондықтан ойын әрекеті тәрбиеші мен баланың іс-әрекетінің бірлескен,өз ара 
байланысты технологиясы ретінде қарастырылады. Өз сабақтарымда ойын үстінде 
бала санасын дамыта отырып, тәрбиелеу,оқыту қатар жүргізіледі,оны бала 
белсенділікпен қабылдайтындықтан,ойындарды оқу үрдісінде міндетті түрде енгізіп 
отырамын. 
Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, 
балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару 
ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі 
қимылдарды орындауға үйренеді. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың 


539 
539 
әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, 
тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу 
сияқты адамгершілік сапарлар тәрбиеленеді.
Ойын арқылы оқыту технологиясын-балабақша балаларының жас ерекшеліктерін, 
қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып пайдалану керек. Мәселен, ойын түрлері мен 
шарттарын бала жасына қарай бөліп классификация жасап, қаншама ойын түрлері 
ұсынылған. 
Олардың ішінде «Қояндар» (2-3 жасарларға), «Аңшымен ит және қояндар» (5-6 
жастағыларға), «Торғай мен машина» (4 жастағылар) үшін қозғалмалы ойындарды 
зертеп,қолданысқа берген. 
Осындай ойындарды басшылыққа ала отырып,ұйымдастырылған оқу қызыметін өткізу 
балалардың көңіл-күйін көтеріп,қуанышқа толтырады. 
Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз.
Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады.
Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын 
технологиясын кеңінен қолданған жөн. 
Ойын-мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын баланың 
барлық балалар ұжымының дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар 
арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған.
Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік құрал болып табылады. Мектеп жасына дейінгі 
балалардың қоғамдық құбылыстары, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әрекетін өз 
түсінігінше бейнелеуі ойын болып саналады.
Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, 
қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай 
алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені 
білуге, зерттеуге талпынады. Яғни қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады.
Ұлттық ойындарымыздың балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де, 
сымбатты болып бітуге пайдасы зор.
«Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл 
байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының 
ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз, ойынды ойнау барысында 
балалардың жас ерекшелігі ескеріледі. 
Ойын технологиясы дегеніміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін 
көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, 
ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, 
сондай-ақ басқа толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар 
педагогикалық, тиімді әдістердің бірі. 
Ойын арқылы баланың білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру 
мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу-тәрбиеші шеберлігіне 
байланысты.
Ойын-қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни 
тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Баланың тілін дамыту барысында әрбір сабақта 
ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қоданған дұрыс. Сабақ барысында ойын 
элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Ойын арқыл 
баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.
Ойын-баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, 
танымдық қасиеттерін дамытады. Ойын-баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы.
Ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық ойындар, сөздік 
ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындарбаланы жан-жақты дамытады. Сонымен 
қатар, ойын баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. 
Ойын арқылы баланың болашаққа көз қарасы қалыптасады. Баланы нәресте шағынан бастап 
адалдыққа, мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің негізгі құралы да осы ойын. Ендеше 


540 
540 
ойын тәрбие берудегі ең тиімді тәсілдің бірі болып табылады. Балабақшада тәрбие беру 
бағдарламасында баланың дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар.
Мен сауаташу сабағында ойын технологиясын басшылыққа ала отырып лото 
ойындарын өткіземін. Оны ойнау принципін басшылыққа алып, әріп, буын, сөз лотосын 
сабақта қолдандым. Лотоның бұл түрлерін ойнау шарттары бр болғанымен, көзделетін 
мақсаты әртүрлі. Әріп лотосында балалар суреттерден әріп құрайды. Буын лотосында 
суреттерді кеспе буындардан құрайды. Ал сөз лотосында сөз арасынан керекті сөзді тауып 
алады. Лотоның бірінші түрін ойнату арқылы баланың әр сөздегі дыбыс, әріп, санын дұрыс 
білуге дағдыландырсақ, екінші түрін ойнатуда сөздердегі буын санын дұрыс ажыратуға 
үйретеміз. Ал лотоның үшінші түрі бойынша бала тұтас сөздерді дұрыс, шапшаң оқуға 
жаттығады. Әр ойынның басты мақсаты-материалды түсініп, бекітуге көмектесу. 
Ойындар балалардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, 
үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар 
балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын 
молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Балалар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін 
айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатын да біледі. Педагог ойын арқылы 
әр баланың игі бастамасын қолданып, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік 
мінез-құлқын қалыптастырады.
Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі-жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы 
сезімге, ойға, ниетке толы болады және бала үлкендер сияқты дәрігер, эколог, жол көрсетуші 
болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі. 
Ойын іс-әрекетінің мотивациясы еркіндікті, таңдау мүмкіндігін, қажеттілігін, өз-өзіне 
сенімін, өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді.
Сонымен, ойын арқылы келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға 
бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің
мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік 
беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Педагог ойын 
технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, 
шығармашылық, эмоционалдық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-
қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.
Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға 
мүмкіндік береді: өңдеуден қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат-шығармашылық 
ізденімпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере 
алады. Ойынды қолдана отырып оқыту технологиясының мақсаты да-баланы өз оқуының 
мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты 
мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жарқын болашақтағы нәтижелерін алдын ала 
болжай білуге үйрету. Ойынның функциясы өте көп. Мазмұнды-
бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті 
құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек 
ұжымдық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың 
бойында адамгершілік сапаларда қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің 
киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан 
(ән, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін 
бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, 
қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі 
ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық 
және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй, т.б. құрылысын жасап, оның 
бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, 
түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі, биіктігі бойынша салыстырады. 
Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік 
көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. 


541 
541 
Қорта келе айтарым,бүгінгі талапқа сай мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің жаңа 
сапасына жету- тәрбиешінің мейірімділігімен,біліммен,шеберлігімен тығыз байланыста. 
Өз мамандығына жан жүрегімен берілген педагог ұстаз ғана ұстаздық этиканы 
да,ұстаздық техниканы да,шеберлікті де жақсы меңгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет