«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет241/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Пайданылған әдебиеттер: 
1.Республикалық педагогикалық әдістемелік журнал №3 2012ж 
2.Г.Бейсенова.Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. 2015ж 
3.Отбасы және балабақша №9-10,2014,2015
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МУЗЫКАНЫҢ РӨЛІ 
Торшаева Шаттык Махсутовна. 
Қарағанды қаласы, №68МИББ кешені 
музыка жетекшісі. 
 
Мектепке дейінгі шақ-баланың қабілеті,жеке басының белсенді дамуы қалыптасатын 
кезең.Осы кезеңде бала кез-келген іс- әрекетте өз бойындағы қабілеттерін еш қысылмай 
көрсете алады.Музыка баланы шығармашылыққа жетелейді.Ол баланың музыкалық 
қабілетін дамытып қана қоймайды,сонымен қатар оның рухани мәдениетін қалыптастырады. 
Балабақшадағы музыкадан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде,отбасында музыка туралы 
білім,білік,дағды ала отырып,балалар музыка өнеріне біршама жақындай түседі.Баланың 
қызығушылығы 
мен 
талғамын 
дамыта 
отырып,оны 
музыкалық 
мәдениетке 
жетелеп,эстетикалық тәрбие береміз. 
Музыканың біз ынта қоятын тағы бір ерекшелігі-оның адамға дүниеге келген күннен 
бастап-ақ әсер ететіндігінде.Құлаққа жағымды бесік жырын естігенде сәби 
тынышталып,жайланады.Ал сергек марш әуені ойналғанда оның жүзінде өзгеше нышан 
байқалып,қимылы ширай түседі.Музыкамен өзара байланыс балаларда ерте жастан-ақ
мультфильмдер немесе қызықты бағдарламалар көру кезінде басталады.Бала өзінің естіген 
әуеніне қимыл-қозғалыстар жасайды немесе оны өзінше ыңылдап айтып жүреді 
Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдап,сезіну және 
түсіну,жақсы мен жаманды байқап,шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасау,сөйтіп 
көркемдік қызметтің әр түріне қамтылу қабілеттерін дамытуға бағытталған. 
Музыкамен 
айналысу-мектеп 
жасына 
дейінгі 
баланың 
жалпы 
мінез-
құлқына,мәдениетіне әсерін тигізеді.Түрлі тапсырмаларды,іс-қимыл түрлерін (ән 
айту,музыка тыңдау,балалар аспаптарында ойнау,музыка ырғағына сай үйлесімді қимылдар 
жасау) алма-кезек ауыстырып отыру балалардың ықылас қоюын,тапқырлық көрсетуін,тез 
қабылдап,тез тауып қимыл жасауын,ұйымшыл болуын,жігерлі күш-қимылды,әнді дәл 
уақытында бастап,дер кезінде аяқтауды; биде,ойындарда тез жүгіріп кеткісі келген 
ықтиярсыз тілекке берілмей,музыкаға бағынып,қимылдай білуді талап етеді. 
Сөйтіп,музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті 
жағдайлар туғызады,болашақ адамның жалпы мәдениетінің алғашқы түп негіздерін 
қалайды.Музыканы 
қабылдау-ақыл-ой 
процестерімен 
тығыз 
байланысты,яғни 
зейінді,байқағыштықты,тапқырлықты талап етеді.Ал егер бала балабақшаға баратын 
болса,оны музыкаға баулу музыкадан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге 
асады.Баланың эмоционалды көңіл-күйі,музыкалық есту қабілеті,музыка тыңдаудың,ән 
айтудың,әуенді-ырғақты қимыл-қозғалыстың,балалардың саз аспаптарында ойнаудың 
алғашқы дағдылары қалыптасады.Сонымен бірге музыка баланың ақыл-ойын да 
дамытады.Музыка туралы білім алып қана қоймай олардың ой-өрісі кеңейіп,сөздік қорлары 
музыканың көңіл-күйін сипаттайтын сөздермен,теңеулермен баий түседі. 


542 
542 
Ән салып,музыкалық аспаптарда ойнау арқылы балаларда әуендегі дыбыс 
жоғарылығын ажырату қабілеті дамиды.Ал ырғақты сезіну әуенді-ырғақты қимыл-қозғалыс 
жасау кезінде қалыптасады.Осылайша музыкалық іс-әрекет баланың тек музыкалық 
қабілетін дамытып қана қоймай оның ойлау,есте сақтау қабілеттерін де ұштай түседі. 
Балаларға музыкадан білім беру жұмыстарының негізгі түрі-оның барысында әрбір 
балаға жүйелі,мақсатты және жан-жақты тәрбие беретін және олардың музыкалық 
қабілеттерін 
қалыптастыратын 
музыкадан 
ұйымдастырылған 
оқу 
іс-
әрекеттері.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті баланың жеке басының көптеген жақсы 
қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасайды.Ол балаларды қуаныш,эстетикалық толғаныс 
үстінде біріктіреді,жұмыла әрекет етуге баулиды,тәртіп мәдениетіне үйретеді,байыпты 
көзқарасты,ой еңбегін,шығармашылықты талап етеді.Сонымен бірге оқу іс-әрекеті
балаларды ұйымдастырудың басқа да түрлеріне әсер етері сөзсіз.Балалардың алған білімі 
,іскерлігі,дағдысы негізінде олардың дербес музыкалық қызметі белсенді де әсерлі 
болады.Егер балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде үйретілетін әндерін,билерін 
бейнелі және қысылмай орындаса,мерекелік салтанаттар,ойын-сауықтар тартымды,қызықты 
өтеді. 
Музыкалық іс-әрекеттің барлық түрінде балалардың шығармашылығын дамыту үшін 
мектепке дейінгі мекемелерде«Балабақшада музыкалық тәрбие беру бағдарламасы» 
қабылданған. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: 

Музыка тыңдау; 

Әуенді-ырғақты қимыл-қозғалыс; 

Ән айту; 

Балалардың саз аспаптарында ойнау; 

Музыкалық-дидактикалық,қимылды ойындар; 
Психолог мамандар,педагогтар мен атақты сазгерлердің пікірінше: «Музыканы сүю 
үшін,ең алдымен оны тыңдай білу керек»,-деген. Музыка тыңдау-мектепке дейінгі балаларға 
музыкалық тәрбие берудің ең қиын бөлімі деп айтуға болады.Ең алдымен музыканың не 
туралы «айтып тұрғанын» түсіну қажет.Балаларға вокалды музыканың мазмұнын түсіндіру 
үшін әуенді тек тыңдатып қана қоймай мәнерлеп оқу,түрлі иллюстрациялар көрсетуге 
болады.Ал ересек топтарда бұл міндеттер күрделене түседі.Балалар көрнекі құралдар мен 
музыкалық бейнелерді әңгімелеу арқылы естіген әуен туралы өз ойларын айтады.Мектеп 
жасына дейінгі балаларды эстетикалық дамыту үшін негізінен музыканың екі түрі 
қолданылады: аспаптық және вокалдық музыка.Кіші жастағылар үшін музыка тыңдаудың 
вокалдық түрі көбірек түсінікті.Балалар аспаптық музыканың көмегімен табиғат 
құбылыстарын,құстарды,жануарларды,әртүрлі қызықты кейіпкерлерді сипаттайтын көркем 
бейнелер әлемін таниды. 
Әуенді-ырғақты қимыл-қозғалыс кезінде балалар музыканың көңіл-күйіне байланысты 
қимылдар жасауды үйренеді. Кіші топтағы балалар өте еліктегіш келеді,сондықтан 
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде әртүрлі ойыншықтарды пайдаланған абзал.Балалар 
өздерінің сүйікті ойыншықтарына қарап адымдап жүреді,қол соғады,серіппелі қимылдар 
жасап,бір орында тұрып айналады.Мысалы,қуыршақпен немесе қонжықпен жасаған 
қимылды жаттығуларды балалар тез ұғынып, жаттап алады.Ересек топ балалары әуенді тез 
қабылдап, ырғақты сезініп,соған байланысты қимылдарды дәл,анық орындауға 
талпынады.Әуенді-ырғақтық қимылдар балаларды музыкада айтылғанды бастан кешіруге 
мәжбүр етеді.Ал бұл өз кезегінде орындаушылық сапасына әсер етеді.Музыкаға шаттану,өз 
қимылдарының әсемдігін сезіну арқылы бала эмоциялық әсер алғыштығы толығып,ерекше 
бір өсуді сезінеді,қуанышқа бөленеді. 
Музыкалық іс-әрекеттің тағы бір маңызды бөлігі-ән айту.Баланың дауысы-оның нәресте 
кезінен қалыптасқан табиғи құралы.Ән айтуға үйрету процесі баладан үлкен белсенділікті 
және ой қуатын талап етеді.Ол өзінің ән айтуын басқалардың ән айтуымен 
салыстыруды,әннің әуенін тыңдай білуді үйренеді.Ән айту бала ағзасына жайлы тиіп,сөйлеу 


543 
543 
тілінің жетілуіне,тынысының тереңдеуіне, дауыс желбезектерінің күшейіп,дауыс 
аппаратының шынығуына көмектеседі.Ән айтуға үйрету кезінде баланың негізгі музыкалық 
қабілеттері:эмоциялық әсер алғыштығы,музыкалық есту қабілеті,ырғақты сезінуі айрықша 
дамиды.Әнге деген ынта туғызу,қызықтыру үшін музыка жетекшісі ойын тәсілдерін 
құбылтады,ойыншықтарды қолданады.Әнді әсерлі орындау балаларды эмоциялық әсерге 
бөлейді,қосылып ән айтуға деген ықыласын туғызады.Сонымен қатар балалардың жас 
ерекшелігіне сай репертуар таңдау да басты міндет болып саналады. 
Саз аспаптарында ойнау-балаларға зор қуаныш сыйлайды.Аспапта ойнау балаларға 
бірте-бірте,жүйелі түрде үйретілсе,ересек топтарда олар өз бетімен аспаптарда ойнай 
алады.Барлығы бірігіп оркестрде ойнау арқылы балалар бір-бірімен тату,ұйымшыл болуға
үйренеді.Көптеген балалар саз аспаптарында ойнау арқылы өз сезімдері мен көңіл-күйлерін 
білдіреді.Бұл іс-әрекет түрі-балаларға дыбыстардың жаңа бір ғажайып әлемін ашады.Балалар 
бақшасында саз аспаптарында ойнауды үйрету әдістемесі өзгелерге қарағанда 
ұйымдасқан,әрі жүйелі жағдайда жүргізілуі тиіс екендігін айта кеткен жөн.Меңгерілген 
әндер мен шағын музыкалық шығармаларды балалар бар ықыластарымен ойнайды,оларды 
ойындарда,салтанаттар мен ойын-сауықтарда пайдаланады. 
Балалардың музыкалық қабілетін дамытуда музыкалық-дидактикалық ойындардың 
маңызы зор.Музыкалық ойындар балалардың өз бетінше әрекет етуіне үлкен мүмкіндіктер 
береді.Мектепке дейінгі педагогикада ойындар тәрбие мен білім берудің негізгі тәсілдерінің 
бірі және балалар іс-әрекетін ұйымдастырудың маңызды бөлігі ретінде саналады.Сонымен 
қатар, ойын-балалардың алған білімдерін меңгертіп,тереңдетіп,бекітудің таптырмас құралы 
болып табылады.Алуан түрлі ойындардың ішінде мектеп жасына дейінгі балалардың 
музыкалық іс-әрекеті кезінде музыкалық-дидактикалық ойындар айрықша орын 
алады.Музыкалық-дидактикалық 
ойындарды 
өткізу 
барысында 
олардың 
мазмұнымен,ережесімен,ойын шарттарымен алдын-ала таныстырылады.Бұл ойындардың 
негізгі бағыты-балалардың музыкалық қабілетін қалыптастырып,оны дамыту;тембрлік және 
динамикалық есту қабілеттерін дамыту;ырғақты сезінуі мен дыбыс жоғарылығын дамыту 
көзделеді.Балалар ойын ойнай отырып үйренген,меңгерген білімдерін одан әрі ұштай түседі. 
Музыкалық-дидактикалық ойындар балалардың ойыншықтармен және құралдармен әрекет 
ету мүмкіндігіне машықтандырады. «Музыкалық лотоны» ойнай отырып,балалар әртүрлі 
аспаптардың тембр (дыбыс бояуы) арқылы ажыратады,суретті мазмұны бойынша немесе 
аспапта орындалған таныс әнді таба біледі.Қуыршақты «музыкалық саты»тепкіштерімен 
жылжыту арқылы балалар әуен қозғалысының бағытын,жоғарылығы әртүрлі
дыбыстардың орындарын,сан алуан аспаптарда орындалған дыбыстардың баяу және қатты 
шығуын меңгереді. 
Балалардың музыкамен дербес әуестенуінің және бір қайнар көзі-мерекелер мен ойын-
сауықтар болып табылады.Осыған орай балабақшада «Алтын күз»,«Жаңа-жылмерекесі»,«8-
Наурыз-Аналармейрамы»,«Наурыз»тағыда басқа көптеген айтулы мерекелерді тойлау-
дәстүрге айналған.Ертеңгіліктер мен ойын-сауық,мерекелер-бала өмірінің жарқын 
күндері.Мереке сценарийінде сан түрлі іс-әрекеттер алмасып отырады. Мұнда балалар ән 
айтады;би 
билейді;ойын 
ойнайды;өлең 
оқып,музыкалық 
аспаптарда 
ойнайды.Көрермендердің ықыласына бөленіп,өз өнерлерін көрсетуге деген құштарлықтары 
арта түседі.Бұл балалардың көңіл-күйін көтеріп,оларға зор қуаныш сыйлайды. 
Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде музыканың алатын орны ерекше.Баланың ақыл-
ойын,қиялын тәрбиелеуде алатын музыканың тәрбиелік мәні ерекше.Баланың музыкалық 
мәдениетін,эстетикалық талғамын,ұлттық сана-сезімін қалыптастыруда сөзбен жеткізе 
алмаған құдіретті тіл-музыка.Еліміз егемендік алып,алдыңғы қатарға қосылған қазіргі таңда 
жоғарыда айтылғандардың жас ұрпаққа берер тәрбиелік,эстетикалық,жан-жақты музыкалық 
әсері орасан зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет