«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет238/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Менің Қазақстаным Астана баспасы 2001. Авторлары: Н.И.Рахымжанова, Р.М.Баттал, 
А.У.Сужикова 
2. 2020 Стратегиялық жоспары: Көшбасшылыққа бастайтын Қазақстандық жол. Авторлары: 
С.Бирюков, 
Д.Елькин, 
М.Делягин, 
Ю.Собозобов 
МӘРТЕБЕСІ БИІК МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ 
Шуйинишова Нұрсұлу Темірханқызы 
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру 
колледжінің 4-курс студенті 
Жетекші: Тюлемисова Л.С. 


533 
533 
«Ана тіл – бәріміздің анамыз,
өйткені ол – ұлтымыздың анасы».
Н.Ә.Назарбаев 

Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында 
көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп 
отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Тілі мен дінінен 
айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының 
қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған 
емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, 
Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен 
басталған 
бүкілхалықтық 
қозғалыс 
соның 
айғағы. 
Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына 
енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны 
әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның 
шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, 
Монғолия т.б.) ұлттық тілі. Қазіргі қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі 
болып табылады.Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың 
фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына кіреді 
(татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, 
ноғай, 
қарақалпақ 
тілдеріне 
жақын 
болып 
табылады.
Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-
Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның "Қүтадғу білік” еңбегі, Махмұт Қашқаридің 
"Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Ахмет Йүгінекидің "Һибат Ұл һақайық” еңбегі, Қожа Ахмет 
Яссауидің "Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы 
жазулардан алады. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында 
қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен 
Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі. 

Тілге деген 
құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел 
болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір 
адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, 
атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің 
алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер 
– ана тілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), "Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы 
(1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің 
ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл 
алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне 
конституциялық 
мәртебе 
беріліп 
отыр.
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше 
алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи 
және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық 
өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты 
сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-
фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық 
тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде 
қызмет етуіне мүмкіндік береді. Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы 
бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл.
Біздің 
ана 
тіліміз 

қазақ 
тілі:

түпкі 
түрін 
сақтаған 
түркі 
туыстас 
байырғы 
тіл;

ежелден 
жазба 
мәдениеті 
бар 
тіл;


534 
534 
- әдеби тіл, жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді формалары бар;

демографиялық 
тірегі 
мықты 
ұлттық 
тіл;

құрылым-құрылысы 
кемелденген 
тіл;

егеменді Қазақстан Республикасы өз қамқорлығына алған мемлекеттік тіл.
Қазақ тілінің таңғажайып кереметі жайында пікір айтушылар көптеп саналады. Олардың 
арасында өз ғалымдарымыз, ақын-жазушыларымызбен қатар өзге жұрт өкілдері де баршылық. 
Әсіресе, ірі түркітанушылар мен саяхатшылардың ана тілімізге үлкен құрметпен қарап, 
ауыздарының 
суы 
құрып, 
тамсана 
жазғандары 
мәлім...
Ахмет Байтұрсынов: «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп 
мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін 
араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айрылып қалуы мүмкін. 
Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне 
аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз 
керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты 
орындалған 
болады».
Мұхтар Әуезов: «Тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше болмақ: тас үгітіліп құмға айналады, 
темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасап келе жатқан 
асыл мұра сөзімізді арзандатып алмайық». 
Мағжан Жұмабаев: «... Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей 
тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы - асықпайтын, 
саспайтын 
мінезі 
көрініп 
тұр.
Василий Васильевич
Радлов: «Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып 
сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен 
сауатсыздарының өзі, ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен 
орыстардың 
дәрежесінде 
сөйлей 
біледі».
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты 
факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз 
керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін 
сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен болатын.
Қазақ қашан да ата мен баланың арасындағы сабақтастықты көксеген, көргенді істің 
көсегесін көгертуді жөн санаған. Бұл берекелі істі отбасынан, өз отауынан бастаған. Атадан 
алған тағылымын перзентіне дарытуға тырысқан «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деуде 
осындай текті тәрбиенің ізі бар. Ұрпақ бірлігі мен сабақтастығы дегенде біз осы негізді есепке 
аламыз. Осының бәрінің басты тірегі не дегенде де, сөз жоқ, ойымыз тілге барып тіреледі. 
Бәзбіреулер тілді қатынас құралы ғана деп қарап, оның ұрпақ, адам тәрбиесіндегі елеусіз зор 
орнын бәсеңдетіп алып жүр. Бірақ бұл барып тұрған парықсыздық. Өйткені тілсіз тіршілік 
жоқ, және де барлық мәселе тілмен байланысты.
Тіл тағдырына деген жеке адам ретінде жанашырлығымыз бен қамқорлығымыз артуда. 
Қазіргі таңда көптеген отбасылар балаларын қазақ тілінде оқытатын мектептерге ана тілін жетік 
меңгеру үшін беріп, оқытып жатқандары қуантарлық жағдай. Әрбір отбасында, осындай тілге 
деген жанашырлық болса, «тамшыдан тама-тама дария болар» дегендей, тіліміздің жағдайы 
әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілер деген сенімдемін. 
Туған 
тілім 
– 
тірлігімнің 
айғағы, 
Тілім барда айтылар сыр ойдағы. 
Өссе 
тілім, 
мен 
де 
бірге 
өсемін, 
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін, - деп жыр толғайды 
Әбділда Тәжібаев атамыз. Яғни, туған тілім арқылы іштегі сырымды, ақиқат шынымды айта 
аламын, ойымды анық жеткіземін, туған тілім өссе де, өшсе де халқымен бірге болады. Бірақ, 
менің тілім өшпейді, себебі қазақ елі егемендік алды, қайта жанды. Еліміздің бірлігінің, 
тірлігінің, бостандығының дәлелі, айғағы – туған тілім! 


535 
535 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет