498
498
«Инновация» деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі
анықтамалар берген. Мысалы, инновация ұғымның әр елдегі, әр түрлі уақытта берілген
анықтамалары: «Инновация» ұғымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада
американдықтар мен еуропалық көлемді зерттеулер иесі Э. М Роджерстің анықтамасы
болып; есептеледі. Э М Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы
бір адамға жаңа болып табылатын идея». Америка ғалымдары Биль және Болен
педагогикалық инновацияны «құрылымына матералдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды
қолданудағы көзқарастардың комплексті өзгертуіне біріктіретін үлкен өзгеріс», — деп
түсінеді екен.
Кейіннен «ииновация» ұғымы білім беру жүйесіне жаңаны енгізу мағынасында
педагогикалық еңбектерде кезіге бастады.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның
құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі
инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді. Бұл жоғары оқу
орныңда мамандар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына,
оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін
жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді
пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін
шешуге септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы
бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр. Теориялық тұрғыдан алып қарағанда,
педагогикалық технология - педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады оның мәні
мен құрылымы айқындалады, педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика,
тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін оқып-
үйренеді, педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі
және педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі. Ғылыми-
педагогикалық зерттеулерге жасалынған талдау жаңа педагогикалық технологиялардың
бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Енді солардың ішінен жоғары оқу
орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.
Инновация ұғымының дамуы тікелей
«жаңа педагогикалық технологиялардың»
шығуына алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: