«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет213/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Түйін сөздер:
заманауи білім беру жүйесі, рационалистік концепция, білімнің 
концептуалдық мәселелері, білім құрылымы, білім мазмұны. Қазіргі заманауи білім 
құрылымының ғасырлар бойына астарласатын тарихы бар.Адамзат қоғамының дамуының әр 
түрлі сатысында нақты бір 
мәдени-қоғамдық контекстке негізделген білім беру жүйесінің түрлімодельдері болды. 
Заманауи білім беру жүйесі XVIII ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда 
болып, классикалық деген атқа ие болды. Классикалық білім беру жүйесі еуропалық 
мәдениет пен өркенниеттің дамуына тікелей әсерін тигізді. 
Соңғы онжылдықта дүниежүзілік білім беру жүйесі ұлғайтылып бара жатқан білімнің 
сапасы мен көлеміне деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндігі жеткіліксіз. Білім беруге 
деген қоғамдық сұраныс пен оны қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы айырмашылық өте 
үлкен. Сонымен қатар, адамзат қоғамы экологиялық дағдарысқа ұлтаралық және қоғамдық 
түсініспеушіліктерге идеологиялық және табиғи азушылыққа қатысты жалпы проблемалар 
дүниесіне тап болды. 
Корея Республикасы, Гонконг,Сингапур, Жапония мемелекеттерінің дамуы 
нәтижесінде бақыланған экономикалық ғажап батыс саясаткерлері үшін осы мемлекеттердің 
жалпы экономикалық жетістіктерге жетудегі білім беру жүйесінің үлесін бағалау үшін үлгі 
болды. 
Шығыс Еуропа мен дамушы елдердегі қоғамдық реформалар туралы жоғарғы 
деңгейдегі сарапшыларды басқаратын "Ақыл орталығының" кеңесшісі М. Кастеллстің 
ойынша, ақпараттық қоғамға өту дамыған елдермен қоса дамушы елдердің де бірінші 
орындағы көздеген мақсаты болып табылады. Ол соңғы онжылдықта ақпараттық 
технологияның даму жолына 
түскен елдер қатарындағы немесе ақпараттық технологиядан оқшау қалған мемлекеттер 
төменгі экономикалық жағдайда қалғанын атап өтті. 
Білім беру саласы еңбек сапасының негізгі факторы болып табылады. Аймақтық, 
фирмалық, мемлекеттік экономикаға қосқан үлесі бағалы болып табылатын ақпаратты 
өндіру саласындағы және білім мамандардағы генераторлары жаңа ақпараттық 
капитализмнің негізін салушылар болып табылады. 
Соңғы екі онжылдықта дүние жүзінде білім беру саласының дамуы келесі 
бағыттардан тұратын рефомаларды жүрзізуде: 
- Мемлекеттік тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуді; 
- Үздіксіз білім беру жүйесінің қалыптасу тенденцияларын айқындауды; 
- Қоғамның білім берудегі бақылауға қатысу принциптерін; 
- Өндіріс,ғылым және білім беру арасындағы байланысты қадағалауды; 
- Білім беру мекемелерінің автономиялығын арттыруды; 
- Білім беру кешендерінің интеграциясын, халықаралық ЖОО өсуін мемлекеттік қолдауға 
алуды іске асыруда. Өткен жүзжылдықтың 60-70 жж. Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та 
экономикалық даму мен жалпы мемелекеттік деңгейегі ерекше назар аударуды қажет ететін 
сала ретінде білім беру саласының рөлі біліне бастады. Бұл жылдар адамзатты үлкен 
жетістікке әкелген жаратылыстану және нақты ғылымдардың, білім беру жүйесінің 
жаңаруының, ғылыми 
пәндердің интеграциясының дамыған кезеңі еді. Соған байланысты мемлекеттегі жалпы 
білім беруде, орны мен рөлінде, оның мақсатында көптеген өзгерістер болды. Толық білім 
алу үшін жүгіну керек болмай қалды. 
Жас маманның пәндердің негіздерін белсенді игеруі дағдысын дамыту,оларда пайда 
болған проблемаларды талдау жасау мүмкіндігін қалыптастыруды дамыту, балама шешімдер 
қабылдануды ұсыну мен олардың аргументтерінің 4 критерийлерін жасау басты мақсат 
болып қалды. Стратегиялық шешімдерді қабылдау алдындағы білім беру саласындағы 
проблемаларды жүйелік зерттеудің мәнін жан жақты түсіну - білім беру саясатының негізгі 
қағидаты болып табылады. Бұның алғашқы жемістері мен нәтижесін тек 10-15 жылдан соң 


471 
471 
алу мәселесіне қатты назар аударылған, ал шын мәнінде ол 20-25 жылдан кейін ақталатынын 
айтуымыз қажет. 
Шетел мемлекеттерінің білім беру саясатында табандылық пен сабақтастық тән. 
Мемлекет басқарушылары мен үкіметтері ауысып отырса да, саяси партиялардың әртүрлері 
мемлекет басқаруға келсе де, білім беру саласының принципі мызғымас іс боп қала берді. 
Америка қоғамына тән жалпы, соның ішінде білім беру мазмұнындағы теориялық 
плюрализмды, көптеген шындықты және түрлі теориялардың бірдей құндылылығын 
мойындау спецификалық ерекшелігі болып табылады. Солардың ішінде қоғамға деген 
қатынасы бойынша тұлғаның біріншілігін алдыңғы қатарға қойған гуманистік теория 
ерекшеленеді. Өзінің қолданысына байланысты мектеп мәдени селекция құралы болып отыр, 
сондықтан оқу бағдарламасы бейтараптық сипатта болмауы керек. Өзінің философиясында 
мектеп тек дұрыс ойлауды ғана үйретуді көздеумен басқарылып қана қоймай, жастарға 
қандай қоғамдық маңызы бар құдылықтар мен идеяларды насихаттауды да қолға алуы 
тиістігінде айқындауы қажет(1). 
Батыстың жалпы педагогикалық философиясы - нақтырақ айтсақ, олардың қоғамдық 
өмірінің модельдері дүние жүзілік өркениетінің жетістіктерін айқын көрсетеді. Мұнда 
қоғамның мәдени, саяси және экономикалық қатынас құрылымының әртүрлілігі түсінігі 
қалыптасқан, соған сәйкес, қоғам неғұрлым бірыңғай емес құрылымды болған сайын, 
соғұрлым өмірлік тәжірибе ұлғайып, пайда болған проблемаларды соғұрлым сәтті шешіп 
отыруы орныққан. 
Заманауи американдық зерттеушілердің жұмыстарында оқытудың мазмұнында орай 
білім берудің құнды бағыт-бағдарының 4 типіне басымдық берілген. Олар - энциклопедизм, 
гуманитаризм, натурализм және прагматизм. Жан жақты дамыған тұлғаны қалыптастыратын 
білім берудің гуманистік мақсаты, білім беру мазмұнын қайта қарастыруды талап етеді. Ол 
тек жаңа ғылыми - техникалық ақпараттан тұрмай, гуманитарлық, жеке басты дамытатын 
білім мен дағдыдан, шығармашылық істегі тәжірибеден, жеке тұлғаның әлемге, ондағы 
адамға эмоционалды – құндылық қатынастардан тұруы тиіс. 
" XXI ғасырдағы жоғарғы оқу туралы дүниежүзілік декларацияда" атап 
көрсетілгендей жоғарғы оқу келесі міндеттерді орындауы тиіс: 
1) Оқу бағдарламасына және курстарына негізделе отырып, адамзаттың кез келген 
шаруашылық саласында қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын қоғамның заманауи және 
болашақ қажеттіліктеріне әрдайым бейімделетін жоғарғы дәрежелі мамандарды және 
жауапкершілігі мол азаматтарды дайындауды қамтамасыз ету. 
2) Әділдік рухында демократия мен әлемнің тұрақты дамуына, адам құқығын еске ала 
отырып, қоғам өміріне белсенді араласу мен азаматшылықты көздей отырып, қоғамдық 
мобильді жеке тұлға мен жеке даму мүмкіншілігін қатысушыларға кең таңдау мүмкіншілігін 
біріктіре отырып, жоғарғы білім алуды қамтамасыз ету. 
3) Мәдени, қоғамдық және экономикалық дамуға үлес қосу мақсатымен қоғамды қажетті 
біліммен қамтамасыз ету жаратылыстану ғылымы мен технологиялық зерттеулерді қолдай 
отырып, дамыту сонымен қатар, қоғамдық және гуманитарлық ғылым мен шығармашылық 
еңбекті зерттеу. 
4) Ұлттық және аймақтық, халықаралық және тарихи мәдениеттерді мәдени плюрализм 
талаптарына сай түсіндіру,насихаттау, сақтау, кеңейту, дамыту және тарату.
5) Тұлға азаматшылығын құрып, жастарды тәрбиемен қамтамасыз ете отырып, қоғамдық 
құндылықтарды сақтау және нығайту, және де сол арқылы гуманизм болашағын кеңейту. 
6) Жалпы және кәсіби мәдениетті жоғары деңгейлі ұстаздар дайындап, білім беруді барлық 
деңгейлерде дамуын қолға алу. Заманауи білім берудің мазмұнында, оның императивті 
құндылықтары құрылымында қоғамның мәдениетті меңгеру міндеттерімен қатар, табиғи 
және әлеуметтік ортада біртұтас қарым-қатынасты қалыптастыруда адамның 
шығармашылық мүмкіншіліктерін өзгерту, оның қабілетін дамыту, өмір ақиқатын қайта құру 
ерекше орын алады. Қазақстанда жоғары білімді мамандар дайындау екі деңгейде жүреді. 
Әрбір деңгей өзіне тиесілі міндеттерді шешуге тиіс болды.


472 
472 
Бірінші деңгей әлеуметтік сипаты бар проблемаларды шешуге дайындау деңгейі болып 
саналады (халықтың білім деңгейін арттыру). Осы деңгейде студенттер жалпы ғылыми 
базалық дайындықтан өтеді және нақты тапсырыс берушіге немесе тандалған бағыттағы 
жалпы теориялық арнайы білімді алады(2). 
Мұндай мамандардың квалификациялық деңгейі батыс білім жүйесіндегі бакалаврдың 
академиялық дәрежесіне сәйкес келуі тиіс. Мемлекет өзінің әлеуметтік бағдарламасына орай 
бакалаврға тапсырысты беруші болып саналады. 
Бастапқы тұлғаның біріншілігін жариялаған «гуманистік» теория моделі басқада 
көптеген түрлі теориялар арасында ерекшеленеді. Өзінің қолданысына байланысты мектеп 
мәдени селекцияның құралы болып табылады. Өзінің философиясында мектеп дұрыс 
ойлауды үйретіп қана қоймай, жастарға қоғамдық пайдалы құндылықтар мен идеяларды 
сендіруді басшылыққа алуы тиіс. Білім беру теориясында рационалистік концепция өзіндік 
өрлеу кезеңін бастан кешіріп жатыр. Осы модель ғылыми- техникалық рефолюция мен 
философиялық-қоғамдық теорияның әсерінен дамыған технологиялық платформаға 
негізделген. 
Бүгінгі таңда білім берудің алдына келесі міндеттер қойылып отыр – ол өзінің елін 
қамтамасыз етумен қоса, тез трансформацияланудағы әлем жағдайында қоғамдық өмірге 
белсене араласу үшін білім алушылар қандай білім және ілімді меңгеруі тиіс."Дүниежүзілік 
деңгейлік білім беру" деп аталатын жобаны гуманистік бағыт ерекшелейді. Бұл моделдің 
концепциясында білім беру қызметінің вариативтік идеясы мен дүниежүзілік ең жоғары 
жетістіктерге бағытталған стандарттарға сүйенуді насихаттайды. Еуропалық білім беру 
саласында айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Сорбон (1998ж) мен Болонда (1999) 
қабылданған декларациялар – еуропдағы жоғарғы мектептің түбегейлі өзгеру кезеңінің 
дәлелі. Сарапшылардың атап өткеніндей, екі құжатта білімнің мазмұнына емес, құрылымына 
бағытталған(3). 
АҚШ-тың білім беру саясатының бағытталуын Батыс Еуропа елдері, Жапония, 
өндірістік дамыған мемлекеттер бағалап және оның білім беру жүйесінің даму масштабына 
әлемдік нарықтағы өзіне қауіп төндіруші ретінде қарап, соған сәйкес шаралар қолданды. 
Дүниежүзіндегі білім беру жүйесі дағдарысты бастан кешіруде. Қоғамның қатал 
еңбек бөлінісіне негізделген білім берудің дәстүрлі әдісі өз мүмкіншіліктерін жоққа 
шығарды. Қоғамдық жіктеліс, өндірістің төмендеуі, кажетті қаржыландырудың болмауы 
білім беру дағдарысын үдетуде. Алайда оқу адамдардың қоғамдануының,тұрақтануының 
факторы болып қала береді. Білім берудің гуманизациясы дүниежүзінің басқа да қазіргі 
жаһандану проблемаларымен байланысты әлемдік проблема ретінде қарастырылады. 
Әлемнің әлдеқайда дамыған елдеріндегі оқу дағдарысына тез ауысатын технологиялардың 
бәсекелестігі себеп болып отыр. 
Заманауи білім жүйесінің талабы қоғамды тек керекті біліммен қамтамасыз етіп қана 
қоймай, қоғамдық құндылықтарды нығайту, ұлғайту, гуманизм мен азаматтықтың 
жағдайларын кеңейту өзекті мәселе етіп қойылуда. Бұл үдеріс үздіксіз жүреді, адамның 
әлеуметтену іске асырудың барлық кезеңінде жүзеге асырылады. 
Білімнің жаңа философиялық-әлеуметтанулық парадигмасы бірнеше шарттарға 
жауап беруі керек: 
1) Біздің қоғамның полимәдениеттілік тәжірибесін ескеру. 
2) Білім беру жүйесінің замана тенденцияларға сай келуі. 
3) Әлемнің дәстүрлі тәжірибесімен шамалас болу. 
Полимәдениетті қоғам жағдайында Қазақстанның ғылыми және педагогикалық 
зиялылары тәрбиелеуші оқыту моделінің таңдауында тұрып қалды. Тәрбиелеу мен оқытудың 
теориясын іздеу тек педагогика мамандары үшін ғана емес – бұл жалпы ортақ әлеуметтік 
мәселе. Қазақстанның тұрақты дамуына әлеуметтену үшін қандай жағдайлар жасалатынына 
байланысты балалар мен жасөспірімдердің жеке бағының неге бағытталатынына 
байланысты. 


473 
473 
Қазақстанда әлемдік дүниетанымдық плюрализм қалыптасты, бірақ әзірге құндылық 
жүйенің концептуалды өлшемі жоқ, өйткені дүниетанымдық, құқықтық мәдени нормалар әлі 
де қалыптасып бітпеген, олар қалыптасу сатысында тұр. 
Республикада гуманистік педагогика кеңінен таралуда, ол бойынша бала білімдік 
және тәрбиелік қызметтің мәні басты және қорытынды болып тұр. 
Батыс жаңа технологияларының үлгісін культке айналдыру маңызды мәселелердің 
бірі 
болып 
отыр. 
Бұл 
біздің 
қоғамымыздағы 
дәстүрлі 
құндылықтардың 
трансформациялануының нәтижесі. Бұның білім мен мәдениет моделдеріне бірдей қатысы 
бар. 
ХХІ ғасырдың өркениетті даму перспективаларына сай білім беру жүйесінің жаңа 
үлгілерін іздеу адамзат дамуымен тығыз байланыста қарастырылады. 
Қазақстан Республикасының білім жүйесінің мақсаты білім сапасын қамтамасыз 
етуде тиімді жұмыс істейтін ұлттық үлгісін құру, ол өз кезегінде қоғамды жоғары білікті 
кадрларға деген қажеттілігін қамтамасыз етеді. Концепцияда білімнің міндеттері, құрылымы 
және мазмұны көрсетілген. Ондағы көрсетілген түрлендірулер халықаралық білім кеңістігіне 
интеграциялануға бағытталған. Концепция келесі негізгі ойлармен өкпектелген (4): 
– білім сапасын қадағалау; 
- білім ашық жүйе ретінде; 
– оқытуды ұйымдастырудың жаңа принциптері; 
– нәтижеге бағыт-бағдар ұстау; 
– жалпы және кәсіби білімнің арақатынасы. 
Бүгінгі таңда ақпарат және білім қоғамның дамуыныда стратегиялық ресурсы ретінде 
көрініс тапты. XXI ғасыр зияткерлік индустриямен, инновациялық технологиялармен 
ерекшелінеді. Егер біз бұл үрдістің шеткі аймағында қалғымыз келмесе, біздің ақпараттық-
коммуникативтік кеңістігіндегі білім беру барысының стереотиптерін есте ұстау қажет. 
Білім берудің екінші деңгейінде мамандарды дайындау нақты тапсырыс беруші үшін 
немесе нақты қызмет түрі үшін шешілетін болады. Осымен байланысы бұл деңгейді 
бітірушілер өздерінің болашақ жұмыстарының ерекшелігін ескеріп, тереңдетілген жалпы 
ғылыми, жалпы 
теориялық және арнайы білім алады, ол батыс білім жүйесінің инженері немесе магистры 
сияқты дипломды маманның квалификациялық деңгейіне сәйкес келеді. 
Технологиялық өндірістің және инженер – техникалық қызметкер функционалдық 
ерекшеліктерінің көп жақтылығын ескеріп, екінші деңгейдегі білім беру оқылатын кәдері 
мен дайындық көлемі бойынша индивидуалдануы тиіс. 
Қазақстандық білім беруі ұйымдылық-құрылымдық және нормативтік - құқықтық 
мәселелерді шешіп, білім беруді реформалаудың жаңа кезеңіне өтті. «Білім туралы» жаңа Заң 
қабылағаннан кейін ЮНЕСКО ұсынысы бойынша Халықаралық білім стандарттарының 
классификациясына сай үлгі жұмыс істейді. Қазақстандық білім берудің заманауи даму 
кезеңі 2030 ж. білім стратегиясында көрсетілген стратегиясына бағыт-бағдар ұстанған(5). 
Жоғарғы білімнің қоғамның заманауи талаптарына сай болуын қамтамасыз ету үшін 
экономика, ғылым, мәдениет, әлеуметтік саланың дамуына тікелей әсер ететінін ескеріп 
оның білім беру және ғылыми зерттеу міндетін, функцияларын қайта қарау керек. 
Мемлекеттің және оның мүдделерінің, қоғамдық құрылымдардың, кәсіпкерлердің, бүкіл 
қоғамның тұрақты экономикалық дамуын, адам өмірінің деңгейін және сапасын көтерілуде, 
ұлттық қана емес әлемдік мәселерді шешудегі рөлінің маңыздылығын қайта қарауы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет