«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет214/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Токаманов Ю.К. Тенденции человеческого развития. – Алматы, 2001. 
2. Сериков Э.А Система высшего технического образования Казахстана: 
движение по спирали – Алматы, «Ақ Шағыл».2015. 
3. Долженко О. Сорбонская и Болонская декларации: информация к 
размышлению // Вестник высшей школы. 2000. №6. С. 19-21. 


474 
474 
4. Концепция развития системы образования Республики Казахстан 
// Білім–Образование. – 2004. – № 1. 
5. 2011-2020 ж.ж. арналған Қазақстан Республикасының Білім беруді 
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы // "Егемен Қазақстан" 2010 ж. 
14 желтоқсан, № 529-532. 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ 
 
Қабылда Жанбота Ерболқызы 
Астана қаласы, Гуманитарлық колледжі 
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – 
үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше 
тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны 
қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, 
барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация 
мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге 
талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация 
мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге 
қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби 
шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа 
формация мұғалімі - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық 
, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, 
ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- 
адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Нәтижеге 
бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар 
мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың 
кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік 
арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның 
нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру 
мақсаттарына байланысты қалыптасып отыр. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен 
потенциалдық 
мүмкіндіктермен 
келеді.Сондықтан 
олардың 
функционалдық 
сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру 
үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық 
процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің 
қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы 
мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке 
ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған 
білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша 
ұйымдастыру - оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы 
мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім 
жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті 
тұр. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында 
мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен 
меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, 
ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны 
атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін 
оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену 
және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, 


475 
475 
халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру 
жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін 
арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін 
дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен 
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.Осыған байланысты қазіргі таңда 
еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен 
жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы 
жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. 
Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, 
зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті 
мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – 
мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге 
қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге 
бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі болып 
табылады.
12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар) 
сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші 
– (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, 
ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды 
негізге алады. Бұлардан басқа да толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға 
ауысудың басқа да әдістерін табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл осы 
мақсатта арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «12-
жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы 
қарым-қатынас 
құралдарының 
қарыштап 
дамуына 
байланысты 
жаңа 
адамды 
қалыптастыруды көздеген заман талабы.Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық 
технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті 
адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. 
12 жылдық оқытудағы басты мақсаты 
— қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; 
— өзін-өзі дамытуға; 
— өз ойын еркін айта білуге; 
— өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім; 
— жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру. 
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог 
кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 
12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп 
көрсетілген. 
1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. 
2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. 
3.Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін 
қолдана білу қабілеті. 
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -
өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді
күнделікті оқу үрдісінде берілетін 
тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан 
тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ 
педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім 
қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып 
шығуы - бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі 
болашақ мұғалім - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып 


476 
476 
ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, 
білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы 
күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті 
оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке 
тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар 
жатады:бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, 
елжандылық, т.б); 
·мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының 
мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); 
· оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, 
ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу); 
·коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, 
мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас 
дағдылары болуы); 
·ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық 
обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте 
білуді жүзеге асыра білу қабілеті); 
· әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, 
шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес 
ықпал ете білу қабілеті); 
·тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси 
қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті). 
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы 
әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан-жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің 
кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы 
тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын 
жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен 
айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты 
дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай 
дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль 
атқарады. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi 
мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм 
таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi 
айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, 
объективтiк қатынастарды қалыптастырады. 
Кәсіптік бастауыш білім беру. 
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі 
кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар 
үшін - 4 жылға дейін болады. 
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім 
беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің 
түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) 
даярлауға бағытталған. 
Кәсіптік орта білім беру 
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында 
конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта 
білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 
3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар 
азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім 
алуына болады.Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен 
ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. 


477 
477 
Кәсіптік жоғары білім беру 
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, 
институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады. 
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім.
Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым 
кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға 
мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. 
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру 
Жұмысшылар мен мамандардық басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды 
қайта даярлау арнаулы білім асыру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу 
орталықтарында ұйымдастырылады. 
Қосымша білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және 
басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті 
өкімет басқару органдары бекітеді. 
Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және 
адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған 
үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі 
халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне 
негізделіп іске асырылады.Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды 
жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін 
тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, 
имандылыққа тәрбиелеу болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет