753
753
ОРТА ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ АҚЫЛ – ОЙ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ
ЖОЛДАРЫ
Такирова Кази Уахиткызы
№ 102 Айсұлу» балабақшасы, КМҚК, Қарағанды қаласы
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудің
жаңаша сапалық деңгейін көтеру. Ол үшін ең алдымен адам баласына тән; өмірге аса қажетті
қасиеттердің негізі отбасы мен балабақшадағы үзіліссіз тәрбиеден бастау алу арқылы
қаланатынына баса назар аударған жөн.
Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты қалыптастырудың негізгі бір саласы –
ақыл-ой тәрбиесі. Тәрбиелік тәлімді бала бойына сіңірудің дер кезі, нақты мезгілі өткізіп
алынса, онда одан кейінгі берілетін өнегенің ақылдың санаға қонуы қиын да күрделі. Абай
атамыз айтқандай «қолымды мезгілінен кеш сермедімнің» кері болмасы үшін, қазақтың
халық даналығына сүйеніп, «баланы үйрет, үйретейін кезінде» деп келіп айтқан әмірлі сөзін
әрқашан ойда ұстауға тиістіміз.
Бала – балғын тал да, үлкендер – бағбан болуы барлық халықтың ғасырдан – ғасырға
жалғасын тауып келе жатқан қағидасы десек, сәби жанын небір білім нәрімен суару – оны
өсіруші, тәрбиелеуші әрбір үлкеннің өмірлік мұраты. Бала тәрбиесімен шұғылданатын
ұстаздар оның жан дүниесін, психикалық көңіл-күйін аңғарып, тәрбиені соған қарай
бағыттауы қажет. 5 – 6 жастағы балалардың ойы-қиялы өте жүйрік, есте сақтау қабілеті
жоғары келеді. Осыған орай оқу – тәрбие жұмыстарын баланың жас ерекшелігіне қарай
жүргізу қажет.
Орта топтың балалардың ойлау әрекетін оқу материалының мазмұны арқылы,
балалардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асары
сөзсіз[1].
Ойлау – сынау емес, шындалған ойлау. Ойлау орта адамдарға, жоғарғы оқу
орындарының оқушыларына немесе мектеп оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс
түсінік емес. Бүлдіршіндердің де бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму
деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақтар, түрлі
тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Қазір бұл мәселе тіпті мемлекеттік деңгейге дейін
көтеріліп отыр. Болашақ ұрпақтың санасын, ақыл-ойын дамытуға жан-жақты атсалысу
қажет. Әсіресе бүлдіршіндерді балабақшада тәрбиелеу жұмысында жүзеге асыру керек.
Сана жоғары болмаса, сапа болмайтындығы ақиқат. Сондықтан біз, ұрпақ тәрбиешілері
болашақта ұландарымыздың зерделі, саналы, ақыл-ойы мол азамат болуы үшін жауаптымыз.
Дамыған елдерге тәуелді болып қалмау ақпараттандыру мен жаһандау дәуірінде
саналы көзқарасқа, ділге және ақпараттық даму деңгейіне байланысты. Бүкіл дүние жүзі
ортақ ақпараттық кеңістікте өмір сүруде, сонымен бірге әлем халықтары өміріне
ғаламдастыру процесі келді. Ғаламдық даму көшкінінен қалыспас үшін білім үнемі озық
жүруі тиіс. Білімді реформалау жағдайында, аса маңызды шешуді қажет ететін міндет
білім сапасын жетілдіру, тәрбиелеу және дамыту болып табылады. Осы себептен де білім
берудегі жеке тұлғаға зейін қою проблемасы ұлғаюда, яғни олардың білімді игеруі мен
біліктілігін, дағдысын қалыптастыру, белсенділігін көтеруге баса назар аудару керек.
Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани
байлығы мен мәдинеттілігі, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылықты, кәсіби біліктігі мен
бейімділігі қажет етіледі. Бұл жөніндегі: мектеп жасындағы балаларды тәрбие
тұжырымдамасында: “Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз және күрделі процесс. Әр бір
балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекеті, қабілеті бар
екенін ескере отырып, төмендегі міндеттерді жүктейді[2]:
-
балалардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру;
-
олардың ақыл-қабілетін, дидактикалық дүние танымын қалыптастыру;
754
754
-
өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке бастарының қабілеттерін дамытып, оның
қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу;
-
балалардың қабілетін арттыруға жан-жақты жағдай жасау – көрсетілген.
Күллі адамзаттың жаратқан иесінің ең негізгі еншісі – ақыл. Сондықтан оның байлығын,
ерлігі мен өнерін, жүріс-тұрысын, көзімен қолын, аяғы мен басын, - бәрін де ақыл билеуі
керек.
Педагогикалық ойлар қазақ халқының рухани – мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде
көне ғасырдан бері қалыптасып келіп, педагогиканың ғылыми дәрежесіне жетті. Қазақ халқы
үшін педагогикалық ойлардың дамуының бетбұрыстық сипат алып биікке көтерілуі үлкен
беделдік емеспе. Ақыл-ой тәрбиесінің дамуына еңбегін сіңірген, маңызды үлес қосқан
педагогтың бірі Абай Құнанбаев. Ұлы ойшыл – бала тәрбиесіндегі ақылдылық, қабілеттік
ойлампаздық қасиеттерінің маңызын ашып көрсетті.
Оқыту кезінде ақыл-ойды дамыту керек екендігін, онсыз білім алуға болмайтындығын
өте дұрыс көрсетеді. Ойлау мен қиялдауды дамыту айырмашылығы дүниені, құбылыстар
мен заттарды жан – жақты терең танып білуге мүмкіндік береді. Ақылды адам заттармен
құбылыстардың сырын ашып, одан дұрыс ой қортындыларын жасай алады. Бала болсын,
үлкен болсын өзінің “білім сақтайтын сауыты” болып табылатын өз еркін тәрбиелеуге тиіс.
Ақыл-ойдың дамуы дегеніміз – баланың жасына байланысты оқыту мен тәрбиелеу
әсерінен, тәжірбие жинақтауынан оның ақыл-ой әрекетінде болатын сандық және сапалық
өзгерістердің жиынтығы. Ақыл-ойды дамытудың шарты – балалардың сан- қилы іс-
әрекетінің тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, адамдардың қарым-қатынасы,
тілді меңгеруі, қабылдауымен түсінуі, берілетін білім сапасы. Міне, осылардың бәрі баланың
жан-жақты жетілуіне мүмкіндік береді.
Сонымен ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз балаға мақсат көздей ықпал етіп, оның айналадағы
дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз ету, табиғатқа, қоғамға, адамдарға
дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру.
Орта топтың балалары күн сайын жаңа құбылыстармен, заттармен кезігеді, айнала өмірді
бақылап, өздігінен игерген білімі мен түсініктері жүйесіз, кейде таяз, қате болады. Сол
себептен педагогтың міндеті – баланың білім қорының бірізді молаюына, бірте-бірте, ретпен
жүйелі жинақталуына көмектеседі. Бала айналадағы заттар оның сапасы /түсі, түрі,көлемі/,
қолданылатын орны, қасиеттері /сынуы, жыртылуы, қаттылығы, жұмсақтағы, бұзылуы/
қандай заттан жасалатындығы жайлы нақты түсінік алу керек. Сондай-ақ кейбір табиғат
құбылыстары туралы, олардың өзара байланысы, заңдылықтары, өсімдіктердің,
жәндіктердің , жануарлардың дамуы танып-білу, бақылау және түйсінгеніне жеңіл тиетін
қоғамдық құбылыстармен оқиғаларымен, адамдардың еңбегімен, мерекелерімен, республика
астанасы Астанамен т.б. таныстыру арқылы балалардың дүние, қоғам, табиғат, отан туралы
түсініктері қалыптасады.
Орта топтағы балаларға қойылатын талаптар бұдан да күрделірек. Балаларды жалпы
әңгімеге қатысуға, көрген-білгенін байланыстыра әңгімелесуге баулу ұсынылған тақырыпқа
әңгіме құрастыра білу, сөйлесуде, әңгімелесуде грамматикалық тұлғаларды дұрыс қолдауға
үйретеді. Балалар тәуліктің бөліктерін, аптаның күндерін, жыл-мезгілдерін, оның өзгеруін,
құбылыстарын түсінеді. Балалардың сөздік қорында заттың сыр-сипатын танытатын
жалпылағыш сөздер де орын ала бастайды[3].
Заттың атын үйретумен қатар қандай материалдан жасалғанын кімнің қалай істігенін де
түсінеді. Балалардың есі мен ойының дамуына байланысты шығармашылық қиялы дамиды.
Бұл жастағы балаларға нақты және бейнелі ойлау тән. Осының негізінде абстракциялық
ойлауын дамыту керек. Тәрбиеші балалардың құбылыстарды терең түсінуіне, мәнді
жақтарын ажырата білуіне мүмкіндік тудыратын талап жинақтап ойлау әрекетін
қалыптастырады.
Балабақшадағы жиі пайдаланатын екі түрлі педагогикалық тәсіл бар:
- үйрету мен ойланту – тәрбие әдістерінің негізін құрайтындығын бәріміз жақсы білеміз.
Әсіресе, бала тәрбиесіндегі ойланту маңызының маңызы ерекше. Мектепке дейінгі бала
755
755
тәрбиесімен айналысатын тәрбиешілер мен педагогтар, ата-аналар балалармен жылдың қай
мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда ойланту әдісіне
баса көңіл бөлулері қажет. Жас ұрпақтың түйсік, қабылдау, ес, қиял, ой және тіл сияқты
танымдық психикалық процестерін дамыту – ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі.
Ақыл-ой тәрбиесінің басты мақсатының бірі – жас ұрпаққа мақсат көздей отырып, оның
айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін, білім негіздерін қамтамасыз
ету, табиғатқа қоғамға, адамдарға деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру.
Орта бала айналасындағы заттарды атайды, не үшін қажет екенін ой қорытындысынан
өткізеді. Көбіне үш жастан былай бала дамылсыз «Мынау не?, Бұл неге жарайды?, Мынау іс
не үшін былай істеледі?» деген сияқты сұрауларды қоя береді. Міне, осы сұраулар балаларда
ойлау қабілетінің болатынын көрсетеді. Бірақ, балаланың ойлауы терең ойлау емес. Бала
дидукция бойынша жалпыдан жалқыға, ал индукция бойынша жалқыдан жалпыға ой
жүгіртуді білмейді. Бала аналогия бойынша ойлайды. Ойлау жанның өте бір қиын ісі. Ойлау
балаларға өте ауыр болады. Сондықтан тәрбиеші балаланың ойлауын өркендеткенде
сақтықпен, басқыштап іс істеуі керек.
1. Балаланың жанында дұрыс әсерленулер және ашық суреттердің көп болуына жағдай
жасау қажет. Бала суреттеулер бойынша ойлайды.
2. Бала заттарды, көрістерді ұқсас сындары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін. Яғни,
оны жеңіден ауырға үйрету әдісі арқылы іске асыруға болады.
3. Орта бала көріністердің, ойлардың аралығындағы байлавмды және олардың қайсысы-
қайсысына себеп екенін біліп үйренсін.
Адам жанының ақылы арқылы баланың жалпы ақыл-есіне көз салсақ, ақыл-ісі біртіндеп
басқыштап өркендейді. Орта топ балаларының ойлауын дамыту материалын талдау негізінде
жүзеге аспақ. Ойлаудың дұрыс дамуында көрнекілік құралдардың әсері басым болады.
Мұнда балалар нақтылы заттарға немесе оның дәл баламаларына бейімделуге сүйенеді.
Мұндай талдауды кейде практикалық әсерлі немесе сезімді деп атайды. Балалардың ой-
қорытулары көрнекі алғы шарттарға, практикалық қабылдау деректеріне сүйенеді.
Қорытынды жасау логикалық дәлелдеулер негізінде емес пісірілудің қабылдаған
мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асады. Балалар фактілерді бақылап, балалар
тиісті қортындылар жасай алады.
Ақыл-ой тәрбиесі арқылы балалардың қоғамдық өмірге, табиғатқа жалпы көзқарасы
дамиды. Ақыл-ой әрекеті толық цикілінің проблемалық пайда болуынан проблеманың
шешілуіне дейін мынадай кезеңдері болады:
-
Проблемалық ситуацияның пайда болуы;
-
Проблеманы – сұрақты қою және оны қиыншылық мәніне жете түсіну;
Проблеманы оқыту процесінде тәрбиеші сұрақ қояды, түрлі тапсырмалар беріледі.
Бұлардың барлығы проблеалық ситуацияны туғызады. Осының нәтижесінде бала сұраққа
жауап беруге немесе проблеманы шешуге тырысады. Ойлау мәнінің өзі елеулі және жалпы
белгілерді бөле білуде. Бұл жалпы және елеулі белгілерді бөле отырып дәл осы сәтте
қабылданатын жеке заттың дара өзгешелігі болып табылатын кездейсоқтық, оның ерекше
көлемі, ойлау келешекте баланың оқиғаларды зерттеуіне мүмкіндік береді. Бұрын естіген
әңгіме, көрген мультфильмдер ой елегінен өтеді. Сөйтіп, бала бұрын елемеген
байланыстарды байқайды. Ал сұрақтар қоя білу, қиялдаудың ең жоғарғы сипаты және ол
нәтижелі ойлауда негізгі роль атқарады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын
дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |